1. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 сәуірдегі № 2-12 "Аудандық мәслихат сессияларының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" шешіміне 2016 жылғы 20 мамырдағы "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Қаратөбе аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Ж. Жангазиев) осы шешімнің көшірмесін Батыс Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ұсынсын және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім қол қойылған күннен қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Жұмағалиев |
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Сүйеуғалиев |