"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3971 "Орал қаласы бойынша 2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4223 тіркелген, 2016 жылғы 21 қаңтардағы "Жайық үні - Жизнь города" газетінде және 2016 жылғы 20 қаңтардағы "Пульс города" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Сатыбалдиевқа жүктелсін.
Қала әкімі | Н. Төреғалиев |