"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 3 тамыздағы № 304 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаментіне келісу үшін өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларда, жұмыстарда және көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті жолдайды;

      12) Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментіне өз құзыреті шегінде қызметті қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға техникалық өзіндік ерекшеліктерін ұсынады;

      13) өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы шарттарына қол қояды;

      14) жеткізушілерден өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдайды және оларға сәйкес қаржылық құжаттарға қол қояды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаментіне келісу үшін өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларда, жұмыстарда және көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті жолдайды;

      12) Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментіне өз құзыреті шегінде қызметті қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға техникалық өзіндік ерекшеліктерін ұсынады;

      13) өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы шарттарына қол қояды;

      14) жеткізушілерден өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдайды және оларға сәйкес қаржылық құжаттарға қол қояды.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Досмұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады