Астана қаласы әкімдігі атқарушы органдарының ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысы. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 1-449 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 09.04.2019 № 1-449 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы, "Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 232/26-VI шешіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) "Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-қосымшаға сәйкес;

      2) "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 2-қосымшаға сәйкес

      3) "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 3-қосымшаға сәйкес;

      4) "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 4-қосымшаға сәйкес;

      5) "Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 5-қосымшаға сәйкес;

      6) "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 6-қосымшаға сәйкес;

      7) "Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 7-қосымшаға сәйкес;

      8) "Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 8-қосымшаға сәйкес;

      9) "Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 9-қосымшаға сәйкес;

      10) "Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 10-қосымшаға сәйкес;

      11) "Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 11-қосымшаға сәйкес;

      12) "Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 12-қосымшаға сәйкес;

      13) "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 12-қосымшаға сәйкес;

      14) "Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 14-қосымшаға сәйкес;

      15) "Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 15-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне осы қаулының көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. 16-қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.О. Жакеновке жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
1-қосымша

"Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының коммуналдық мүлігін иелену, пайдалану және билік ету саласында басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде ұйымдастыратын және өткізетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      9. Басқарманың толық атауы – "Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: Астана қаласының коммуналдық мүлкін басқару, Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.

      14. Міндеттері:

      1) Астана қаласының коммуналдық мүлкін басқару;

      2) Астана қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға беру), кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) жеке және заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға беру;

      3) әкімдік айқындайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік сатып алу жоспарларына және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен әкімдікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғаларды оларды орындауына мониторингі;

      5) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі аукциондарды өткізу;

      6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      7) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормаларын сақтау;

      8) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      9) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және көтермелеу кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) Астана қаласының коммуналдық меншігіне бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны коммуналдық заңды тұлғаларға бекітуді жүзеге асыру;

      2) мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне қабылдау-тапсыруды жүзеге асыру;

      3) жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардан сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болуы бойынша рәсімдерді жүргізу;

      4) жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншiкке айналдырылған (келіп түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      5) әділет органдарында коммуналдық меншік объектілерінің меншік және жедел басқару құқығын тіркеу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;

      6) мемлекет бақылайтын мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар (бұдан әрі – АҚ) мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ЖШС) даму жоспарларының орындалуын бақылау және талдауды жүзеге асыру;

      7) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға коммуналдық мүлікті есептен шығаруға келісім беру;

      8) әкімдіктің шешімі бойынша Басқарма АҚ акционері және ЖШС қатысушысы, сондай-ақ ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті мемлекеттік органы болады;

      9) әкімдіктің атынан уәкілдік етуге байланысты АҚ жалпы жиналыстарын басқару органдарына, ЖШС байқау кеңестеріне мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру;

      11) Астана қаласының коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, кейiннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) және сенiмгерлiк басқаруға беру;

      12) Астана қаласының коммуналдық мүлкін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда өтеусіз пайдалануға беру;

      13) әкімдік айқындайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асыру;

      14) мемлекеттік сатып алу жоспарларына және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен әкімдікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың оларды орындауына мониторингі;

      15) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі аукциондарды өткізу;

      16) МЖӘ жергілікті жобалары бойынша МЖӘ шарттарын жасау;

      17) МЖӘ шарттарының негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдау;

      18) жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жасалған МЖӘ шарттарының тізілімін жүргізу;

      19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функциялар.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) әкімдікке Астана қаласының даму мақсаттарын, басымдылықтарын және стратегиясын анықтау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      2) әкімдік айқындайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары туралы, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің техникалық ерекшеліктерін, жобалау-сметалық құжаттамасын, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын, тартылған сарапшылар немесе сараптау комиссиясы туралы, сондай-ақ өзге де қосымша ақпаратты сұрату;

      3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және әкімдікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелерден жоспарларды, есептілікті, шарттарды, төлемдер туралы мәліметті, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша басқа да ақпаратты қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу мониторингін өткізу үшін қажетті ақпаратты сұрату;

      4) кейіннен мүліктік жалдауға (жалға беруге), кейіннен шығу және берілген объектілердің өлшемін жүзеге асыру құқығымен артық және пайдаланылмайтын Астана қаласының коммуналдық меншік объектілері туралы коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушыларынан ақпаратты сұрату;

      5) жергілікті МЖӘ жобалары бойынша жасалған МЖӘ шарттарының тізілімін жүргізу үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды басқару органдарынан сұрату;

      6) коммуналдық мүлік мәселелері жөнінде Басқарманың мүддесін білдіру және Астана қаласының аумағында оның мүліктік құқығын қорғау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотта Басқарманың мүддесін білдіру;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың бөлімдері басшыларының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлеріне көтермелеу мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

      4) Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтарға қол қояды;

      5) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;

      7) Басқарма жұмысының Регламентін бекітеді;

      8) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жөніндегі шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

      9) Басқарма қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға Басқарма басшысының бірінші қол қою құқығы бар;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      21. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      22. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
2-қосымша

"Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының халқын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік басқару қызметтерін жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Достық көшесі, № 13.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: Астана қаласының халқын нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету.

      15. Міндеттері: гендерлік теңдік қағидатына сәйкес Астана қаласының халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді беруді қамтамасыз ету.

      16. Функциялары:

      1) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық ведомствоаралық комиссиялардың жұмысын үйлестіру;

      2) еңбек нарығының жағдайын талдау және болжау;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

      4) шетелдік жұмыс күшін қолдануды реттеу жолымен ішкі еңбек нарығын қорғауды қамтамасыз ету;

      5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруға қатысу;

      6) Астана қаласында әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру;

      7) Астана қаласындағы еңбек нарығының жағдайы туралы тиісті органдарды және халықты хабардар ету;

      8) оралман мәртебесін беру;

      9) оралмандарды уақытша орналастыру орталығында этникалық көшіп-қонушылардың уақытша болуы үшін жағдайлар жасау;

      10) атқарушы билік органдарымен бірлесіп – әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

      11) мүгедектер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соларға теңестірілген адамдар, тыл еңбеккерлері, саяси қуғын-сүргін құрбандары, көп балалы отбасылар, оралмандар және жасы бойынша зейнеткерлер жөнінде деректер банкін қалыптастыру;

      12) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру;

      13) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      14) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету;

      15) кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі тұлғаларға қатысты, сондай-ақ олардың мүліктеріне және сот шешімімен хабар-ошарсыз кеткендер мен қайтыс болғандардың мүліктеріне қатысты қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын жүзеге асыру;

      16) халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық, жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету, уақытша болу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды үйлестіру және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдау;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен төлеу және жергілікті бюджет қаражаты есебінен өзге әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;

      18) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу;

      19) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес Басқарма қатысуы міндетті істердің жекелеген санаттары бойынша соттарға қатысу;

      20) мына мәселелер бойынша Астана қаласы әкімдігі Тұрғын үй комиссиясының қарауына енгізілетін материалдарды дайындау:

      коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекке қою (шығару, қалпына келтіру, сақтап қалу);

      коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру;

      21) Астана қаласы әкімдігі Тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекке қою (шығару, қалпына келтіру, сақтап қалу) туралы шешім қабылдау;

      22) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлар беру мәселелері жөніндегі Астана қаласы әкімдігіне қарастыруға және бекітуге енгізілген материалдарды дайындау;

      23) коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды жүзеге асыру;

      24) коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың тізіміне түгендеу жүргізу;

      25) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезінде кезектің сақталуына және заңдылығына бақылауды жүзеге асыру;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жалға беру (жалдау) шарттарын;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру шарттарын жасау және беру;

      тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларының қатысуымен шарттарын жасау және беру;

      27) мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жалға беру (жалдау) шарттарының, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру, Басқарманың ведомстволық архивындағы басқа да шарттардың телнұсқасын беру, сондай-ақ құқығын белгілейтін құжаттарға түзетулер енгізу, мағынасын ашу;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) әлеуметтік көмекке үміткерлерден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті құжаттарды сұрату, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың растығын тексеруді жүзеге асыру;

      2) мемлекеттік органдардан, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар мен кәсіпорындардан және жеке тұлғалардан Басқармаға жүктелген функциялар мен қызметтерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталған жағдайда коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жалға беру (жалдау) шарттарын, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру шарттарын беруді уақытша тоқтатуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларды;

      расталмаған мәліметтерді берген, коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке тіркеу, тұрғын-жайды беру, тұрғын-жай ғимараттарына жалға беру (жалдау), жекешелендіру (сатып алу) шарттарын беру мәселелері және басқа да мәселелер жөніндегі құжаттарды тапсырған азаматтарды жауапкершілікке тарту туралы мәселені қоюға;

      5) Астана қаласының соттарында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінен шығаруға, тұрғын үйге меншік құқығын тану және барлық іс жүргізу құқықтарымен тұрғын үй мәселелері бойынша заңды фактісін растау, оның ішінде, талап арыздар беруге және қол қоюға, талап арызының мазмұнын өзгерту, талап арыздан жартылай немесе толық бас тарту құқығымен, талап мәнін өзгертуге, сот шешімдеріне, анықтамаларына, Астана қаласы сотының апелляциялық, кассациялық және қадағалау қаулыларына және орындауға сот актілерін ұсынуға, сот актілерінің мәжбүрлеп орындалуын талап етуге, барлық қажетті сұраныстар мен өтініштерге қол қою құқығымен жауапкерден және басқа құзыретті органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды талап етуге, арыздануға қатысты мүдделі тұлға ретінде талапкер, жауапкер, үшінші тұлға және Астана қаласы әкімдігінің мүддесін ұсыну;

      6) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарлары мен Басқарма бөлімдері басшыларының, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының, басшылардың орынбасарларының және бас бухгалтерлердің міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      2) Басқарма басшысының орынбасарларын, қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, басшылардың орынбасарларын және бас бухгалтерлерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

      3) Басқарма басшысының орынбасарларына, қызметкерлеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына, басшылардың орынбасарларына және бас бухгалтерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) Астана қаласы әкімдігінің "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Астана қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) Астана қаласы әкімдігінің "Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) Астана қаласы әкімдігінің "Үміт" дағдарыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      7) Астана қаласы әкімдігінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      8) Астана қаласы әкімдігінің "Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      9) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарттар мен мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
3-қосымша

"Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағындағы инвестициялармен, арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА) қызметін үйлестірумен байланысты, туристік саланы, азық-түлікті, кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, сауданы, экспортты дамыту және экономиканы цифрландыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Достық көшесі, № 13.

      10. Басқарманың толық атауы – "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасы заңнамасының актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: инвестициялық және инновациялық тартымдылықты арттыру, жаппай кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, экспортты, сауданы, туризмді және қызмет көрсету саласын дамыту, азық-түлікті қамтамасыз ету және экономиканы цифрландыру арқылы елорданы жаһандық бәсекеге қабілетті қалаға айналдыру.

      15. Міндеттері:

      1) Астана қаласында қолайлы инвестициялық және іскерлік ахуалды қалыптастыру бойынша шаралар қабылдау;

      2) отандық және шетелдік инвестицияларды тарту;

      3) Астана қаласында инвестициялық өнімді қалыптастыруда салааралық үйлестіруді қамтамасыз ету;

      4) инновацияларды дамыту мен енгізуге ықпал ету, инновациялық бағыт бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

      5) АЭА, өнеркәсіпті және жаңа бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді, өз құзыреті шегінде инфрақұрылымды дамыту;

      6) келу туризмді дамыту;

      7) сауда мен қызмет көрсету саласындағы бірыңғай өңірлік саясатты жүргізу, оның ішінде азық-түлікпен қамтамасыз ету;

      8) кәсіпкерлік секторды дамыту және қолдау, Астана қаласында шағын және орта бизнес қызметіндегі әкімшілік кедергілерді жоюға ықпал ету;

      9) цифрландыру саласындағы бірыңғай саясатты салааралық үйлестіру және жүргізу, Астана қаласында сандық инфрақұрылымды құру;

      10) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      11) меншік нысанына қарамастан сауда, оның ішінде көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, стационарлық және көшпелі сауда, базарлар қызметі, қызмет көрсету саласында және тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және өз құзыреті шегінде азық-түлікпен қамтамасыз ету.

      16. Функциялары:

      1) әлеуетті инвесторларды іздестіру, оның ішінде оларды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында келіссөздер жүргізу;

      2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуға тарту;

      3) Астана қаласына инвестицияларды тарту;

      4) Астана қаласында инновацияларды дамытуға және қолайлы инновациялық экоортаны құруға жәрдемдесу;

      5) ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, жаңғыртуға және пайдалануға конкурстық құжаттаманың техникалық сипаттамаларын келісу және (немесе) сараптама өткізу, ақпараттық технологияларды әзірлеумен, енгізумен және Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) құрылымдық бөлімшелерінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін құрумен және пайдаланумен байланысты мәселелер бойынша тауарларды сатып алу және қызметті көрсету;

      6) АЭА қызмет ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;

      7) АЭА қатысушыларын тарту;

      8) АЭА қатысушыларының есебін жүргізу;

      9) АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды жасасу және бұзу, шарттар талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу және мониторинг деректерін талдау;

      10) АЭА қатысушылары есептерінің негізінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен АЭА қызметінің нәтижелері туралы есептілікті уәкілетті органға ұсыну;

      11) инфрақұрылым объектілерін салу және АЭА өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту;

      12) бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асыруды үйлестіру;

      13) "Астана – жаңа қала" АЭА құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың нақты тұтынылуын растау;

      14) Астана қаласының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;

      15) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасау және Астана қаласының аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну;

      16) Астана қаласының туристік ресурстарын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;

      17) Астана қаласының аумағында туристік саланың қызметін үйлестіру;

      18) туристік ағынның өсуіне әсер ету бөлігінде әкімдік өткізетін мәдени, спорттық, медициналық, білім беру және басқа да іс-шараларды келісу;

      19) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес Астана қаласы бойынша туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      20) гидтерді (аудармашы гидтерді) кәсіптік даярлауды ұйымдастыру;

      21) Астана қаласында туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      22) өз құзыреті шегінде МЖӘ жергілікті жобасының тұжырымдамасын, конкурстық құжаттамасын және шарт жобасын әзірлеу;

      23) өз құзыреті шегінде МЖӘ жергілікті жобаларына қатысты конкурс немесе тікелей келіссөздер ұйымдастырушысы болу;

      24) өз құзыреті шегінде МЖӘ жергілікті жобалары бойынша МЖӘ шарттарын жасасу;

      25) өз құзыреті шегінде МЖӘ шарттарының және МЖӘ жергілікті жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу;

      26) Астана қаласының шағын және орта кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту және қолдау бойынша мониторингті жүргізу;

      27) кәсіпкерлікті қорғаудың әкімшілік-құқықтық нормалары мен дамытуды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      28) шағын және орта бизнестің басым бағыттарындағы жобаларды қаржыландыру және кредиттеу мәселелері бойынша екінші деңгейлі банктермен және қаржы институттарымен өзара байланыс жасау;

      29) өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік субъектілеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      30) бәсекелес ортаны қалыптастыру;

      31) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды, жүйені қалыптастырушы кәсіпорындарды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін дамыту;

      32) азық-түлік тауарларын сатушылардың бәсекелестік ортасын кеңейту (жәрмеңкелер, коммуналдық сауда объектілерінің санын көбейту);

      33) сауда инфрақұрылымын дамыту;

      34) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаны алу;

      35) Астана қаласының Үдемелі индустриалдық даму жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      36) әкімдік жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      37) ауылшаруашылық өндірушілердің тұтынушылар нарығына қолжетімділігі үшін қолайлы жағдай жасау;

      38) азық-түлік жай-күйіне, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағасына және нарығына мониторинг жүргізу;

      39) ішкі және сыртқы азық-түлік нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      40) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;

      41) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында сауда объектілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      42) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру;

      43) "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы

      6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу;

      44) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша: тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша; Астана қаласы үшін – элиталық тұқымдар бойынша жыл сайынғы квоталарды айқындау;

      45) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету;

      46) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және меншік нысандарының барлық ұйымдарымен, соның ішінде шетелдіктермен меморандумдар (келісімдер) әзірлеу және жасау;

      47) өз құзыреті шегінде мемлекеттік атқарушы билік органдарымен және ұйымдарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

      48) Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша келіп түсетін құжаттарды қарау және олар бойынша тиісті ақпарат және талдамалық материалдар дайындау;

      49) мемлекеттік қызмет стандарттарына және регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

      50) жүзеге асырылып отырған қызмет саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, жобалар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу, оларды Астана қаласының әкіміне қарауға енгізу;

      51) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      52) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген өзге де функцияларды, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) орталық мемлекеттік органдарынан және олардың аумақтық бөлімшелерінен, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен және басқа да ұйымдардан белгіленген тәртіпте осы Ережемен белгіленген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді және материалдарды сұрату және алу;

      2) орталық мемлекеттік органдарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің және басқа да ұйымдардың басшылары мен мамандарын тартумен Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер өткізу;

      3) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыру үшін Басқарма ғылыми-экономикалық кеңестер, комиссиялар және басқа кеңесші органдар құра алады;

      4) әкімдікке реттелетін қатынастар мәселелері бойынша, Астана қаласының даму мақсаттарын, басымдықтарын айқындау және оларды әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің орындауын бақылауды жүзеге асыруы туралы ұсыныстар енгізу;

      5) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрату және алу;

      6) Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бөлігіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдары әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      7) ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, жаңғыртуға және пайдалануға конкурстық құжаттаманың техникалық сипаттамаларын келісу, сараптама өткізу, ақпараттық технологияларды әзірлеумен, енгізумен және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін құрумен және пайдаланумен, соның ішінде ұсыныстар берумен байланысты мәселелер бойынша тауарларды сатып алу және қызметті көрсету;

      8) Басқарма қызметі мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиялардың жұмысына қатысу;

      9) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған тұлғаларға қатысты шаралар қолдану үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға материалдар жолдау;

      10) шағым жасау, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер болу;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      12) инвестициялық қызметпен байланысты объектілерді салу кезінде жаңа технологиялар енгізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру, ақпараттық семинарлар өткізу;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел басқарудағы мүлікті иелену, пайдалану және иелік ету;

      14) АЭА аумағындағы мемлекеттік уәкілетті органдардан және шаруашылық жүргізуші субъектілерден белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты, лауазымды адамдардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты, анықтамаларды, құжаттарды сұрату және алу;

      15) Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша ведомствоаралық кеңестер шақыру;

      16) мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетел және отандық сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;

      17) мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және отандық сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарта отырып, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс топтарын және комиссиялар құру;

      18) жергілікті атқарушы биліктің өзге мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      19) ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      20) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістер шақыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындалады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарларының және Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      2) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      4) Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Басқарманы ұсынады.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.

4. Басқарманың мүлкi

      23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

      Басқарма мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
4-қосымша

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында жолаушылар көлігі, автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқармаға егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: жолаушылар тасымалын, көлік инфрақұрылымын дамыту, реттеу және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      15. Басқарманың міндеттері:

      1) автомобиль және басқа көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) жол қызметінің және қалалық көлік пен байланыстың барлық түрлерінің тиімді жұмыс істеуі саласындағы қызметті үйлестіру;

      3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

      4) Астана қаласында автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

      5) бжергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық, қалалық және қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;

      2) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және қала маңындағы тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;

      3) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келісу;

      4) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауларды ұйымдастыру;

      5) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзу;

      6) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

      7) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi тәсімін және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;

      8) жолаушыларды қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

      9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;

      10) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      11) әуежайларда, вокзалдарда, сауда үйлері мен базарларда, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктерінде), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз ету;

      12) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуін жүзеге асыру;

      13) мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша транзиттік автомобиль көлігі қозғалысының тәсімі мен тәртібін айқындау;

      14) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру;

      15) астананың қоғамдық көлігінде қолданылатын тарифтік саясатты әзірлеу;

      16) Астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлеу;

      17) астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      18) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      19) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      20) Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      21) астана көшелерiнде жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз ету;

      22) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

      23) қала құрылысы құжаттамасында аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бөлімінің болуын қамтамасыз ету;

      24) зияткерлік көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге маманданушы ұйымды құру;

      25) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру;

      26) мыналар:

      1) қоғамдық көлікті дамытуды және жол жүрісін ұйымдастыруды ескере отырып, елді мекендердің бас жоспарының іс-шараларын әзірлеу, қабылдау және орындау;

      2) қаланың жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруіне әртүрлі шектеулер енгізу арқылы жол жүрісін ұйымдастырудың арнайы аймақтарын белгілеу;

      3) жол жүрісін ақпараттық қамтамасыз ету арқылы көліктік жүктемені азайту жөнінде шаралар қолдану;

      27) жолдарда жол жүрісін қалпына келтіру үшін жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жою;

      28) қала маңындағы теміржол жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау;

      29) төтенше жағдайлар туындаған кезде теміржол тасымалын уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

      30) әлеуметтік мәні бар қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;

      31) қала маңындағы қатынастарды айқындау;

      32) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алу;

      33) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер беру;

      34) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Астана қаласы әкімдігінің және әкімінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      35) Қазақстан Республикасының Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру;

      36) Астана қаласының көшелері мен автомобиль жолдарының желісін басқару;

      37) Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

      38) жол-көлік инфрақұрылымы объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру мерзіміне бақылау жасауды жүзеге асыру;

      39) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

      40) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттерi:

      1) Басқарма қызметімен аралас мәселелер бойынша орталық және жергілікті органдар әзірлеген Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік актілерінің жобалары жөнінде ұсыныстар енгізу;

      2) Астана қаласының басқа атқарушы органдары дайындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      3) мемлекеттік органдардан және ұйымдардан құзыреті шегінде ақпарат сұрату;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел басқарудағы мүлікке ие болу, пайдалану және жұмсауды жүзеге асыру;

      5) құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      6) автомобиль жолдарын, көпірлер мен жолөткелдерді, жүру жолдарын, тротуарларды, алаңдарды, жасанды орын-жайларды және Астана қаласы жол инфрақұрылымының өзге де объектілерін салу және реконструкциялау келешегін анықтау;

      7) Астана қаласының жол инфрақұрылымы объектілерін салуға, реконструкциялауға және жөндеуге арналған құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орнатылатын жолаушыларды отырғызу мен түсіру пункттерін безендіруді және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      10) автобустар мен шағын автобустар қозғалысының белгіленген кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      11) авиациялық оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссияға жан-жақты жәрдем көрсету;

      12) әуе кемесiн iздестiруді және құтқаруды жүргiзуде кез келген мүмкiн болатын көмектерiн көрсетуге мiндеттi және iздестiру-құтқару органдары келгенге дейін адамдарды құтқару, оларға медициналық және басқа да көмек көрсету, сондай-ақ әуе кемесiн және оның бортындағы құжаттаманы, жабдықтар мен мүлiктi күзету жөнінде қажеттi шараларды қолдану;

      13) әуе кемелерiнiң апатқа ұшырауы жөнінде өздерiне белгiлi болған барлық жағдайлар туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе жақын маңдағы әуеайлаққа дереу хабарлау;

      14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      15) меншік нысанына қарамастан, заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттілігі:

      1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      2) Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

      3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      4) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау және ол үшін жеке жауап береді;

      5) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті құқықтық актілер шығарады;

      6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді.

      Басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      22. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарма қарамағындағы кәсіпорындар:

      1) Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының "Есіл-Астана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      2) "№ 1 Автобус паркі" акционерлік қоғамы;

      3) "Астана LRT" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      4) "LRT құрылысы жөніндегі дирекция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
5-қосымша

"Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) экологиялық құрылыс технологияларын дамыту, құрылысқа инвестициялар тарту, Астана қаласының инфрақұрылымын регенерациялау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарманың егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Сарыарқа даңғылы, № 13.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 30.10.2018 № 504-1768 қаулысымен.

      10. Басқарманың толық атауы: "Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: қалалық ортаның сапасын арттыратын объектілерді құру мен аумақты регенерациялаудың озық стандарттарын енгізу.

      15. Міндеттері:

      1) құрылыс технологияларын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыру мақсатында жобалардың өмірлік цикліндегі барлық кезеңдерде басқарудың заманауи әдістерін енгізу;

      3) мемлекеттік сатып алудың ашықтығын және тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын ұстану;

      5) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда және жылжытуда гендерлік теңгерімнің нормаларын сақтау.

      16. Функциялар:

      1) тәуекелдерді (саяси, экономикалық) модельдеуді және талдауды негізге ала отырып, қалалық жобаларды бастамашылық ету;

      2) ұзақ мерзімді инвестициялар жоспарын дайындауға және іске асыруға қатысу;

      3) бюджеттік инвестициялық жобалардың жоба алды сатысында әзірлеуге қатысу;

      4) Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі жаңа және қолданыстағы объектілерді салу, технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (демонтаждау);

      5) Астана қаласы әкімдігінің коммуналдық мүлігін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мүлігін пайдалану және қызмет көрсету;

      6) инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

      8) Басқарманың қызметіне қатысты келісімшарттар жасасу;

      9) жасалған шарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қаржыландыру;

      10) мердігерлік ұйымдардың келісімшарт міндеттерін орындауды қамтамасыз ету және бақылау;

      11) салынған объектілерді пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      12) қайтарымды негізде бөлінген қаражатты есепке алуды және қайтаруды қамтамасыз ету;

      13) мемлекеттік мұқтажы үшін бюджет және/немесе басқа қаражат есебінен қаржыландырылатын коммуналдық және/немесе басқа меншіктегі объектілерді салу және реконструкциялау мақсатында ескі және/немесе тиімсіз жылжымайтын мүлік объектілерін бұзу арқылы жер учаскелерін босату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      14) тыныс-тіршілік, тіршілікті қамтамасыз ету және қауіпсіздік мәселелері бойынша халықтың мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру, оның ішінде өтініштерді қабылдау және өңдеу;

      15) құқық бұзушылықтарды анықтау және өңдеу, жедел және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл жасау;

      16) Астана қаласының аумағында орталықтандырылған бейнебақылау жүйесін, сымсыз деректер жіберу желісін ұйымдастыру және жедел және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл жасау;

      17) жаңа әлеуметтік объектілер құрылысымен байланысты абаттандыру объектілерін салуды немесе қайта жаңартуды ұйымдастыру;

      18) ортақ пайдаланылатын жерлерде көпжылдық екпелер бар көгалдандыру объектілерін салу, қайта жаңарту және абаттандыру бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      19) абаттандыру объектілері мен жасыл көпжылдық екпелерді күтіп-ұстау, қорғау;

      20) объектілерді пайдалануға берген күннен бастап, Астана қаласының коммуналдық меншігіне және/немесе түпкі пайдаланушыға берген сәтке дейін күтіп-ұстау;

      21) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына мемлекеттік серіктес ретінде қатысу;

      19) инновациялық технологияларды енгізу және энергияны үнемдеу жөніндегі жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру;

      23) ) Астана қаласының коммуналдық меншік объектілерін жобалау, салу және пайдалануға енгізу мерзімдеріне бақылау жүргізу;

      24) ақшалай өтемақы төлеу мүмкіндігімен жаңа әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылым объектілерін көтеру үшін жер учаскелерін алып қою немесе босату (жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен) бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      25) Астана қаласының аумағында жаңа әлеуметтік нысандардың салынуымен байланысты жаңа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (электрмен, жылумен жабдықтау, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз, газ құбырлары, автомобиль жолдары, көгалдандыру және абаттандыру және басқалары) объектілерін салу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      26) жаңа әлеуметтік объектілер салу, оларды қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      27) Астана қаласының әлеуметтік мұқтаждықтары үшін жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      28) автомобиль жолдарын, көпірлер мен өтпелерді, кірме жолдарды, жаяу жолдарды, алаңдарды, жасанды құрылымдарды және жол инфрақұрылымының басқа да тұрғызылатын және/немесе жаңадан салынатын объектілерін салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      29) Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары үшін құны аз тауар-материалдық құндылықтарды, көлік, техникалық, технологиялық қызметтерді, Астана қаласының коммуналдық меншігі мен ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ғимараттарды пайдалану бойынша табиғи монополиялар қызметтерін орталықтандырылған сатып алу есебінен мемлекеттік сатып алуды жүргізуді оңтайландыру және рәсімдерін оңайлату бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      30) жобалауды, салуды және пайдалануға енгізуді ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау және белгіленген бюджет пен мерзім шеңберінде инвестициялық жоба мақсаттарына жету үшін жобаларды басқару үшін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      31) өз бетімен немесе бөтен мамандарды тарта отырып, объектілерді жобалау тапсырмасын жасау;

      32) Басқармаға бағынысты ведомстволық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органы функцияларын жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 30.10.2018 № 504-1768 қаулысымен.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер, анықтамалар, құжаттар сұрату және алу;

      2) құрылыс, абаттандыру саласындағы нормаларды, қағидаларды, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну;

      3) Астана қаласының соттарында талапкер, жауапкер, үшінші тұлға және мүдделі тұлға ретінде Басқарманың мүддесін білдіру;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарға ие және міндетті болу.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеу және марапаттау мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      4) Басқарманың қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтарға қол қояды;

      5) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      7) Басқарманың жұмыс регламентін бекітеді;

      8) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қабылдайды және осыған дербес жауапты болады;

      9) Басқарманың қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарда Басқарма басшысының бірінші қол құқығына ие;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      22. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      23. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      24. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көздеген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқармаға бағынысты кәсіпорындар тізбесі:

      "Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 30.10.2018 № 504-1768 қаулысымен.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
6-қосымша

"Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы мемлекеттік бақылауды және тұрғын үй қорын басқару саласында оған берілген өкілеттіктер шегінде лицензиардың функцияларын, еңбек, жерді пайдалану және қорғау, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік басқару функцияларының орындалуын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек, Жер, Кәсіпкерлік кодекстеріне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Газ және газбен жабдықтау туралы", "Электр энергетикасы туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Ветеринария туралы", "Өсімдіктерді қорғау туралы", "Өсімдіктер карантині туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарманың егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Достық көшесі, № 13.

      9. Басқарманың толық атауы – "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Астана қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Басқарманың миссиясы:

      1) ведомостволық бағынысты аумақта, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде азаматтардың заңды құқықтарының бұзылуының алдын алу;

      2) Астана қаласы жерлерінің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды барынша тиімді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік саясатты дамыту және жетілдіру;

      3) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, газбен қамту, газды тұтыну жүйелері саласында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде қазандық қондырғыларын жабдықтауда, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қорындағы) жинақталған көтеруші құрылғыларды (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын қадағалау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) Астана қаласының аумағында ауыл шаруашылығы, ветеринариялық бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      14. Міндеттер:

      1) Астана қаласының аумағында салынып жатқан объектілерге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      2) Астана қаласының аумағында лицензиялауды, аттестаттауды және аккредиттеуді жүзеге асыру;

      3) Астана қаласының жер ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4) жұмыстардың учаскелерін тексеру, қалалық аумақты ашу бойынша бұзылған абаттандыруды қалпына келтірілуін бақылауды жүзеге асыру;

      5) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      6) гендерлік отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      7) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау;

      8) еңбек, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, тұқым өсіру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      9) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция;

      10) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау.

      15. Функциялар:

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету;

      2) салынып жатқан объектілерде олардың салыну сапасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы мемлекеттік, сондай-ақ мемлекетаралық нормативтердің сақталуына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру;

      3) жеке және заңды тұлғалармен жобалау-іздестіру, сараптамалық, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      4) объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушілердің техникалық қадағалау, жобаларды әзірлеушілердің авторлық қадағалау және мердігерлердің (бас мердігерлердің) қадағалау қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      5) құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталуы туралы хабарламада көрсетілген деректердің анықтығын белгілеу бойынша тексеруді жүргізу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді және сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік талаптарды бұзушыларға тиісті шаралар қолдану;

      7) хабарламаларды қабылдау туралы берілген талондарға, қол қойылған келіспеушілік актілерге, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы келіп түскен хабарламаларға талдау және есеп жүргізу;

      8) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілердің сапасын бақылау;

      9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиар функцияларын жүзеге асыру;

      10) лицензия және лицензияға қосымша берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау;

      11) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде тексерудің нәтижесі бойынша лицензиялау нормаларын бұзушыларға тиісті шаралар қолдану;

      12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

      13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шараларын жүргізу;

      14) жүргізілген тексерістердің нәтижесі бойынша әкімшілік жазалауды қолдану туралы қаулыны шығару;

      15) мыналарға:

      мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;

      жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуге;

      жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;

      жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қайта қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;

      жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылардың жердің бар-жоғы, олардың жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға уақтылы беруіне;

      жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын үй және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына;

      жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясының, сортаңдану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердің тозуын туғызатын басқа да үдерістердің салдарын болғызбау және жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

      межелік белгілердің сақталуына;

      жергілікті атқарушы орган уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына;

      бүлінген жердің қалпына келтірілуіне;

      жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақталуға және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын немесе пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару;

      17) егер құрылыс, пайдалы қазбалардың орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген тәртібін бұза отырып жүзеге асырылған болса, сондай-ақ егер жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды берілген жобалар бойынша жүргізілген жағдайда, оларды тоқтату;

      18) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын анықтау мен жою және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласында мемлекеттің мүддесін қорғау;

      19) Астана қаласының шегінде сыртқы (көрнекі) жарнаманың мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылау;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) жарнамасын жасау, тарату, орналастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын бақылау;

      21) әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      22) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында бақылауды жүзеге асыру;

      23) құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдеріне, мерзімдеріне және сапасына сәйкестігі үшін белгіленген мерзімде ақаулардың жойылуын бақылау;

      24) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық тексеруді ұйымдастыру;

      25) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін айқындау;

      26) кондоминиум объектісінің басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстардың сметасын келісу;

      27) кондоминиумның ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

      28) тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      29) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде және көтеруші құрылғыларда (лифттерде, эскалаторларда, фуникулерлерде) қазандық қондырғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      30) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару бойынша есептің бар-жоғына тексеру жүргізу;

      31) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi тұрғын үй (тұрғын ғимарат) пайдалануға берілген кезден бір ай мерзімде кондоминиум объектiсiн басқару нысаны туралы өзара шешімге келмеген жағдайда – үш ай мерзімге кондоминиум объектісін басқару органының функцияларын жүзеге асырушы қызмет көрсететін ұйымды айқындау;

      32) қазандық пен жылу желілерінің (магистралды, орамішілік) жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу;

      33) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдардың қаралуын жүзеге асыру;

      34) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының бұзушылықтары бойынша сотқа жүгіну және оларды қарау кезінде сотқа қатысу;

      35) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      36) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;

      37) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      38) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

      39) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарға аттестаттау жүргізу;

      40) еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау;

      41) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлер мен олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарау;

      42) өндiрiстiк объектiлердiң еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингiн жүзеге асыру;

      43) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға мерзімді есептердi, сондай-ақ еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жөнiндегi ақпараттық жүйе базасында еңбекті қорғау мен еңбек қауiпсiздiгiнің жай-күйi мониторингiнiң нәтижелерiн ұсыну;

      44) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажеттi ақпаратты беру;

      45) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;

      46) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      47) уәкілетті органмен келісім бойынша Астана қаласының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;

      48) Астана қаласының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

      49) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

      50) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру;

      51) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;

      52) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;

      53) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

      54) Астана қаласының шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      55) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

      56) Астана қаласының шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      57) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

      58) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан: ішкі сауда объектілерінде; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда); ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда; олардың экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, Астана қаласының шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша; тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, бағдарларда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      59) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      60) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

      61) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;

      62) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      63) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

      64) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      65) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      66) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;

      67) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;

      68) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

      69) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      70) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      71) Астана қаласының жергілікті өкілді органына бекіту үшін Жануарларды асырау қағидаларын, Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      72) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      73) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

      74) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

      75) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

      76) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;

      77) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн бекiту;

      78) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;

      79) өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      80) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      81) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;

      82) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрату және алу;

      83) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлеу;

      84) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;

      85) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;

      86) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      87) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;

      88) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;

      89) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      90) Астана қаласы бойынша тұқымдар теңгерімдерін жасау;

      91) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;

      92) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;

      93) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту тәсімдері мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;

      94) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      95) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру;

      96) "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу;

      97) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:

      тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;

      Астана қаласы үшін – элиталық тұқымдар бойынша айқындау;

      98) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

      99) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

      100) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      101) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде: субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын; тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру;

      102) мыналар: пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау); пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу; пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;

      103) зиянды организмдермен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      104) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      105) ветеринария және өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      106) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      107) Астана қаласының аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеулі іс-шараларды немесе карантинді белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

      108) Астана қаласының аумағында туындаған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеулі іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

      109) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізуді қамтамасыз ету;

      110) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      111) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;

      112) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      113) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      114) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету;

      115) арнаулы сақтау орындарын (көмбелерді) салу, ұстау және тиісті жай-күйде сақтау;

      116) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып тiркеу, қайта тіркеуден өткізуді жүзеге асыру;

      117) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;

      118) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

      119) тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;

      120) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

      121) Басқарманың мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау;

      122) өтініш берушілердің құжаттарын қабылдау және қарау;

      123) құқықтық мәселелерді қарау кезінде Басқарманың мүддесін сотта және өзге де органдарда ұсыну;

      124) азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, өз құзыреті шегінде азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау;

      125) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық ведомоствоаралық комиссиялардың жұмысын үйлестіру;

      126) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізу;

      127) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      16. Құқықтар мен міндеттер:

      1) Басқарма құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелері бойынша жедел шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасқа түсу;

      2) меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен кәсіпорындардан Басқармаға жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратқа, құжаттар мен материалдарға сұрау салу және алу;

      3) Басқарма қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы субъектілерінен салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратқа сұрау салу және алу;

      5) танысу үшін тапсырыс берушілерден аталған құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушы құжаттамаларын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптамалық қорытындысын алуға сұрау салу және алу;

      6) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз кіру және онда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарына жедел инспекциялауды жүргізу;

      7) бақылау және қадағалаудың өзге нысандарын жүзеге асырған кезде объектілерге бару;

      8) жол берілген бұзушылықтарды анықтаған кезде Басқарманың функционалдық міндеттеріне сәйкес орындауға міндетті нұсқама шығару;

      9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының белгіленген талаптарын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

      10) сотта талапкер және жауапкер болу;

      11) нұсқаманың талаптарын орындамаған жағдайда азаматтық және әкімшілік іс жүргізу тәртібінде: нұсқаманың талабын мәжбүрлеп орындау туралы, нұсқаманың талабын орындағанға дейін қызметін тоқтату және тыйым салу туралы талап қою;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шеңберде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау және істерді қарау;

      13) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру;

      14) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға, құрылыс объектілеріне кедергiсiз кіру, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың меншiгіндегi және пайдалануындағы жер учаскелерін тексеру, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектілер алып жатқан жер учаскелерін оларға кiрудiң белгіленген режимін ескере отырып, тексеру;

      15) жерге құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұру;

      16) құқықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін сақтау;

      17) жұмыс берушілермен орындау үшін міндетті нұсқамалар, қорытындылар беру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулы жасау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалар қолдану;

      18) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұру (тыйым салу);

      19) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салу;

      20) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау жасау үшін алу;

      21) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

      22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау беруден, білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беру;

      23) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысу;

      24) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргізу;

      25) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асыру;

      26) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу;

      27) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдарды жіберу;

      28) Қазақстан Республикасының еңбек қатынастары саласындағы заңнама талаптарын сақталуына белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде тексерулер жүргізу және өзге де нысандағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      29) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізу;

      30) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар ету, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;

      31) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;

      32) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтау, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беру;

      33) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тексеруге қатысу;

      34) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

      35) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасу;

      36) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

      17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары (орынбасарлары) болады.

      20. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды, жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      2) Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      4) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапкершілік алады;

      5) өз құзыреті шегінде Басқарманың қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтарды шығарады;

      6) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың әзірленуін бақылайды;

      7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады, оны бұзу фактілерін қарайды және өз құзыреті шегінде олар бойынша шешімдер қабылдайды;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманы ұсынады;

      9) әкімшісі Басқарма болып табылатын төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      10) Басқарманың бөлімдері туралы ережені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

      21. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, Басқарманың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      24. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгеше көзделмесе Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана ветсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) "Өркен қала" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
7-қосымша

"Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласы бойынша мемлекеттік саясат және дін саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқармаға егер Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: елорданың этникааралық және конфессияаралық келісім саласындағы Астана қаласының қоғамдық-саяси тұрақтылығын нығайтуға, елорда тұрғындарының әлеуметтік оңтайлы көңіл-күйін қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын қолдау мен дамытуға, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттігін арттыруға, Астана қаласының діни бірлестіктерімен өзара iс-қимыл және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру және конфессияаралық келісімді нығайту, бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру.

      15. Міндеттері:

      1) қоғамдық-саяси және әлеуметтік қатынастар, ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жастар, тіл саясаты, туризм және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаcында жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдарының бірыңғай стратегиясын және келісілген өзара іс-қимылын қалыптастыру;

      2) саяси партиялардың және қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметтері туралы қажетті ақпаратты жинақтау және дайындау;

      3) рұқсат етілмеген наразылық акциялардың алдын-алу және қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      4) алынған деректер негізінде елордадағы қоғамдық-саяси ахуал туралы талдамалы баяндамалар, есептер және қызметтік жазбалар әзірлеу;

      5) саяси партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметі саласында тәжірибелік ұсынымдарды, негізгі бағыттарды қалыптастыру;

      6) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Астана қаласы әкімінің (бұдан әрі – әкім) казақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін сақтауға, Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын сақтауға бағытталған саяси бағытын жүзеге асыру;

      7) әкім үшін тоқсан сайын реформалық курсты, "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" (бұдан әрі – "Қазақстан-2050" стратегиясы), "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және насихаттау жөніндегі шаралар туралы жиынтық ақпаратты дайындау;

      8) елорданың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы, мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қызметі туралы қоғамдық пікірлерге мониторинг;

      9) муниципалды мәселелерді анықтау, ұсынымдарды жасау, талдамалы баяндамаларды дайындау;

      10) "Қазақстан-2050" стратегиясы, Бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын және Елбасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да стратегиялық құжаттарының іске асырылуын идеологиялық қамтамасыз ету;

      11) жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік басқару жүйесінің іске асырылуына жағдай жасау;

      12) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтының тұрақты дағдыларын қалыптастыру, жастар арасында азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу;

      13) жергілікті мемлекеттік органдардың жастар саясаты саласындағы қызметін үйлестіру;

      14) жастар ұйымдарының қызметін талдау және мониторинг жүргізу;

      15) Астана қаласының аумағында мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде қалалық, республикалық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

      16) жастар ұйымдарына ұйымдастырушылық, консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

      17) мәдениеттер пен діндер диалогының жаңа нысанын іздеу арқылы Астана қаласындағы ішкі саяси тұрақтылық пен этникааралық келісімді нығайту;

      18) діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      19) діни бірлестіктердің, діни білім беру ұйымдарының, миссионерлердің қызметі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын іске асыру саласындағы процестерді талдау мен нәтижелерін жинақтап қорыту, жан-жақты және объективті зерделеу;

      20) конфессияаралық қатынасты нығайту және дін саласында жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдарының бірыңғай стратегиясын қалыптастыру және келісімді қызмет ету;

      21) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде тиімді бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

      22) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа күрес заңнамаларының нормаларын сақтау;

      23) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру.

      16. Функциялары:

      1) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да заңнамалық актілерін, Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) қаулыларын, әкімнің өкімдері мен шешімдерін, Басқарма басшысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      3) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу, тұжырымдамалық құжаттарды дайындауға қатысу;

      4) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      5) Басқармадағы іс-қағаздарын жүргізу жағдайын қамтамасыз ету және бақылау;

      6) "Айқын" жобасы мен "Электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесі" электрондық құжатайналымы қағидаларына сәйкес жұмысты ұйымдастыру;

      7) Астана қаласының әлеуметтік жарнамасы мен сыртқы безендіру жағдайын қамтамасыз ету және орындалуын бақылау;

      8) мемлекеттік мерекелер, маңызды оқиғалар мен тарихи күндерге арналған іс-шараларға орайластырылған сыртқы безендіру мен әлеуметтік жарнаманы орналастыру бойынша қызметті іске асыру;

      9) қоғамдық-саяси қарым-қатынастарды реттеуде Астана қаласы билігінің барлық тармақтарымен өзара әрекет ету қағидаттарын қалыптастыру;

      10) Астана қаласының аумағындағы саяси партияларға, қоғамдық-саяси ұйымдарға және олардың филиалдарының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу;

      11) саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және олардың филиалдарымен өзара іс-қимыл жасау, Астана қаласының аумағында қоғамдық ұйымдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;

      12) саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін талдау жолымен қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайының ортақ беталысын анықтау және болжау;

      13) бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге рұқсат беру жөніндегі өтініштерді қарастыру, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеу;

      14) қоғамдық орындарда (саябақтар, шағын гүлбақтар), мәдениет ескерткіштері мен монументтерге, ғимараттарға, құрылыстарға іргелес аумақтарда, сондай-ақ Астана қаласының көшелерінде бұқаралық-мәдени іс-шаралар өткізуге өтініштерді қарастыру;

      15) Басқарма құзыреті шеңберінде рұқсат етілмеген наразылық акцияларының алдын-алу және болжау;

      16) әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

      17) Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысының жыл сайынғы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу;

      18) Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы туралы жариялық-насихаттық басылымдар дайындау;

      19) ішкі саяси процестерге тұрақты мониторинг барысында алынған ақпаратты талдау;

      20) қоғам тіршілік әрекетінің барлық негізгі бағыттары бойынша нақты ұсынымдар жасау;

      21) мемлекеттің идеологиялық міндеттерін орындау аясында Астана қаласының ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерін әдістемелік материалдармен ақпараттық қамтамасыз ету, тұрғындармен кездесу арқылы ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізу;

      22) алынған мәліметтер негізінде талдамалық баяндамалар, есептер және жазбалар дайындау;

      23) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асыру;

      24) халық бірлігін сақтау, қоғамда саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бойынша конституциялық қағидаттарды бекіту;

      25) қоғамдық-саяси, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен келісілген өзара іс-қимылдың бірыңғай бағдарламасын іске асыру;

      26) Астана қаласының аумағында әрекет ететін үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне ұдайы мониторингті жүзеге асыру;

      27) үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау және олармен Астана қаласының аумағында өткізілетін іс-шараларға қатысу;

      28) үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы туралы қажетті ақпаратты үнемі сұрау және талдау;

      29) үкіметтік емес ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсынымдар қалыптастыру;

      30) азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;

      31) жақын және алыс шет елдерінің тәжірибесін зерделеу және діни бірлестіктермен өзара iс-қимыл саласында халықаралық және аумақтық байланысты кеңейту;

      32) елордадағы діни ахуалды, әдебиеттерді, діни мақсаттағы заттарды зерделеп, оған талдау жүргізу;

      33) елордада құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының, қайырымдылық мекемелер мен қорлардың қызметін зерделеп, оған талдау жүргізу;

      34) уәкілетті органға діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      35) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      36) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      37) әкімдіктің діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту жөніндегі актілерінің жобасын әзірлеу;

      38) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу;

      39) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімді келісу;

      40) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізу;

      41) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеу;

      42) азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын іске асыру саласындағы орын алған процестерді зерделеу мен нәтижелерін жинақтап қорыту және талдау;

      43) конфессиялық саясатқа қауіптерді болжау және бейтараптандыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу, мемлекеттік органдарды әдістемелік қамтамасыз ету;

      44) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңеспен өзара iс-қимыл жасау;

      45) "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптардың орындалуын бақылау;

      46) Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, кейіннен оларды сот органдарына беру;

      47) дін саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу мәселелері бойынша мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, діни конфессиялар, жастар, қоғамдық және басқа да бірлестіктермен өзара байланысты жүзеге асыру;

      48) діни бірлестіктер басшылығымен миссионерлік қызмет, діни әдебиеттерді тарату, ғибадат ғимараттарынан тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуы, діни ахуалға мониторинг жүргізу, миссионерлерді есепке алу мәселелері бойынша өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету;

      49) толеранттық және конфессияаралық келісімді нығайту саласында ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      50) жастар ұйымдарымен, саяси партиялар мен этно-мәдени бірлестіктердің жастар қанаттарымен қарым-қатынасты жүзеге асыру;

      51) білім беру және тәрбиелеу жүйесі ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;

      52) Астана қаласының аумағында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және оны іске асыру;

      53) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) әкімдік пен Астана қаласының мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

      2) әкім және әкімдіктің Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

      3) жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің нәтижесі бойынша сараптамалық, талдамалық және жиынтық жұмыстарды жүргізу, ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарастыру;

      4) Қазақстан Республикасының конституциялық қағидаттары мен заңнамаларын сақтау саласындағы тиісті атқарушы билік органдарымен жұмыс жүргізу, қоғамдық-саяси, насихаттау топтарымен өзара іс-қимылда қоғамдағы шиеленіс жағдайларының алдын алу;

      5) әкімге реформалар курсын, "Қазақстан-2050" стратегиясын, Бағдарма және басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды (оның ішінде Астана қаласы аудан әкімдерінің қызметін бағалау жүйесіне сәйкес) түсіндіру және насихаттау барысы туралы жұмысты үйлестіру және талдамалық анықтамалар дайындау;

      6) қалалық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық-ойын-сауық іс-шараларына қатысу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің Қазақстан Республикасы жастар саясаты саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеріс жүргізу;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарманың жұмысын басқаруды жүзеге асырады;

      2) өз орынбасарлары мен Басқарманың бөлім басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      3) Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;

      4) Басқарма қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қолданады;

      5) бұйрықтарға қол қояды;

      6) Басқарманың құрылымын және бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      7) Басқарманы барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда ұсынады;

      8) жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;

      9) Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын орындамағаны үшін жеке жауапкершілік алады;

      10) Басқарманың жұмыс регламентін бекітеді.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.

      22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Elorda Aqparat" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2) Астана қаласы әкімдігінің "Астана жастары" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
8-қосымша

"Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      7. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      8. Мемлекеттік мекенің толық атауы – "Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      12. Басқарманың миссиясы:

      Астана қаласының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және халықтың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша бірыңғай ұлттық саясатқа сәйкес халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

      халықтың денсаулығын қорғау және нығайту, аурулардың және жарақаттардың алдын алу, белсенді өмір сүру ұзақтығын және қоғамның күштерін біріктіру арқылы еңбекке қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды жандандыру және іске асыру.

      13. Міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында қалалық денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесіне қол жеткізу мақсатында халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін және сапалылығын ұйымдастыруды жетілдіру және дамыту;

      2) кәсіби медициналық дайындықты жетілдіру және ел ішінде, шетелде отандық денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және жетекші шетелдік мамандарды тарту, сондай-ақ медицина саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы Астана қаласының денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті кадрлық әлеуетін құру;

      3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету жұмысын жандандыру және алғашқы медициналық буын рөлін күшейту;

      4) азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына деген ортақ жауапкершілігін қалыптастыру;

      5) халықтың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық қарым-қатынастың бірыңғай ұлттық саясатын іске асыру;

      6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормаларын сақтау;

      7) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңдік нормаларын сақтау.

      14. Функциялары:

      1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру – денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;

      3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      4) Басқарманың бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі функциясын жүзеге асыру;

      5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушілерді таңдау және олардың шығындарын өтеуді жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асыру:

      амбулаториялық деңгейде – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес;

      стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде;

      7) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру;

      8) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      9) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз ету;

      10) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына беру;

      12) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      13) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру және үйлестiру;

      14) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастыру;

      15) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар ету;

      16) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

      17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асыру;

      18) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды жүзеге асыру;

      19) мемлекеттік органдармен және өзге де заңды тұлғалармен денсаулық сақтау саласында қызметтердің ақырғы нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар, келісімдер және басқа де актілер жасасу және іске асыру;

      20) Басқарманың қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

      21) ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын қарау, келісу және бекіту және олардың орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыру және талдау;

      22) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешілік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) аясында өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру;

      23) денсаулық сақтау саласында МЖӘ тұжырымдамасын және жергілікті жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу және бекіту;

      24) денсаулық сақтау саласында МЖӘ жергілікті жобалары бойынша МЖӘ шарттарын жасасу;

      25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес медициналық және фармацевтикалық қызметті, сондай-ақ есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымы саласындағы қызметті лицензиялау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      26) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      27) Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету;

      28) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің жоспарлануын қамтамасыз ету;

      29) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді алу үшін тұрақты тұратын елдімекеннен тыс жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына ел ішінде жол жүру ақысын Астана қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес төлеуді жүзеге асыру.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату және денсаулық сақтауды дамыту мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрау және алу;

      3) заңды тұлғалармен Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша келіссөздер жүргізу және келісімдер мен меморандумдар жасасу;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;

      5) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметтеріне бақылау, мониторинг және жоспарлы және жоспардан тыс негізде, қажет болған жағдайда Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен, басқа мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан құзыретті тұлғаларды келісім бойынша тартумен тексеру жүргізу;

      6) қажет болған жағдайда денсаулық сақтаудың мемлекеттік жүйесінің мүддесін қорғау;

      7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту және оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамту бойынша шаралар қабылдау;

      8) денсаулық сақтау жүйесі қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының және әкімнің басқа да нормативтік және құқықтық актілерінің талаптарын сақтау;

      9) меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар жүзеге асыратын халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру, сондай-ақ оның сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету;

      10) рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      16. Басқарманы басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарманың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;

      2) өз орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін ынталандырады, тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде Басқарманың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      7) Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын, тәртібін және заңдылығын қадағалауына жеке жауапкершілік алады;

      8) оның құзіретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Басқарма басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік Астана қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 1 қалалық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 2 қалалық аурухана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      3) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 1 қалалық балалар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      4) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 2 қалалық балалар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      5) Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      6) Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      7) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 3 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      8) Астана қаласы әкімдігінің "№ 4 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      9) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 5 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      10) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 6 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      11) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 7 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      12) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 8 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      13) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 9 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      14) Астана қаласы әкімдігінің "№ 10 Қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;

      15) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 11 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      16) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 12 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      17) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 13 қалалық емхана" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      18) Астана қаласы әкімдігінің "Шипагер" отбасылық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      19) Астана қаласы әкімдігінің "Ниет" отбасылық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      20) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Достық" отбасылық денсаулық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      21) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      22) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 1 перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      23) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 2 Перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      24) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 3 перинаталдық орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      25) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Онкология орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      26) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Наркология және психотерапия орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      27) Астана қаласы әкімдігінің "Астана қаласының Дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын-ала емдеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      28) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      29) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Патологоанатомиялық бюро" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      30) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жоғары медициналық колледж" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      31) Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      32) Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      33) Астана қаласы әкімдігінің "Астана қаласы Туберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      34) Астана қаласы әкімдігінің "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      35) Астана қаласы әкімдігінің "Мамандандырылған балалар үйі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі;

      36) Астана қаласы әкімдігінің "Арнайы медициналық жабдықтау базасы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі;

      37) "Стоматология" оқу-клиникалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
9-қосымша

"Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Басқармада ведомстволар жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Басқарманың орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Сарыарқа даңғылы, № 13.

      10. Басқарманың толық атауы: "Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Астана қаласының бюджетiнен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарма функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Басқарманың миссиясы: Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу саласында мемлекеттік басқару, елорда халқы үшін экологиялық тепе-теңдік пен қолайлы орта құру болып табылады.

      15. Міндеттері:

      1) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи экологиялық жүйелерге арналған шаруашылық және басқа да қызметтердің зиянды әсерін болдырмау, биологиялық әртүрлікті сақтау және табиғатты пайдалануды ұтымды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау;

      2) қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсер деңгейін төмендету;

      3) қоршаған ортаға, халықтың өмірі мен денсаулығына арналған басқару, шаруашылық, инвестициялық және басқа да қызметтермен жоспарланатын әрекеттерге талдау мен бағалау жүргізу;

      4) табиғатты пайдалануды тиімді басқару мен реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін қаланың экологиялық жағдайын жан-жақты және объективті зерделеу, қорытындылау және талдау;

      5) елорда халқының экологиялық мәдениетін арттыру.

      16. Функциялары:

      1) Астана қаласының мәслихатында кейіннен бекіту үшін қоршаған ортаның ластануына (ауаның ластауы, қалдықтарды орналастыру, сақтау және көму, ағынды сулармен ластайтын заттарды тастау) арналған төлем мөлшерлемесінің есебін құрастыру;

      2) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру және эмиссияларға лимиттер белгілеу;

      3) салық органдарына қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем жүргізушілер және салым объектілері туралы мәліметтерді дайындау және ұсыну;

      4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомствоаралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;

      5) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      6) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының қызметін атқаруды қамтамасыз ету;

      7) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органы функциясының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережемен қарастырылған құзыретке сәйкес қызмет көрсетуге тарифтерді, бағаларды келісу;

      8) қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинақтауды, тасымалдауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмысын Қазақстан Республикасы заңнамасының және үйлестіру құзыреттілігі шеңберінде жүзеге асыру;

      9) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді қамтамасыз ету;

      10) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын алыс және жақын шет елдерімен, халықаралық ұйымдармен, сонымен қатар заңды тұлға-бейрезиденттермен өзара қарым-қатынасты және ынтымақтастықты ұйымдастыру;

      11) болжамды мақсатты құжаттарды жинақтауды жүзеге асыру, басымдықтарды анықтау және табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлау;

      12) табиғатты қорғау объектілерінің құрылысын және реконструкциялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      13) табиғатты қорғау іс-шаралары, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының талаптарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шартты міндеттерді тиісінше орындамау бөлігінде Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – әкімдік) атынан талаптық арыз ұсыну және талапкер ретінде шығу;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғатты пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;

      15) қаладағы экологиялық ахуалдың жай-күйі туралы және Басқарма қызметінің басқа да бағыттары бойынша есептер дайындау;

      16) экологиялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ осы мәселелер бойынша қоғамды ақпараттандыруға бағытталған ғылыми-практикалық іс-шаралар өткізу (конференциялар, семинарлар, мәжілістер, "дөңгелек үстел" отырыстары және т.б.);

      17) тиісті аумақта орналасқан табиғи объектілердің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асыру;

      18) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      19) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

      20) экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етумен, жинақтауды, тасымалдауды, көмуді және кәдеге жаратуды қоса алғанда, тұтыну және өндіріс қалдықтарын басқару бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      21) өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару бағдарламасын келісу;

      22) қалдықтардың пайда болу көлемін азайтуға, олардың қайта немесе балама түрде пайдалану деңгейін жоғарылатуға, көмуге жатқызылатын қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған экономикалық ынталарды және іс-шаралар әзірлеу;

      23) коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жиналу нормаларын әзірлеу және Астана қаласының мәслихатына бекітуге ұсыну;

      24) жасыл желектерді есепке алу, күтіп ұстау және тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;

      25) жасыл желектермен қамтылған жер учаскелерін пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      26) қаланың жасыл желектерін күтіп-ұстау, қорғау және көгалдандырылатын аумақтарды абаттандыру бойынша уәкілетті органның функцияларын орындауды қамтамасыз ету;

      27) жасыл желектерді кесу және қайта отырғызуға рұқсат беру;

      28) санитарлық-қорғау аймағын (Астана қаласының "жасыл белдеуі") қоса отырып, жасыл желектерді ағымдағы күтіп-ұстау және қорғау бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;

      29) жалпы пайдаланудағы жерлерде көгалдандыру объектілерін салу, реконструкциялау және абаттандыру бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      30) жалпы пайдаланудағы жерлерде салынған, реконструкцияланған көгалдандыру және абаттандыру объектілерін қабылдау бойынша қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

      31) жасыл желектерді түгендеуді және орман патологиялық зерттеуді жүзеге асыру;

      32) табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кезінде балама және қалпына келетін энергия көздерін пайдалану;

      33) өз құзыреттілігі шеңберінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу;

      34) бассейндік кеңестер жұмысына қатысу;

      35) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және уәкілетті органға ұсыну;

      36) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;

      37) арнайы табиғатты пайдаланудың экономикалық тетігін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      38) өз құзыреттілігі шеңберінде шаруашылық етуші объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

      39) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру;

      40) өз құзыреті шегінде табиғатты қорғау іс-шаралары жоспарларын келісу;

      41) сараптамалық жұмыстар жүргізуге қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететін сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) тарту;

      42) су қорын пайдалану мен қорғау және жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      43) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу және (немесе) қолданысқа беру, жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру немесе қосарланған барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы кепілінің келісім шартын тіркеуді жүзеге асыру;

      44) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу, тіркеу және сақтау;

      45) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын қолданысқа беру және (немесе) құрылысы және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге келісім шарттардың қызметін орындау және тоқтатуды қамтамасыз ету;

      46) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын қолданысқа беру және (немесе) құрылысы және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге келісім шарттарды жаңарту туралы шешім қабылдау;

      47) жасанды аралдарды, бөгеттерді, құрылыстар мен қондырғыларды құруды, қолдану мен пайдалануды келісу;

      48) 50 текше метрге дейін суды пайдаланатын су пайдаланушыларды есепке алу;

      49) жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдалануға төлем мөлшерлерін әзірлеу;

      50) өсімдік және жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ету;

      51) сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды интродукциялау, қайта интродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды көбейту бойынша қызметті ұйымдастыру;

      52) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылу қауіпі бар жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру;

      53) қаланың коммуналдық меншігіндегі су шаруашылық құрылыстарын басқару, оларды қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ иесіз су шаруашылығы құрылыстары анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында қарастырылған тиісті тәртіптемелерді өткізу;

      54) өзен арналарын реттеу үшін өзен түбін, сутоғандарын лайдан және қоқыс қабаттарынан тазарту бойынша түбін тазалау және түптереңдету жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету;

      55) суайдындар мен жасанды суайдындар аумағында және жағажай белдемінде экологиялық іс-шаралар жүргізу;

      56) аңшылық алқаптардың резервтік қорында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      57) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабу;

      58) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;

      59) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеу;

      60) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелген басқа да өкілдіктерді жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен мiндеттерi:

      1) Астана қаласының әкіміне Басқарманың ұйымдастыру-әдістемелік және материалдық-техникалық қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      2) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру мәселелері жөніндегі Астана қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және әкімдік қаулыларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      3) бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет шегінде бюджеттік қаражатты пайдалану;

      4) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша, табиғатты қорғау іс-шараларын өткізуге арналған шарттар мен келісімшарттарды жасасу;

      5) өз құзыреттілігі шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және нормативтік құжаттармен белгіленген мерзімдерде Басқарма қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен мәліметтерді сұрату және алу;

      6) қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген зиян мөлшерін (анықтауға қатысуға) белгілеу және тиісті мемлекеттік органдарға қорытындысын жіберу;

      7) экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негiзiнде өз құзыретi шегiнде кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салуға реконструкциялауға тыйым салуға рұқсат беру;

      8) өз қызметі туралы ақпаратты тарату, қаланың аумағында орналасқан табиғи объектілердің жай-күйі туралы халықты хабардар ету;

      9) қоршаған ортаны қорғау мәселелері және экологиялық таза, қалдықсыз, ресурс үнемдеуші табиғатты қорғау технологияларды енгізу бойынша конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу;

      10) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру;

      11) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, сот органдарында Басқарманың және әкімдіктің мүддесін талап қоюшы, жауапкер ретінде өкілдік ету;

      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға және Басқарманың қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамаларын сақтауға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкiлеттiгi:

      1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      2) Басқарма қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;

      3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады және олардың орындалуын қадағалайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарда және ұйымдарда сенімхатсыз Басқарманың мүддесін білдіреді;

      6) шарттарды жасасады және қол қояды, сенімхаттар береді;

      7) оның құзыретіне қатысты басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      22. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      23. Басқарма басшысы орынбасарларының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.

4. Басқарманың мүлкі

      24. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      25. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi:

      1) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана Эко-Полигон НС" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) Астана қаласы әкімдігінің "ЖасНұр" өндірістік-шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      3) "Астана-Көгалдандыру құрылысы" акционерлік қоғамы;

      4) "Астана орманы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
10-қосымша

"Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) коммуналдық меншік объектілерін салу және Астана қаласының тұрғын үй саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жасау саласында жергілікті мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыратын Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті атқарушы органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, С. Сейфуллин көшесі, № 30.

      10. Басқарманың толық атауы – "Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: коммуналдық меншік объектілерін салу және Астана қаласының тұрғын үй саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жасау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      15. Міндеттері:

      1) құрылысты ұйымдастыру және Астана қаласының коммуналдық меншік объектілерін реконструкциялау;

      2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою (сатып алу), онда орналасқан ғимараттарды (құрылыстарды, орын-жайларды) бұзып алуға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, сондай-ақ авариялық тұрғын үйлерді бұзу;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген Астана қаласында апатты үйлерді бұзып алудың пилотты жобасын іске асыру;

      4) Астана қаласының тұрғын үй саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жасау.

      5) Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамалары нормаларын сақтау.

      16. Функциялары:

      1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын объектілерді салу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын орындау;

      2) салынған объектілерді пайдалануға тапсыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырыс беруші функциясын орындау;

      3) меншік иелеріне (жерді пайдаланушыларға) өтемақы төлеумен мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюмен байланысты жер учаскелерін босату және ғимараттарды (құрылыстарды, орын-жайларды) бұзу бойынша тапсырыс берушінің функцияларын орындау;

      4) "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-2-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік кәсіпорыннан мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қоюды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, орын-жайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласында көрсетілетін қызметтер мен жұмыстарды сатып алу;

      5) авариялық тұрғын үйлерді бұзуды жүзеге асыру бойынша тапсырыс берушінің функцияларын орындау;

      6) Басқарма қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте мемлекеттік сатып алуды өткізу;

      8) Басқарманың қызметінен туындайтын мердігерлік шарттар мен басқа да шарттарды жасасу;

      9) жасасқан шарттарға сәйкес тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қаржыландыру;

      10) мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      11) мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерін орындауын бақылау;

      12) қайтару негізінде бөлінген қаражатты есепке алуды және қайтарылуын қамтамасыз ету;

      13) жұмысқа қабылдау және қызметкерлерді көтермелеу кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау;

      14) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      15) әкімдікпен белгіленген азаматтық қорғаныс, жұмылдыру бойынша іс-шараларды орындау;

      16) ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функциясын орындау;

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамалар мен құжаттарды сұрату және алу;

      2) құрылыс, абаттандыру саласындағы нормаларды, қағидаларды, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну;

      3) Астана қаласының соттарында мыналарға қатысты:

      жабдықталған тұрғын үй беру және тұрғын үй берместен, оның ішінде апатты және ескірген тұрғын үйлерден азаматтарды шығаруға;

      әкімдіктің қаулысы негізінде мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға (сатып алуға), соның ішінде талап арыздан жартылай немесе толық бас тарту құқығымен талап арыздар беруге және оларға қол қоюға;

      талап арыздың мәнін өзгертуге, сот шешімдеріне, анықтамаларына, Астана қаласының апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыдағы сотының қаулыларына арыздануға және жауапкерден және басқа құзыретті органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды талап ету құқығымен, барлық қажетті сұраныстар мен өтініштерге қол қою құқығымен орындауға сот актілерін ұсынуға, сот актілерінің мәжбүрлеп орындалуын талап етуге;

      Басқарманың қызметінен туындайтын барлық мәселелер бойынша сот орындарында оның мүддесін ұсынуға қатысты талапкер, жауапкер, үшінші тұлға және мүдделі тұлға ретінде әкімдіктің мүддесін ұсынуға;

      4) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асыру;

      5) жергілікті атқарушы органның қатысуымен заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормаларын сақтамауына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарма басшысы дербес басқару қағидатында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережеде белгілеген құзыретіне сәйкес Басқарма қызметінің мәселелерін өзі шешеді;

      2) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      3) барлық ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      4) шарттар жасасады;

      5) сенімхаттар береді;

      6) іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысы бойынша Басқарманың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өзінің орынбасарларын және Басқарманың басқа да қызметкерлерін лауазымдарына тағайындайды және лауазымынан босатады;

      9) Басқарма қызметкерлеріне көтермелеу мен тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

      10) Басқарманың құрылымын, Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

      11) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      22. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қосқанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен құрылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдар тізбесі:

      1) "Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      2) "Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      3) "Елорда даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
11-қосымша

"Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында мәдениет, өнер, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Басқарманың толық атауы – "Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру Астана қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарма миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласын қоса алғанда, мәдениетті қайта жаңғырту, сақталуын, қорғалуын, дамуы мен таралуын, пайдалануын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыру және тиімді іске асыру.

      15. Міндеттері:

      1) Астана қаласының аумағында мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Астана қаласының аумағында Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін, сонымен қатар ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін қайта жаңғыртуға, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;

      3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;

      4) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының нормаларын сақтау;

      6) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңдік нормаларын сақтау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер.

      16. Функциялары:

      1) Астана қаласының әкімдігіне театр, музыка, цирк және киноөнер, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана, музей ісі, дене шынықтыру-спорт ұйымдары саласындағы елорданың мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Астана қаласының аумағында мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарына қатысты өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      3) халықаралық, республикалық және қалалық деңгейдегі мәдени-бұқаралық, ойын-сауық іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларын жүзеге асыру, сонымен қатар өткізілетін іс-шаралар шеңберінде Астана қаласын сыртқы безендіру;

      4) дарынды жастар мен келешегі бар өнер ұжымдарын іздеу мен қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

      5) мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асыру;

      6) тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру, тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлердің дамуына ат салысу;

      7) Астана қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі қалалық комиссиясының және Астана қаласының мемлекеттік мәдениет ұйымдарының аттестациялық комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

      8) мәдени құндылықтарды уақытша әкету бойынша сараптамалық комиссия құру және ол туралы ережені бекіту;

      9) тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      10) елорданың материалдық және рухани мәдениетін, тарихи және мәдени мұра объектілері мен тарихи және мәдени ескерткіштерін анықтау, есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау мен пайдалану, сондай-ақ елдің танымал мәдениет қайраткерлерін мәңгілік есте сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      11) Басқарма теңгеріміндегі елорданың тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;

      12) тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін рәсімдеу және оларды меншік иелері мен пайдаланушылардың орындауын бақылау;

      13) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдалану заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде өтініш жасау;

      14) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін мәртебесінен айыру туралы құжаттарды дайындау және жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығару;

      15) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру;

      16) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;

      17) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында қалалық маңызы бар спорт жарыстарын өткізу;

      18) спорт түрлері бойынша Астана қаласының құрама командаларын даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуін қамтамасыз ету;

      19) Астана қаласының аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;

      20) Астана қаласының аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      21) Астана қаласының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіру;

      22) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолдану;

      23) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;

      24) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру;

      25) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін бекіту және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

      26) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асыру;

      27) Астана қаласының аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсыну;

      28) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша Астана қаласының құрама командаларының тізімдерін қалыптастыру және бекіту;

      29) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      30) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіру;

      31) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келісу;

      32) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуларды жүргізу;

      33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма мүддесіндегі басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қойылған мақсаттарды орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      2) жан-жақты халықаралық мәдени және спорт байланыстарын дамыту;

      3) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар фестивальдар өткізуге және шетелде өткізілетін фестивальдарға қатысуға, кәсіби және әуесқой шығармашылық күндерін, көркем өнер ұжымдары мен орындаушылар сайыстарын, байқаулар және Астана қаласының мәдениеті мен өнер жетістіктерін көрсетуге байланысты басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;

      4) ведомстволық бағынысты кәсіпорындар қызметінің мәні мен мақсатын анықтау;

      5) Басқармаға ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      6) мәдениет және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

      7) осы Ережемен айқындалған өз құзыреті шегінде барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарға орындауға міндетті нұсқаулар беру, бұйрықтар шығару;

      8) сот талқылауында талапкер немесе жауапкер ретінде әрекет ету;

      9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарлары мен Басқарма бөлімдері басшыларының, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының, басшылардың орынбасарларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарма басшысының орынбасарларын, қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, басшылардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және босатады;

      3) Басқарма басшысының орынбасарларына, қызметкерлеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына, басшылардың орынбасарларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.

      22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Астана қаласы әкімдігінің "Алау" мұзайдыны сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      2) Астана қаласы әкімдігінің "Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана қаласының Коммуналдық меншік қоры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

      4) Астана қаласы әкімдігінің "Астаналық цирк" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      5) Астана қаласының әкімдігінің "Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалдық кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      6) Астана қаласы әкімдігінің "Бейбітшілік және келісім сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; 7) Астана қаласы әкімдігінің "Дәулет "Спорткомбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      8) Астана қаласы әкімдігінің "Достық спорткомбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      9) Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      10) Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      11) Астана қаласы әкімдігінің "№ 3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      12) Астана қаласы әкімдігінің "№ 4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      13) Астана қаласы әкімдігінің "№ 5 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      14) Астана қаласы әкімдігінің "№ 6 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      15) Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 олимпиадалық резервінің балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      16) Астана қаласы әкімдігінің "№ 8 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      17) Астана қаласы әкімдігінің "№ 9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      18) Астана қаласы әкімдігінің "№ 10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      19) Астана қаласы әкімдігінің "Жастар" сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      20) Астана қаласы әкімдігінің "Жастар театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      21) Астана қаласы әкімдігінің "Жігер" спорттық клубы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      22) Астана қаласы әкімдігінің "Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      23) Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      24) Астана қаласы әкімдігінің "Мемлекеттік академиялық филармония" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      25) Астана қаласы әкімдігінің "М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      26) Астана қаласы әкімдігінің "Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      27) Астана қаласы әкімдігінің "Наз" мемлекеттік би театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      28) Астана қаласы әкімдігінің "Олимпиадалық резерв дайындау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 29) Астана қаласы әкімдігінің "Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      30) Астана қаласы әкімдігінің "Сәкен Сейфуллин мұражайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      31) Астана қаласы әкімдігінің "Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      32) Астана қаласы әкімдігінің "Тәуелсіздік сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      33) Астана қаласы әкімдігінің "Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      34) Астана қаласы әкімдігінің "Толағай" жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
12-қосымша

"Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында энергетика, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз инженерлік коммуникациялық жүйелерін, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) уәкілеттік берген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Басқарманың толық атауы – "Астана қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынатын кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Басқарманың миссиясы: Астана қаласының аумағында энергетика, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз инженерлік коммуникациялық жүйелерін, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру салаларын реттеу және басқару.

      14. Міндеттері:

      1) Астана қаласының аумағында энергия үнемдеу, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз инженерлік коммуникациялық жүйелерін, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Астана қаласының аумағында энергия кешенді, сыртқы жарықтандыруды, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз инженерлік коммуникациялық жүйелерін, газ шаруашылығын, көгалдандыру және абаттандырудың перспективалық дамытуды жоспарлау;

      3) Астана қаласының аумағында энергетика, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз инженерлік коммуникациялық жүйелерін, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру объектілерінің құрылысын және реконструкциялауды ұйымдастыру;

      4) Астана қаласының аумағында энергетика, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласындағы қалалық инфрақұрылым қызметін қамтамасыз ететін заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру;

      5) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерімнің нормасын сақтау;

      6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық нормаларын сақтау.

      15. Функциялары:

      1) Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және инженерлік инфрақұрылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      2) отын-энергетикалық кешені және инженерлік инфрақұрылым саласында әкімдіктің әрекет ету бағдарламаларын әзірлеу, олардың іске асырылуын бақылау;

      3) Астана қаласының аумағында электр-, жылумен қамтамасыз ету, сыртқы жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету және су бұру, нөсерлік кәріз инженерлік инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру жүйесін перспективалық дамытуды жоспарлау;

      4) отын-энергетикалық кешені және инженерлік инфрақұрылым саласында өңірлік ғылыми-техникалық саясатты әзірлеу және оларды іске асыру;

      5) инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысу;

      6) Астана қаласының аумағында сумен қамтамасыз ету және су бұру, нөсерлік кәріз инженерлік инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласында энергетикалық кешенді дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспар-болжамын әзірлеуді ұйымдастыру;

      7) инновациялық технологиялар мен энергия үнемдеуді енгізу саласындағы жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру;

      8) Астана қаласының аумағында энергетика, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз инженерлік коммуникациялық жүйелерін, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласында құзыреттілігі аясында нормативтік және құқықтық актілерді қабылдау;

      9) Астана қаласының аумағында электр және жылумен қамтамасыз ету, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру инженерлік коммуникациялық жүйелерінің қалалық және коммуналдық меншік объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру мерзіміне бақылауды жүзеге асыру;

      10) меншік иелеріне (жер пайдаланушыларға) ақшалай өтем ақы төлеумен Астана қаласының аумағында элеткр-, жылумен жабдықтау, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру инженерлік коммуникациялық жүйелерінің қалалық және коммуналдық меншіктерінің құрылысы мен реконструкциялау объектілеріне мемлекет мұқтажы үшін алып қоюмен байланысты жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен жер учаскелерін босату жөнінде тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      11) Астана қаласының аумағында электр-, жылумен қамтамасыз ету, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру инженерлік коммуникациялық жүйелерінің қалалық және коммуналдық меншік объектілерін салу және реконструкциялауды ұйымдастыру;

      12) отын-энергетикалық кешені және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қатысты жобалар бойынша жобалық құжаттамаларды қарау және келісу;

      13) уәкілетті органның қайтару негізінде бөлген қаражатын есепке алуды және қайтаруды қамтамасыз ету;

      14) Астана қаласының аумағында электр және жылумен қамтамасыз ету, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз инженерлік коммуникациялық жүйелерін, газ шаруашылығын, көгалдандыру және абаттандыру жай-күйін күнделікті жедел бақылауды жүзеге асыру;

      15) Астана қаласының аумағында электр-, жылумен қамтамасыз ету, сыртқы жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету және су бұру, нөсерлік кәріз инженерлік инфрақұрылымы, нөсерлік кәріз, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласындағы қызметті қамтамасыз ететін Астана қаласы заңды тұлғаларының қызметін үйлестіру;

      16) есеп құрылғылары жоқ тұтынушылар үшін электр және жылумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру, газбен қамтамасыз ету жөніндегі коммуналдық қызметтерді пайдаланудың нормаларын бекіту;

      17) энергия беруші ұйымдармен жылыту маусымына дайындық және өткізу іс-шараларын бақылауды жүзеге асыру;

      18) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындығының паспорттарын беру;

      19) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;

      20) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуге келісу;

      21) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытындылар беру;

      22) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарау және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

      23) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты және ынтымақтастықты ұйымдастыру;

      24) әкімдіктің қаулысы негізінде коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын орындау.

      16. Құқықтары және міндеттері:

      1) Астана қаласының аумағында электр-, жылумен жабдықтау, сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру, нөсерлік кәріз, газ шаруашылығы, көгалдандыру мен абаттандыру инженерлік коммуникациялық жүйесінің қалалық және коммуналдық меншік объектілерін салу мен реконструкциялау перспективасын анықтау;

      2) энергетика саласы мен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымға қызмет көрсету, коммуналдық қызметті жеткізу бойынша жұмыстарды жақсарту туралы бағдарламалар, ұсыныстар әзірлеу;

      3) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрау және алу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу;

      5) инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым саласында Қазақстан Республикасының нормаларын, ережелерін, заңнамаларын бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға өтініш білдіру;

      6) шағым жасау, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету;

      7) Басқарманың ведомствоға бағынысты ұйымдарының қызметін басқаруды жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      18. Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Басқарма басшысының өкілеттілігі:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындау және лауазымынан босатады, олардың міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

      2) Басқарма бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өз құзыреті шегінде Басқарманы мемлекеттік органдар мен ұйымдарда сенімхатсыз ұсынады;

      6) шарттарды жасасады және қол қояды, сенімхаттар береді;

      7) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шара қолданады және ол үшін жеке жауапкершілікте болады.

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      22. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Басқарманың коммуналдық меншік болып табылатын жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлардан және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Басқарманың теңгерімінде көрсетілетін басқа да мүліктен тұрады.

      23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
13-қосымша

      Ескерту. 13-қосымшадағы барлық мәтін бойынша "Басқарма" деген сөз "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы әкімдігінің 10.12.2018 № 510-1997 қаулысымен.

"Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы қызметі және жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарманың, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, М. Әуезов көшесі, № 6.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру Астана қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен, Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: сапалы қалалық ортасы, дамыған инфрақұрылымы, өзіндік сәулеті бар елорданың дамуын қамтамасыз ету және Астана қаласының экономикалық дамуына ықпал ететін жер қатынастарын мүмкіндігінше тиімді пайдалану, жер ресурстарын басқару және реттеу.

      15. Мақсаттары:

      1) Астана қаласының аумағы мен қала маңындағы аймақтарда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, сондай-ақ жер қатынастары саласында мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету;

      2) сәулет-қала құрылысы қызметі және жер қатынастары саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді ескере отырып, халықтың тыныс-тіршілігіне толыққанды қолайлы ортаны қалыптастыру мен дамыту;

      3) аумақтық және ауыларалық маңызы бар қалалық аумақтар мен табиғи ресурстарды қала құрылысын игеру, дамыту мен құрылыс салу барысында оңтайлы және нысаналы пайдалану жөніндегі іс-шараларды орындау;

      4) экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес құрылыстарды, көліктік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды кешенді қалыптастыру, қаланы абаттандыру және көгалдандыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектерде сәулет-қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және Астана қаласының аумағы мен қала маңындағы аймақты игеру кезінде белгіленген тәртіпте бекітілген сәулет, қала құрылысы, құрылыс және өзге де жобалық құжаттаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      6) Астана қаласын дамытудың бас жоспарын (бұдан әрі – Бас жоспар), елорданың қала маңындағы аймағына жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысы жоспарлаудың кешенді сызбаларын (аудандық жоспарлау жобасын) және басқа да әзірленген, бекітілген қала құрылысын реттейтін және жобалау-жоспарлау құжаттамаларын іске асыру бойынша қызметті үйлестіру;

      7) бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларын іске асыруға, қала құрылысы тәртібінің сақталуына мониторингті жүзеге асыру;

      8) сәулет-қала құрылысы саласында мемлекеттік тапсырысты әзірлеу жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;

      9) сәулет-қала құрылысы қызметі саласында, соның ішінде сәулет және қала құрылысының талаптары бөлігінде Астана қаласы аумағындағы инвестициялық құрылыс қызметі саласында нормативтік-құқықтық және ғылыми-әдістемелік қорын құруға қатысу;

      10) белгіленген тәртіпте Астана қаласының әкіміне (бұдан әрі – әкім) объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаты үшін жер учаскелерін беру және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік мұқтажы үшін алу бойынша ұсыныстарды дайындау;

      11) Басқарманың құзыретіне кіретін, Астана қаласының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін беру, пайдалану, нысаналы мақсатын өзгерту және алу мәселелері бойынша республикалық және өзге аумақтық органдармен өзара әрекеттесу;

      12) халықты және инвесторларды аумақтың дамуы мен құрылыс салудың келешегі немесе өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы хабардар ету;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шекте және тәртіппен, Астана қаласының жер ресурстарын тиімді және оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған, жер қатынастары саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      14) Астана қаласының аумағында жерді аймақтау жобаларын, жерлерді тиімді пайдалану бойынша сызбаларды әзірлеу бойынша және жерге орналастыруды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      15) Басқармамен көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жетілдіру және жоғарылату;

      16) жерлердің, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың есебін жүргізу сапасын жоғарылатуды, Астана қаласы жерлерінің жыл сайынғы теңгерімін құруды және орталық уәкілетті органға беруді қамтамасыз ету;

      17) Астана қаласының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, сондай-ақ жер қатынастары саласында мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету және қорғау;

      18) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;

      19) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау.

      16. Функциялары:

      1) ведомстволық бағыныстағы аумақта сәулет, қала құрылысы, құрылыс және жер қатынастары саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      2) ведомстволық бағыныстағы аумақта сәулет-қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік реттеу және басқару ұсыныстарын әзірлеу;

      3) Астана қаласы мен қала маңындағы аумақтарды игеру мен салудың басым бағыттары бойынша қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың аумақтық бағдарламалары мен кешенді жоспарларын әзірлеу мен келісуге қатысу;

      4) Бас жоспарды және өзге де қала құрылысы құжаттамаларын әзірлеуге тапсырыс берушінің функцияларын орындау;

      5) жобалық құжаттама шегінде:

      а) Бас жоспар ережелерінің, қала құрылысын жоспарлау туралы өзге де құжаттамалардың;

      б) қала құрылысы нормативтері талаптарының;

      в) қала құрылысы қызметін реттейтін регламенттер талаптарының;

      г) жобалық құжаттамаларды дайындау, құрылысты жүргізу, реконструкциялау, қала құрылысы объектілерін қалпына келтіру мен күрделі жөндеу, аумақты абаттандыру мен көгалдандыру, қала ортасының дизайнін әзірлеу барысында бастапқы-рұқсат беру құжаттамалары талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу;

      6) елорда мен қала маңындағы аумақтарда қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік нормативтердің (мемлекеттік нормативтік құжаттардың) жобаларын келісуден өткізу;

      7) әкімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жобалау-жоспарлау құжаттамасының негізінде қала жерлерін нысаналы пайдалану талаптары бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      8) уақытша ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру, аумақты абаттандыру мен қалалық ортаны сәулет-көркемдік безендіру және дизайн жөніндегі ұсыныстарды қарастыру және келісуден өткізу;

      9) қосымша жер учаскесін қосуды талап етпейтін құрылыстарды, ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, жеке тұрғын үйлерді реконструкциялауды, қайта жоспарлауды және қайта жабдықтауды, күрделі жөндеу мен қалпына келтіруді, қасбеттерді реконструкциялауды орындау туралы шешімдер қабылдау;

      10) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім қабылдау;

      11) үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдау;

      12) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ мүгедектер үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

      13) "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізу мен толтыруды қамтамасыз ету;

      14) Басқарманың қарамындағы ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыру;

      15) сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласында елорданы дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      16) Астана қаласының Қала құрылысы кеңесі жұмыс органының функциясын жүзеге асыру;

      17) гендерлік және отбасы-демографиялық саясатты жүзеге асыру;

      18) Астана қаласының жобаланып жатқан инженерлік желілері мен құрылыстары туралы деректерді қорға енгізуді жүзеге асыру;

      19) Астана қаласында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру;

      20) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру бойынша жұмыстарды жалпы үйлестіруді, көрнекі тексеруді жүзеге асыру;

      21) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты дайындау;

      22) үлескерлердің ақшасын тартуға берілген рұқсаттарды есепке алуды жүргізу;

      23) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу;

      24) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы бойынша көшірме беру;

      25) құрылыс салу және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын іске асыру кезінде бастапқы материалдарды дайындау;

      26) эскизді (эскиздік жобаны) келісуді жүзеге асыру;

      27) Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 10.12.2018 № 510-1997 қаулысымен.

      28) әкімдіктің атқарушы органының Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындауды ұйымдастыру;

      29) жерлерді резервке қою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      30) Астана қаласы жерлерінің теңгерімін жасау;

      31) жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту бойынша ұсыныстар мен әкімдік қаулыларының жобаларын дайындау;

      32) жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын, жалға беру және уақытша өтеусіз жерді пайдалану шарттарын жасау және жасасқан шарттар талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      33) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      34) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      35) жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін анықтау;

      36) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

      37) жерге орналастыруды ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      38) жерлерді аймақтарға бөлу жобаларын, Астана қаласының жерін тиімді пайдалану бойынша жобаларды және сызбаларды жасауды ұйымдастыру;

      39) жер сауда-саттығын (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді ұйымдастыру;

      40) жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын жобалар мен сызбаларға сараптама өткізу;

      41) жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ басқа да жер құқығы қатынастары субъектілерінің есебін жүргізу;

      42) жер-кадастрлық жоспарын бекіту;

      43) жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту туралы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы басқа да мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініш қабылдауды жүзеге асыру;

      44) мемлекеттік органның ішкі қызметін цифрландырды ұйымдастыру, соның ішінде оларды автоматтандыруды, цифрлық архив деректерін құруды, жүргізуді ұйымдастыру;

      45) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі қажетті объектілер туралы кеңістіктік деректерді және олармен байланысты ақпаратты жинау, сақтау, талдау процестерін ұйымдастыру;

      46) Елді мекенде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін Астана қаласында аймаққа бөлу коэффициентін әзірлеу;

      47) Астана қаласы әкімдігінің Елді мекенде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін Астана қаласында аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы қаулының жабасын дайындау;

      48) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 10.12.2018 № 510-1997 қаулысымен.

      17. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

      1) Астана қаласының аумағында барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті сәулет, қала құрылысы, құрылыс және жер қызметі саласында шешімдер қабылдау;

      2) халықаралық және өзге де ұйымдарда сәулет, қала құрылысы, құрылыс және жер қызметі мәселелері бойынша әкімдіктің мүддесін ұсыну;

      3) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және жер қатынастары мәселелері бойынша әкімдіктің атқарушы органдары әзірлеген заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің жобалары жөнінде ұсыныстар енгізу;

      4) Астана қаласының сәулет және жер қатынастары органдарымен келісілген және бекітілген белгіленген нормативтік, сәулет-қала құрылысы, экологиялық немесе өзге де талаптарға, бастапқы материалдарға сәйкес келмейтін жобаларды келісуден бас тарту;

      5) сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған кінәлі тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін материалдарды уәкілетті органдарға жіберу;

      6) сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлігінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      7) сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы Астана қаласының проблемалары мен мәселелерін зерттеу және шешу үшін келісім негізінде жетекші отандық және шетелдік мамандарды тарту;

      8) ведомстволық бағынысты және басқа да жетекші жобалау, іздестіру және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, сондай-ақ жергілікті сәулет және қала құрылысы органдарымен, Қазақстан Республикасының шығармашылық одақтарымен шығармашылық іс-әрекетті жүзеге асыру;

      9) ведомствоаралық комиссия жұмысына қатысу, Астана қаласының сәулет және қала құрылысы мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік, сараптамалық және өзге де кеңестер, жұмыс топтарын құру;

      10) сәулеттік конкурстарды өткізу;

      11) бекітілген жобалық құжаттамалар мен рұқсат беру талаптарынан бұзушылықтарды анықтау мен бұзушылықтарға және/немесе ауытқушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қолдану;

      12) бұзу фактілері бойынша материалдарды тиісті органдарға шаралар қолдану үшін беру;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шектерде мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

      14) әкімнің сенімхаты бойынша сот органдарында сәулет, қала құрылысы және жер құқығы қатынастары мәселелері бойынша елорданың мүддесін білдіру және қорғау;

      15) мемлекеттік органдардан сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы мәселелер бойынша ақпарат сұрау және алу;

      16) сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы мәселелер бойынша орталық уәкілетті мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен және әкімдіктің атқарушы органының құрылымдық бөлімшелерімен сектораралық өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

      17) ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысу, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары саласындағы мәселелер бойынша ғылыми-әдістемелік, сараптамалық және өзге де кеңестерді, жұмыс топтарын құру;

      18) жердің сандық және сапалық есебі және Астана қаласының аумағында жер қатынастарын реттеу туралы ақпаратты дайындау;

      19) кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүргізу;

      20) Астана қаласында жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) апта сайынғы отырысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      21) Комиссия отырыстарының хаттамаларын және жер учаскелеріне құқық беру, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі әкімдік қаулыларының жобаларын дайындау;

      22) иесіз жер учаскелерін есепке қою және оларды мемлекет иелігіне қайтару бойынша сот органдарына талап-арыздарды енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңнамамен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысын әкім қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жұмысына басшылық етеді, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына, сондай-ақ Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын орындамағанына жеке жауапты болады;

      2) Басқарманың тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылық жасайды, кадр қызметінің жұмысын бақылайды;

      3) "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

      4) өзінің орынбасарлары мен ведомствоға бағынысты мекеме басшыларының міндеттерін анықтайды және олардың жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      5) "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне, Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына тәртіптік жаза қолданады;

      7) өзінің құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындалуға міндетті бұйрықтар шығарады;

      8) өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;

      9) әкімшісі "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып табылатын төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      10) Басқарманың ведомствоға бағынысты мекемелеріндегі қызметкерлерді ұстау нормаларын бекітеді;

      11) өзінің құзыретіне қатысты әкімдік қаулыларының, Астана қаласы әкімі мен мәслихаты шешімдерінің жобаларын келіседі және қол қояды, сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      12) жер учаскелерін сатып алу-сату және жерді пайдалану (жалға беру) шарттарына қол қояды;

      13) "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстығы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстығы заңнамасына сәйкес анықтайды.

4. Басқарма мүлкі

      23"Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлікке ие болуы мүмкін.

      "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы кәсіпорындардың тізбесі:

      "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көркем-құйма комбинаты" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
14-қосымша

"Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      Басқарманың құрылтайшысы Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – әкімдік) болып табылады.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат саны шегінде әкімдік белгілейді.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Басқарманың толық атауы: "Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы:

      Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге жергілікті бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін және үш жылдық кезеңге арналған Астана қаласы бюджетінің жобасын жоспарлау болып табылады.

      15. Міндеттері:

      1) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;

      2) қаланың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізу;

      3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Астана қаласын дамыту бағдарламасында көзделген стратегиялық нысаналы индикаторлар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      4) рейтингтік агенттіктермен қарым-қатынас бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;

      5) Басқарманың бюджеттік бағдарламаларының жобасын әзірлеу және оның орындалуына мониторинг жүргізу;

      6) бес жылдық кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

      7) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау негізінде үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттің параметрлерін әзірлеу;

      8) штат саны мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын, астананы басқару тәсімін әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) Басқарма қызметін қаржылық, кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету;

      10) жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Астана қаласын дамыту бағдарламасының жобасын әзірлеуге, оны мониторингілеуге, сондай-ақ іске асырылуына қатысу.

      16. Функциялары:

      1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жалпы қала экономикасын дамытуға әсер ететін сыртқы факторларға талдауды жүзеге асыру;

      2) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылға арналған болжамының жобасын әзірлеу;

      3) Астана қаласы Бюджет комиссиясының отырыстарына материалдар дайындау;

      4) жылдық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру және Астана қаласының бюджетін нақтылау және түзету барысында өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыларды қарастыру, бағалау және дайындау;

      6) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және бюджеттік көрсеткіштері негізінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжау;

      7) Астана қаласы мәслихатының үш жылға арналған жергілікті бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерінің жобаларын, Астана қаласының бюджетін түзету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      8) Астана қаласы мәслихатының тиісті қаржы жылына арналған Астана қаласының бюджеті туралы шешімін іске асыру туралы әкімдік қаулысының жобасын әзірлеу;

      9) Астана қаласында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;

      10) басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін құру;

      11) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен бюджеттік инвестицияларды жоспарлау;

      12) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді қаржыландыруды жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама өткізу;

      14) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты құру және әкімдікке ұсыну;

      15) экономикалық, инвестициялық, бюджет және жергілікті атқарушы органдардың штат саны мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      16) Астана қаласының бес жылдық кезеңге арналған дамыту бағдарламасына, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсыныстарды әзірлеу, мониторингілеу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      17) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың гранттарды тартуға арналған басымды тапсырыстарының тізбесін құру және орталық мемлекеттік органдарға ұсыну;

      18) жергілікті бюджеттік бағдарламаларды, жергілікті бюджеттік инвестициялар мен гранттарды іске асырудың тиімділігін (нәтижелілігін) бағалауды жүргізу;

      19) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      20) Басқарма қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу үшін материалдар дайындау;

      21) Басқарма қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      22) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін анықтау;

      23) Астана қаласының Бюджеттік комиссиясы жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      24) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігін қарау;

      25) стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін қарау;

      26) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы жолымен жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру барысы туралы мониторингті жүзеге асыру;

      27) экономикалық дамыту бойынша қалаға халықаралық рейтинг беру бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру;

      28) мемлекеттік басқару органдарының штаттық сан лимиттеріне өзгерістер енгізу туралы әкімдік қаулыларының жобаларын және жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестелеріне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы әкімі өкімдерінің жобаларын әзірлеу;

      29) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық атқарушы органдардың, Астана қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын орындау;

      30) бухгалтерлік есепті және есептілікті, кадрлық-құқықтық жұмыстарды, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүргізу;

      31) құқықтық және нормативтік-құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының жобаларын, сондай-ақ заң сипатындағы өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      32) концессиялық жобаларды қарау және келісу;

      33) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары сараптамасының оң қорытындысы негізінде коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша тізбе құру;

      34) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бұйрықтарының жобасын қарастыру және келісу;

      35) іске асыру жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларының тізбесін келісу, қалыптастыру және оны жергілікті өкілетті органға ұсыну;

      36) стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін және нәтиже көрсеткішін бағалау;

      37) әлеуетті тәуекел аймақтарын анықтаумен көлеңкелі экономиканың мониторингісін өткізу, превентивтік және реттеуші шаралар әзірлеу;

      38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) қаланың даму мақсатын, басымдылығын және стратегиясын анықтау жөніндегі ұсыныстарды әкімдікке енгізу;

      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды және мәліметтерді талап ету және алу;

      3) әкімдікке мына мәселелер:

      Астана қаласы дамуының стратегиясын іске асыруға кедергі келтіретін қабылданған актілерді жою немесе өзгерту;

      әкімдіктің қатысуымен ұйымды құру, қайта құру немесе жою бойынша ұсыныстар енгізу;

      4) консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тарту;

      5) сараптама мен консультация өткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарту;

      6) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;

      7) Басқарманың алдына қойған міндеттері мен функцияларын толық көлемде орындауды қамтамасыз ету;

      8) шағым жасауға, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармада басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелеу және марапаттау мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;

      7) Басқарма жұмысының Регламентін бекітеді;

      8) құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      9) Басқарма қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға Басқарма басшысының бірінші қол қою құқығы бар;

      10) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жөнінде шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін Басқарманың қызметін үйлестіретін, оған басшы жүктеген өзге де міндеттерді орындайтын орынбасарларының бірі атқарады.

      22. Басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда Басқарманың жедел басқару құқығында дербес мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен құрылады және негізгі қорлардан және айналма қаражаттан тұрады.

      24. Басқарма мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

      25. Басқарма өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру немесе тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
15-қосымша

"Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) тілдерді дамыту саласы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, архив қоры құжаттарын сақтау, жинақтау, есепке алу, қорғау мен пайдалану, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау бойынша Астана қаласының аумағында Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынын түседі.

      6. Басқарма мемлекеттің атынан, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: мемлекеттік және басқа тілдердің қарқынды дамуына бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, толеранттық тілдік орта құру, архив қорының сақталуын, толымдалуын, есебін, қорғалуы мен пайдалануын қамтамасыз ету, мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау саласында бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру, Астана қаласының халқына сапалы және қолжетімді қызмет ұсыну.

      15. Міндеттері:

      1) мемлекеттік тілдің функцияларын кеңейту, оның мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;

      2) қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану үшін жағдай туғызуға ықпал жасау;

      3) мемлекеттік тілді меңгеруге қажетті жағдай туғызуға ықпал жасау және оны оқыту курстарын ұйымдастыру;

      4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда орыс тілінің ресми тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;

      5) этникалық қауымдастықтар өкілдерінің ана тілін үйренуіне және дамуына қолдау көрсету;

      6) Астана қаласының аумағында архив ісі мен құжат жасау саласындағы мемлекет саясатты іске асыру;

      7) Астана қаласының аумағында архив қорын пайдалануға және қалыптастыруға бағытталған шаралар қабылдау;

      8) архив инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;

      9) мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      10) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;

      11) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыруға ықпал жасау;

      12) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтауға ықпал жасау;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) Астана қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру;

      2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайдалануын (орнатылуын, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;

      4) ведомстволық объектілер, шетелдік өкілдіктер, коммерциялық және басқа да құрылымдар ғимараттарының жарнамалық және басқа да маңдайшаларын безендіру кезінде тіл мәдениетін жетілдіру жөнінде ұсынымдарды әзірлеу;

      5) ақпараттық және жарнамалық рәсімдеудің эскиздік жобасы мәтіндерінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне келісім беру;

      6) қалалық ономастикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз ету, атаулар және қайта атаулар туралы ұсыныстарды әзірлеу және енгізу:

      қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, орамдар, саябақтар, шағынгүлбақтар, көпірлер және қаланың басқа да құрамды бөліктері, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясының өзгеруі;

      Басқарманың құзыретіне кіретін физика-географикалық, топонимикалық, өнеркәсіптік және басқа да объектілер;

      7) қоғам өмірінің барлық саласында мемлекеттік тілдің функциясын кеңейту жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

      8) мемлекеттік және өзге де тілдерді оқыту курстарын ұйымдастыруды басшылыққа алу;

      9) тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау саласында іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және оны іске асыруды қамтамасыз ету;

      10) Қазақстан халқы тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай жасау жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

      11) тіл саясаты, архив ісі және құжаттама, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша жиналыстар, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру мен өткізу;

      12) мемлекеттік тілде іс жүргізу, архивтік іс жүргізу, сыртқы жарнама және көрнекі ақпарат мәтіндерін рәсімдеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау жұмысы барысында туындайтын мәселелер бойынша кеңестік көмек көрсету;

      13) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуы мәнінде мониторинг жүргізу;

      14) "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету;

      15) Астана қаласының аумағындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын жинақтау, сақтау және есепке алу жөнінде ұйымдастыру іс-шараларды жүзеге асыру, "Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесіне құжаттарды берудің белгіленген тәртібін сақтауды қамтамасыз ету;

      16) электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер жүйелерінің енгізілуі мен жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;

      17) қалалық сараптау-тексеру комиссиясының және қалалық құпия сараптау-тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

      18) "Әкімдіктің электрондық мұрағаты" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің екінші кезеңін әзірлеуге, келісу мен іске асыруға қатысу;

      19) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәнінде тексерістер жүргізу;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты кәсіпорындарға қатысты өкілеттікті жүзеге асыру;

      21) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын орындау;

      22) Қазақстан Республикасының тіл, мемлекеттік рәміздер, архив қоры және архив туралы заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының тіл, архив ісін жүргізу және мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының тіл, архив ісін жүргізу және мемлекеттік рәміздер туралы заңнама талаптарының бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;

      3) Қазақстан Республикасының тіл, архив ісін жүргізу және мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі лауазымды тұлғаларға әкімшілік және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды тиісті органдарға енгізу;

      4) Қазақстан Республикасының тіл және мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасының орындалуын бақылау нәтижелері бойынша мәселені жетекшілік ететін Астана қаласының әкімі орынбасарының төрағалық етуімен мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру және мемлекеттік рәміздер жөніндегі жұмысшы тобының қарауына енгізу;

      5) сот талқылауларында талапкер немесе жауапкер ретінде әрекет ету;

      6) меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдар басшыларынан, сондай-ақ басқа органдар мен заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы, мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау және архив ісін жүргізу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпарат пен құжаттарды сұрату;

      7) ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің мәні мен мақсатын анықтау;

      8) тілдерді дамыту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану саласы бойынша, архив ісі саласында құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

      9) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысы Астана қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Басқарма басшысының орынбасары бар.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасары мен Басқарма бөлімдері басшыларының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының, басшы орынбасарлары мен бас бухгалтерлерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      2) Басқарма басшысының орынбасарын, қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, басшы орынбасарлары мен бас бухгалтерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының орынбасарын, қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, басшы орынбасарлары мен бас бухгалтерлерін көтермелейді және тәртіптік жазалар қолданады;

      4) Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнама нормаларын сақтамағаны үшін жауапты болады;

      5) бөлімдер туралы ережелерді бекітеді;

      6) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлерінің орындауы міндетті бұйрықтар шығарады;

      7) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі құқықтық актілер мен өзгеде құжаттардың әзірленуін бақылайды;

      8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының тіл туралы, мемлекеттік рәміздер туралы, архив ісі мен құжаттамаларды айналымы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, оларды бұзу деректерін қарастырып, шешім қабылдайды;

      9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың мүддесін білдіреді;

      10) Басқарма әкімшісі болып табылатын төлемдер және міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      11) Басқармаға бағынысты мекемелердің адамдарын ұстау нормаларын бекітеді.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.

      22. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік Астана қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

      25. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі.

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 06-433 қаулысына
16-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының Тізбесі

      1. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 206-2092 қаулысы.

      2. "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 114-166 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 114-2446 қаулысы.

      3. "Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 180-1675 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 180-363 қаулысы.

      4. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 206-654 қаулысы.

      5. "Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 09-1732 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 367-727 қаулысы.

      6. "Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 206-1105 қаулысы.

      7. "Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 111-876 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 111-1154 қаулысы.

      8. "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 104-1868 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 104-1167 қаулысы.

      9. "Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 158-1639 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 158-1281 қаулысы.

      10. "Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 110-1675 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады