"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 367 бұйрығы.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 тамызда жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесінде:

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өнімді өткізгені үшін бақылауды жүзеге асыру";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Комитеттің төрағасы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

      1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының,облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларының, мамандандырылған кеден мекеме басшыларының, ішкі қауіпсіздік бөлімшелері басшыларының міндетін және өкілеттігін анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады:

      Комитеттің жұмыскерлерін және қызметкерлерін;

      облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларының орынбасарларын;

      қалалар-облыс орталықтары, Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының басшыларын;

      мамандандырылған кеден мекемелерінің басшыларын;

      облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің экономикалық тергеу қызметінің басқармаларының басшыларын;

      облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің басшыларын және қызметкерлерін;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, оның аумақтық органдары және мамандандырылған кеден мекемелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде штаттық кестені бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іссапар, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, Төраға орынбасарларына, Комитеттің жұмыскерлері мен қызметкерлеріне, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларына, мамандандырылған кеден мекемелері басшыларына үстемеақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

      7) құзыреті шегінде Комитеттің нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне қол қояды;

      8) Комитеттің заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;

      9) Комитетті барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитеттің Төрағасы жоқ болған уақытта оның міндеттерін Комитеттің Төрағасы айқындаған орынбасарларының бірі атқарады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады