"Астана қаласы әкімдігі атқарушы органдарының ережелерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 510-1997 қаулысы. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 1-449 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 09.04.2019 № 1-449 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672, "Мемлекеттік орган туралы үлгі ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы" 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 және "Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2018 жылғы 2 наурыздағы № 93 қаулыларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласы әкімдігі атқарушы органдарының ережелерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулыға 13-қосымшадағы барлық мәтін бойынша "Басқарма" деген сөз "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақтың 27) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының көшірмесін баспа және электрондық түрде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласының әкімі Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады