Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі N 164 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 мамырда N 3366 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 наурыздағы № 93 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 02.03.2016 № 93 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi № 371 "Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Б. Сейтқановқа жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Зайнулдин

  Үржар ауданы әкімдігінің 
2014 жылғы " 21 " сәуірдегі
№ 164 қаулысына қосымша

Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар

№ р/с

Ауыл атауы

Көшпелі саудаға белгіленген орындар

1
Бақты
Алтынсарин көшесіндегі "№ 1а" дүкенінің маңында
2
Бестерек
Ардагерлер көшесіндегі "Шолпан" дүкенінің маңында
3
Келдімұрат
Школьная көшесіндегі жеке кәсіпкер "Б.Исмаилова" дүкенінің маңында
4
Қабанбай
Қабанбай көшесіндегі № 163 үй мен "Болашақ" демалыс үйінің ортасында
5
Қарабұлақ
Найманбай және Ұлы Отан Соғысы ардагерлері көшелерінің қиылысында
6
Қарабұта
Абай көшесіндегі "Сарқыт" дүкенінің маңында
7
Қарақол
Әзербаев көшесіндегі № 7 екі қабатты үй мен "Жансая" дүкеннің ортасында
8
Таскескен
Балғабаев көшесіндегі жеке кәсіпкер "Т.Абылкасымов" дүкенінің маңында
9
Үржар ( 20 шілдеден-15 қазанға дейінгі мерзімде көкөніс сатуға арналған маусымдық орын)
"Дастархан" автобус аялдамасы маңында
"ДЭУ" автобус аялдамасы маңында
Абылайхан даңғылы бойындағы "Артур" сауда үйінің аумағының маңында
Абылайхан даңғылы бойындағы "Швабские колбаски" дүкенінің маңында
"Комхоз" автобус аялдамасының маңында
Абылайхан даңғылы бойындағы күнделікті "Қуаныш" базарының алдында
Сейфуллин және Титова көшелерінің қиылысындағы автобус аялдамасы маңында
Абылайхан даңғылы бойындағы Крупская атындағы мектеп пен "Ақжан" дүкенінің ортасында
Абылайхан даңғылы бойындағы "Саят" пен "Сағидолла" дүкендерінің маңында

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады