"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 06 сәуірдегі № 2-НҚ бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 135-НҚ бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысының 2017 жылғы 6 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – Комитет) туралы ереженің 19-тармағының 5) тармақшасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 06 сәуірдегі № 2-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Комитеттің Заң қызметі басқармасы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға Ж. Бекшин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады