Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 357 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 94 "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3851 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі "Сырым елі" газетінде жарияланған) және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтар № 12 "Сырым ауданы бойынша 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4266 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 наурызда "Сырым елі" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы М. Хасановқа жүктелсін.
      Аудан әкімі А. Шыныбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады