Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 09.04.2019 № 1-449 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласы әкімдігінің атқарушы органдарының ережелерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысына 5-қосымшаға осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін.
2. "Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмелерін баспа және электрондық түрде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы "Әділет" министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Әкім | Б. Сұлтанов |
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 504-1768 қаулысына қосымша |
"Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар
"Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Сарыарқа даңғылы, № 13.";
16-тармақ мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) тыныс-тіршілік, тіршілікті қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері бойынша халықтың мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру, оның ішінде өтініштерді қабылдау және өңдеу;
15) құқық бұзушылықтарды анықтау және өңдеу, жедел және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл жасау;
16) Астана қаласының аумағында орталықтандырылған бейнебақылау жүйесін, сымсыз деректер жіберу желісін ұйымдастыру және жедел және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл жасау;
17) жаңа әлеуметтік объектілер құрылысымен байланысты абаттандыру объектілерін салуды немесе қайта жаңартуды ұйымдастыру;
18) ортақ пайдаланылатын жерлерде көпжылдық екпелер бар көгалдандыру объектілерін салу, қайта жаңарту және абаттандыру бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
19) абаттандыру объектілері мен жасыл көпжылдық екпелерді күтіп-ұстау, қорғау;
20) объектілерді пайдалануға берген күннен бастап, Астана қаласының коммуналдық меншігіне және/немесе түпкі пайдаланушыға берген сәтке дейін күтіп-ұстау;
21) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына мемлекеттік серіктес ретінде қатысу;
19) инновациялық технологияларды енгізу және энергияны үнемдеу жөніндегі жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру;
23) ) Астана қаласының коммуналдық меншік объектілерін жобалау, салу және пайдалануға енгізу мерзімдеріне бақылау жүргізу;
24) ақшалай өтемақы төлеу мүмкіндігімен жаңа әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылым объектілерін көтеру үшін жер учаскелерін алып қою немесе босату (жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен) бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
25) Астана қаласының аумағында жаңа әлеуметтік нысандардың салынуымен байланысты жаңа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (электрмен, жылумен жабдықтау, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз, газ құбырлары, автомобиль жолдары, көгалдандыру және абаттандыру және басқалары) объектілерін салу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
26) жаңа әлеуметтік объектілер салу, оларды қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
27) Астана қаласының әлеуметтік мұқтаждықтары үшін жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
28) автомобиль жолдарын, көпірлер мен өтпелерді, кірме жолдарды, жаяу жолдарды, алаңдарды, жасанды құрылымдарды және жол инфрақұрылымының басқа да тұрғызылатын және/немесе жаңадан салынатын объектілерін салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
29) Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары үшін құны аз тауар-материалдық құндылықтарды, көлік, техникалық, технологиялық қызметтерді, Астана қаласының коммуналдық меншігі мен ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ғимараттарды пайдалану бойынша табиғи монополиялар қызметтерін орталықтандырылған сатып алу есебінен мемлекеттік сатып алуды жүргізуді оңтайландыру және рәсімдерін оңайлату бойынша жұмысты ұйымдастыру;
30) жобалауды, салуды және пайдалануға енгізуді ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау және белгіленген бюджет пен мерзім шеңберінде инвестициялық жоба мақсаттарына жету үшін жобаларды басқару үшін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
31) өз бетімен немесе бөтен мамандарды тарта отырып, объектілерді жобалау тапсырмасын жасау;
32) Басқармаға бағынысты ведомстволық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органы функцияларын жүзеге асыру.";
27-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Басқармаға бағынысты кәсіпорындар тізбесі:
"Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.".