Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағына гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждар мен салықтар алудан босатуды ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 231 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 23 ақпандағы № 72 бірлескен бұйрығы.

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағына гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждар мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов _________

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің

міндетін атқарушы

Р. Дәленов __________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы № 231
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 72 бірлескен
бұйрығымен бекітілген

Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағына гранттар
қаражаты есебінен сатып алынған тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде
кедендік баждар мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатында Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрлігімен өзара іс-қимыл қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағына гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде кедендік баждар мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен өзара іс-қимыл қағидалары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және өтеусіз негізде мемлекет, үкімет, халықаралық ұйым желісі бойынша гранттар қаражатының есебінен өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету), соңдай-ақ гранттар қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен алынған ретінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ұсыну мақсатында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

2-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер ұсыну кезінде
мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      2. Гранттар қаражатының есебінен өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде тауарларды енгізу бойынша, соңдай-ақ гранттар қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен алынған тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды (меморандумдарды, келісімдерді, келісімшарттарды) іске асыру шарттарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді сыртқы көмек мәселелері бойынша уәкілетті орган ретінде бюджеттік заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде, сондай-ақ грант қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен Қазақстан Республикасына тауарларды жөнелту қағидалары туралы мүдделі мемлекеттерге, мемлекеттер үкіметтеріне, халықаралық ұйымдарға хабарлайды.

      4. Грант қаражатының есебінен өтеусіз негізде техникалық көмек көрсету (ықпал ету) тауарларды енгізу бойынша, соңдай-ақ гранттар қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен алынған тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан (меморандум, келісім, келісім-шарттарынан) туындайтын міндеттемелерін өз құзіреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ететін орталық мемлекеттік орган әкелінетін тауарларды кедендік декларациялау басталғанға дейін күнтізбелік 50 (елу) күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

      грант қаражатының есебінен өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде тауарларды енгізу бойынша, соңдай-ақ гранттар қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен алу туралы шарттың (меморандумның, келісімнің, келісім-шарттың) көшірмесі;

      тиісті шарттың (меморандумның, келісімнің, келісім-шарттың) шеңберінде олардың атауын, санын және құнын көрсете отырып, грант қаражатының есебінен өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету) ретінде тауарларды енгізу бойынша, соңдай-ақ гранттар қаражатының (қаржылық көмектің) ретінде әкелінетін тауарлардың тізбесі;

      әрбір жеке халықаралық шарттар (меморандум, келісім, келісім-шарт) бойынша әкелінген тауарларды кедендік декларациялауда жауапты тұлға туралы және әкелінген тауарларды соңғы алушы туралы ақпарат;

      әкелінетін тауарларды кедендік тазарту және бақылау жүзеге асырылатын аумақтық мемлекеттік кірістер органдарын көрсете отырып, тауарларды жеткізу кестесі.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді қарағаннан кейін гранттар қаражатының есебінен өтеусіз негізде техникалық көмек (ықпал ету), соңдай-ақ гранттар қаражатының (қаржылық көмектің) есебінен тауарларды алу туралы тиісті келісімнің (меморандум, келісім, келісім-шарттың) барын және әкелінетін тауарлардың соңғы алушысын растайды және әкелінетін тауарларды кедендік декларациялағанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей ол туралы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ведомствосы ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген орталық мемлекеттік органға жазбаша хабарлайды.

      6. Осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген орталық мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасын алғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Осы Қағиданың 5-тармағында қарастрылған құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған құжаттар мен мәліметтерді қарағаннан кейін әкелінетін тауарларды кедендік тазарту мен бақылау жүргізу үшін оларды аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.

      8. Егер, осы Қағиданың 2-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қызметін үйлестіру бойынша өкілеттік өзге орталық орындаушы органға берілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекетік кірістер комитетіне хабарлайды, сондай-ақ осы Қағиданың ережелерінен туындайтын міндеттемелер туралы орталық орындаушы органды хабардар етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады