Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 25.07.2019 № 136 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | А. Шпекбаев |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 7 тамыздағы № 195 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 7 бұйрығына (2016 жылы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;";
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже" 14-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша жүзеге асыру функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: почта индексі 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тоқаш Бокин көшесі, 1 В.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Департаменттің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже" 17-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 10 бұйрығына (2016 жылы 27 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
14) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;";
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілсін.";
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ереже" 6-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: почта индексі 080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Рысбек батыр тұйық көшесі, 8А."
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже" 14-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) аумақтық органы болып табылады."
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: почта индексі 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Тоқаш Бокин көшесі, 1 В.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Департаменттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі";
14-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"22) Агенттіктің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету, Әдеп жөніндегі кеңеспен қаралатын қызметтік тергеу жүргізу және тәртіптік істер бойынша материалдарды дайындау;";
15-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен өзара іс-қимыл жасау;";
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже" 17-қосымшамен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 72 бұйрығы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 сәуірде жарияланған):
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:"
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша жүзеге асыру функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департамент, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: почта индексі 160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 3.
9. Департаменттің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаментті қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке кіріс әкелетін қызмет атқаруға құқық берілсе, онда сол қызметтен келген кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.
2. Департаменттің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
13. Департаменттің міндеттері:
1) жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.
14. Департаменттің функциялары:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы дайындауға қатысу;
3) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;
4) алдын ала тергеу, анықтау нысанында және хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу;
5) қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
7) жария емес тергеу әрекеттерін, жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы және басқа техникалық құралдарды қолдану;
8) Департаментке осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаражаты шегінде жедел-іздестіру қызметін қаржылық және материалдық-техникалық жабдықтау;
9) тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынып жүрген іздеудегі адамдардың тұратын жерін анықтау және ұстау;
10) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексімен белгіленген тәртіпте қылмыстық-процестік қазметті қамтамасыз етумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;
11) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген мүлікті және әдетте, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлікті мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы ақпаратты кейін жариялаумен іске асыруға арналған мониторингті жүзеге асыру;
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық саладағы криминогендік жағдайды талдау;
13) басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан келіп түскен өтініштерді және сұрау салуларды орындау;
14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасау;
15) ақпараттық қауіпсіздік саясатын іске асыру, Департаменттің техникалық және ақпараттық қызметін қамтамасыз ету және жетілдіру;
16) Департаментке жедел-тергеу қызметінің мәселелері бойынша жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді пайдалану;
17) Департаменттің әкімшілік ғимараттарын қорғау режимін және өткізу режимін қамтамасыз ету;
18) Департаменттің қаруландыруында тұрған қарулардың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың сақталуын есепке алу және бақылау;
19) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кездегі жұмылдыру даярлығы, Департамент жұмысының тұрақтылығын арттыру;
20) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету және құпиялылық режимін сақтау;
21) Департаменттің жеке құрамының арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
15. Департаменттің құқықтары:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеу, жедел-іздестіру және тергеу қызметі тәжірибесіне талдау жүргізу;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі - Ұлттық бюро) басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіппен тергеу әрекеттерін жүргізу, процестік шешімдерді қабылдау және жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру;
5) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасымен белгіленген тәртіппен мән-жайларды немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
6) қылмыстық-процестік заңнамаға және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, мемлекеттік аудит және бағалау жүргізуді талап ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
9) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымдық және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрату және алу;
10) қылмыстық істер өндірісіндегі шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелу;
11) ұсталған және қамауға алынған адамдарды айдап алып келу;
12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда басқаша түрде жәрдем көрсеткен адамдарды ынталандыру;
13) өзара ақпарат алмасуды, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен электронды тәсілмен қамтамасыз ете отырып, Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құру және пайдалану, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру;
15) атыс және өзге қаруды, арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану, сондай-ақ қажет болған жағдайда қол күшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауынгерлік күрес тәсілдерін қолдану;
16) қызметтік міндеттерін орындау кезінде нысанды киім кию;
17) Департамент қызметкерлерінің (жұмыскерлерінің) қызметіндегі ішкі қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа арыз-талаптарды ұсыну;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыру.
16. Департаменттің міндеттемелері:
1) құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру кезіндегі заңдылықты сақтау;
2) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және қарастыру, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау және қоғамдық қауіпті әрекеттерге жол бермеу бойынша шараларды уақтылы қабылдау;
3) Департаменттің құзыреті шегінде жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын, жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру, қылмыстық процеске пайдалану үшін олардың нәтижелерін тіркеу арқылы қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және ашуды қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік заңнамасымен көзделген тәртіппен алдын ала тергеуді анықтауды жүзеге асыру;
5) қылмыстық істер бойынша заттай айғақтарды, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі тоқтатылған қылмыстық істерді есепке алу және сақтау;
6) прокурорлық ықпал ету және сот актілерін қарау;
7) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексімен белгіленген тәртіпте қылмыстық-процестік қазметті қамтамасыз етумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асыру;
8) іздеудегі адамдардың орналасу жерін анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізу;
9) өз қызметін жүзеге асыру кезінде қызметтік тәртіпті және құпиялық режимді сақтау;
10) Департаменттің қызметкерлерін (жұмыскерлерін) даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға қатысу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге міндеттемелерді жүзеге асыру.
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
17. Департамент өз қызметінде Ұлттық бюроға тікелей бағынысты болады.
18. Департаментті басқаруды Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болатын басшы жүзеге асырады.
19. Департаменттің басшысы және оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. Департамент басшысының өкілеттіктері:
1) Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес оның қызметін ұйымдастырады және жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) жалпы штат санының лимиті шегінде Департаменттің және оның аумақтық органдарының құрылымы бойынша ұсыныстарды Ұлттық бюро басшысының қарауына енгізеді;
3) тағайындалуы мен қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылатын Департаменттің қызметкерлерін (жұмыскерлерін) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) өз орынбасарларының, Департамент қызметкерлерінің (жұмыскерлерінің) өкілеттіктерін анықтайды;
5) заңнамамен белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлерін (жұмыскерлерін) іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу мәселелерін шешеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлеріне (жұмыскерлеріне) тәртіптік жауаптылық шараларын қабылдайды;
7) құзыреті шегінде Департаменттің құқықтық актілеріне қол қояды;
8) Ұлттық бюроның басшысына Департамент қызметкерлерін (жұмыскерлерін) мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ұсыныстар енгізеді;
9) заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департаменттің атынан өкілдік етеді;
10) өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Департаменттің басшысы болмаған кезеңде өкілеттіктерін орындауды оның тапсырмасы бойынша оның орынбасарларының біреуі жүзеге асырады.
21. Департамент басшысының Департаменттің жанында консультативті-кеңесші орган құруға құқығы бар.
22. Департамент белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тиісті аумақтық департаменттерімен өзара іс-қимыл жасайды.
4. Департаменттің мүлкі
23. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Департаменттің мүлкі, оның меншігіне мемлекет берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден және меншіктік қызметтер нәтижесінде алынған мүліктер есебінен (ақша кірістерін қоса алғанда) құралады.
24. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
25. Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен алынған мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында егер өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгелей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
26. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) белгіленген құзыреттілік шегінде мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) аумақтық органы болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: Департаменттің заңды мекенжайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 3.
9. Департаменттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Міндеттері:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы заңнаманы сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелерінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) және олардың ведомсволарының қызметін үйлестіру;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу себептері мен жағдайларын азайту.
14. Департаменттің функциялары:
1) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
2) мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
3) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау салаларында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізу;
4) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға кеңес беру;
5) мемлекеттік органдарда персоналды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін және электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметтерін үйлестіруге қатысу;
7) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
8) мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу, олардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуы жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
9) мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестіруді қоса алғанда, мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерінің кадр құрамы жай-күйінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының мониторингін жүргізу;
10) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі, оның ішінде шетелдерде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
11) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруды және орналастыруды үйлестіру;
12) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған тұлғалардың мемлекеттік қызмет өткеруіне мониторингті жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеуді ұйымдастыру;
14) "Б" корпусының төменгі болып табылмайтын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурсты мемлекеттік органда өткізуді келісу;
15) азаматтардың жеке қасиеттеріне бағалауды оның тиісті қорытындысының нәтижесін бере отырып жүргізу;
16) "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыруға қатысу;
17) мемлекеттік органдар әзірлейтін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын, кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауларды, сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қызметінен босатуды келісу;
18) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
19) мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнаманы бұзу, сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелерi бойынша әрекеттерi (әрекетсіздігі) мен шешiмдеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;
20) мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21) мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарау;
22) Агенттіктің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету, Әдеп жөніндегі кеңеспен қаралатын қызметтік тергеу жүргізу және тәртіптік істер бойынша материалдарды дайындау;
23) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіру;
24) әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету;
25) персоналды басқару қызметтерінің (кадр қызметтерінің) қызметін үйлестіру және әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру;
26) лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдарға олардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;
27) мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаралуға міндетті ұсынулар енгізу;
28) жыл сайынғы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жағдайы туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізу;
29) мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
30) азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен қоғамдағы сыбайлас жемқорлық барынша азайтуға бағытталған өзара іс-қимыл;
31) мемлекеттік органдар басшыларының қарауына мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізу;
32) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүзеге асыру;
33) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауын мониторингілеу;
34) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға және жетілдіруге қатысу, халықты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабардар етуді арттыру;
35) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманың жобасын дайындау үшін Агенттікке ақпаратты ұсыну;
36) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша жүргізілген мониторинг және жоспарлы іс-шаралардың орындалуына бақылау туралы жиынтық ақпаратты қалыптастыру және Агенттікке жолдау;
37) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;
38) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң тәжірибесін зерделеу және тарату;
39) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесу және әдістемелік көмек көрсету;
40) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру және істерді қарау;
41) мемлекеттік органдардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпаратты сұрату;
42) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
43) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
44) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау;
45) жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қолдау көрсету;
46) Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жасалатын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша тексерістер өткізу, мемлекеттік органдармен келісім бойынша тексерістер өткізуге олардың қызметкерлерін тарту;
3) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы өз құзыреті шегінде қаралуы міндетті ұсынулар енгізу;
4) мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте шаралар қабылдау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және қызмет тиімділігіне бағалау жүргізу туралы ұсыныстар енгізу;
6) Департаментке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерімен пайдалану;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шымкент қаласы бойынша департаментімен өзара іс-қимыл жасау;
8) басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен Департамент қызметінің негізгі бағыты бойынша өзара іс-қимыл жасау;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
16. Департаментті Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын басшы басқарады.
17. Департамент басшысын Агенттіктің төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары(лары) болады.
19. Департамент басшысының өкілеттігі:
1) Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
2) департаменттің жұмыскерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
3) өз өкілеттіктері шегінде Департамент жұмыскерлерінің (қызметкерлерінің) орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіпте Департаменттің жұмыскерлеріне тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу мәселелерін шешеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департамент атынан өкілдік етеді;
7) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Департамент басшысы орнында болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Департамент басшысының Департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органдар құруға құқығы бар.
4. Департаменттің мүлкі
21. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департаменттің мүлкі мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда), Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруына немесе оған өзге де тәсілмен билік етуіне құқығы жоқ.
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.