Ескерту. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 11.04.2019 № 4-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 17-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы" Есеп комитетінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 15-НҚ нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:
"Ақпараттандыру секторы" бөлімінің "Сектор меңгерушісі" кіші бөлімінде:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Білімі | Жоғары білімі: техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер немесе есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе радиотехника, электроника және телекоммуникациялар немесе электроэнергетика); әлеуметтік ғылымдар және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік аудит). |
".
2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының көшірмелерінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төрайым | Н. Годунова |