Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шемонаиха ауданының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 65 қаулысы күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірде 3861 нөмірімен тіркелген, "ЛЗ-Сегодня" газетінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 18 санында жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының басшысы Л.Е. Марченкоға жүктелсін.
Шемонаиха ауданының әкімі | А. Тоқтаров |