"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 1 қарашадағы № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 580 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 ақпандағы № 67 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.02.2019 № 67 бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 1 қарашадағы № 118 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      "17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) іске асыру, бақылау-қадағалау функцияларын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ш. Ниязов көшесі, 78.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Департаментті Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босататылатын Басшы – Түркістан облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор (бұдан әрі – Басшы) басқарады.";

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 15 тамыздағы
№ 580 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 1 қарашадағы
№ 118 бұйрығына
17-қосымша

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Комитет) іске асыру, бақылау-қадағалау функцияларын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Департамент Комитеттің атынан егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттілік берілген жағдайда, Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 160002, Шымкент қаласы, Гагарин көшесі, 86-үй.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен Департаментке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру бойынша құқық берілген жағдайда, онда осындай қызметтен түскен кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Департаменттің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Департаменттің миссиясы:

      реттелетін салаларда іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру.

      14. Департаменттің міндеттері:

      1) реттелетін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу:

      2) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу;

      3) реттелетін салаларда мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету.

      15. Департаменттің функциялары:

      1) Департаменттің құзыреті шегінде іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және Министрліктің стратегиялық функцияларын және Комитеттің жұмыс жоспарын орындауға қатысады;

      2) Комитеттің келісімі бойынша өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

      3) Департаменттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      5) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;

      6) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысады;

      7) жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;

      8) адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ерекше жағдайларда, соттың шешімінсіз дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз тастай отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады;

      9) өзге де заңды тұлғалардың (декларациялауға жатпайтын) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының басшылары мен мүшелерінің білімдеріне тексеру жүргізеді;

      10) екі немесе одан көп облыстар шегінде орналастырылған қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келіседі;

      11) қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады;

      12) қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын және аварияға қарсы жаттығуларды өткізуге қатысады;

      13) өндірістік жағдайларда жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың тәжірибелік партиясын бақылау және қабылдау сынақтарын өткізу жөніндегі комиссияға қатысады;

      14) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;

      15) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы заңды және жеке тұлғалардың, ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      16) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстары мен техникалық құрылғыларын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландырулардың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      17) қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың салдарын жою және оқшаулау жұмыстарын жүргізуге дайындығына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      18) магистральдық құбыр жолдарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      19) қызметі үшінші бір тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын және олардың "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      20) жеке және заңды тұлғаларға Тексеру нәтижелері туралы акті, өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы анықталған бұзушылықтар бойынша ұйғарым береді;

      21) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      22) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салалардағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтарының нысандарын әзірлеуге қатысады;

      23) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салалардағы тоқсандық және жартыжылдық тексеру жүргізу кестелерін әзірлеуге қатысады;

      24) реттелетін салалардағы біліктілік және/немесе рұқсаттама талаптарына өтініш берушілердің сәйкестігіне рұқсаттама бақылауын жүзеге асырады;

      25) қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне мониторингті ұйымдастыруға қатысады;

      26) реттелетін салалардағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізуді жүзеге асырады;

      27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      16. Департаменттің құқықтары:

      1) белгіленген тәртіпте және құзыреттілігі шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша тексерулерді және мемлекеттік қадағалау мен бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырады;

      2) жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      3) Департамент жанынан жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультациялық-кеңестік органдар (жұмыс топтары, комиссиялар, кеңестер) құру;

      4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды, бұл туралы Комитет және мемлекеттік органдар ресми сұрау салған жағдайда ұсыну;

      5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның ішінде халықаралық конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

      6) өңірлерде, мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, сондай-ақ республиканың барлық соттарында оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің және Комитеттің атынан өкілдік етеді және тиісті хат алмасуды жүргізу, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу;

      7) өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      17. Департаменттің міндеттері:

      1) басқа мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      2) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер, ұсынымдар, нұсқамалар ұсыну және шешімдер қабылдау;

      3) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      5) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдау;

      6) Министрліктің және Комитеттің басшылығының тапсырмаларын орындау, өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау;

      7) құзыреттілігі шегінде құқықтық, консультативтік және практикалық көмекті жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

      18. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

      19. Департаментті Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босататылатын Басшы – Шымкент қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор (бұдан әрі – Басшы) басқарады.

      20. Басшының Министрліктің Жауапты хатшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасары/орынбасарлары болады.

      21. Департамент Басшысы Департамент қызметіне жалпы басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады, Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      22. Осы мақсатта Департамент Басшысы:

      1) өз орынбасарының, Департаменттің бөлім басшыларының және жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды және бекітеді;

      2) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Департамент жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Департамент жұмыскерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ олардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаментті таныстырады;

      6) Департамент бөлімдерінің ережелерін бекітеді;

      7) заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар белгілейді;

      8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары не сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын іс-қимылдар анықталған жағдайда, бұл туралы Комитет басшылығын хабардар етеді;

      9) Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      10) Департаменттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      11) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметтің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;

      12) өзінің құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      13) Комитет басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;

      14) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;

      15) Департаменттің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, персоналды басқару және құжат айналымын ұйымдастыру қызметінің жұмысын бақылайды;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент Басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      23. Департамент басшысының орынбасары/орынбасарлары:

      1) өз өкілеттігі шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

      2) Департамент Басшысы болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      3) Департамент Басшысы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      24. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент Басшысының атынан Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жолданатын құжаттарға Департамент басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

4-тарау. Департаменттің мүлкі

      25. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, Департаменттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Департамент мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      26. Департаментке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      27. Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада басқалай белгіленбесе, өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілдермен оған билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады