Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Төрағасының 05.07.2019 № 132-НҚ (Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 942 қаулысына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Жауапты хатшысының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 63 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің қоса беріліп отырған мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрайымның 2018 жылғы 15 мамырдағы №177 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы келісімі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы |
Л. Бюрабекова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 209 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті "Б"
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары Әкімшілік басқармасының басшысы, С-3 санаты (1 бірлік), № 18-01-1
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина, медициналық-профилактикалық ісі), құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша жоғары білімі |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлануы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес |
Функционалдық міндеттері | Басқарма қызметіне, сондай-ақ басқарма құзыретінің мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметіне басшылық ету және ұйымдастыру. Комитет қызметкерлерінің Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қаралуын және орындалуын бақылау. Орындаушылық тәртіптің, Комитет жүйесінде тілдер мен мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың жүзеге асырылу жағдайын бақылау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканы жоспарлауды және сатып алуды қаржылық суйемелдеу. Аумақтар бөлінісінде бюджет ілгерілетуге жиынтық өтінімнің дайындалуын үйлестіру. Қаржыландыру мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету. Республикалық бюджеттік бағдарламаларды және пайдалану тиімділігін мониторингтеу және өңірлер бойынша бюджет қаражаттарының нысаналы пайдаланылуын бақылау. Бюджет қаражаттарының уақтылы игерілуін болжау. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру және орындау. Комитеттің нормативтік құқықтық актілерін және құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарма қызметкерлеріне көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Әкімшілік басқармасының персоналды басқару жөніндегі бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік), № 18-01-2
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина, медициналық-профилактикалық ісі), құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Еңбек және орындаушылық тәртіптін сақталуын бақылау. Персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру. Кадр қажеттілігін, соның ішінде мамандықтары мен біліктілігі бойынша қажеттіліктерді талдау және жобалау. Кадрлық құрамды қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру. Кадрлар мониторингі және кадрлық іс қағаздар, соның ішінде "Е-қызмет" персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Кәсіби бейімделуге жағдай жасау және Комитетте тәлімгерлікті ұйымдастыру. Қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өткізу арқылы кадрлардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету. Конкурстық, аттестациялық, тәртіптік комиссиялардың, еңбек өтілін есептеу мен кадр мәселелері бойынша өзге де комиссия қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметке түсу, өту және аяқтау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалауды, оларды аттестациялау рәсімдерінің сақталуын ұйымдастыру. Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Әкімшілік басқармасының бас сарапшысы-бухгалтер, С-4 санаты (1 бірлік), № 18-01-3
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканы жоспарлауды және сатып алуды қаржылық сүйемелдеу. Өңірлер бөлінісінде бюджет қаражаттарын ілгерілетуге жиынтық өтінімді дайындау. Комитеттің аумақтық бөлімшелерін төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын "Қаржыландыру жоспарын қалыптастыру және нақтылау" бағдарламасына енгізу. Саланы қаржыландыру мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету. Пайдалану тиімділігін мониторингтеу және өңірлер бойынша бюджет қаражаттарының орынды пайдаланылуын бақылау. Бюджет қаражаттарының уақтылы игерілуін болжау. Жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру және орындау. Аумақтар бөлінісінде дебиторлық және кредиторлық берешек жөніндегі есептілікті дайындау. Басқарма құзыреті шегінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың мониторингін жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Әкімшілік басқармасының бас сарапшысы-заңгер консультант, С-4 санаты (1 бірлік),
№ 18-01-4
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Құқық (құқықтану, халықаралық құқық) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Комитет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіпте Комитет мүддесін білдіру. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін үйлестіру және мониторинг жүргізу. Комитет әзірлейтін нормативтік және құқықтық актілерінің жобаларын, шарттарды, процессуалдық құжаттарды, сондай-ақ, заңды сипаттағы басқа да құжаттарды дайындауға қатысу. Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобаларын өткізу кезінде қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шараларды, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Комитетте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыруды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Комитетке келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін жүйелі есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру. Комитет және АД қатысуымен өткен тиісті сот талқылауын туындатқан негізгі себептер мен шарттарын анықтау мақсатында талап-арыз жұмысының, даулар бойынша сот тәжірибесінің жай-күйіне талдау жүргізу және оларды жою, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Барлық сот инстанцияларында Комитет пайдасына шешілмеген сот актілеріне шағымдану бойынша уақтылы шаралар қабылдау, сондай-ақ қадағалау тәртібінде прокуратура органдарына наразылық білдіру бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен өтініштер қалдыру. Комитетте және оның аумақтық департаменттерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. Орындаушылық тәртіптің, Комитет жүйесінде тілдер мен мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманың жүзеге асырылу жағдайын бақылау. |
Фармацевтикалық инспекторат басқармасының басшысы – мемлекеттік
фармацевтикалық инспектор (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-3 санаты
(1 бірлік), № 18-02-1
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Басқарма қызметіне, сондай-ақ басқарма құзыретінің мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметіне басшылық ету және ұйымдастыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында, соның ішінде фармацевтикалық қызметті лицензиялау біліктілік талаптарының және қағидаларының сақталуы, клиникалық және зертханалық базаларды аккредиттеуді тиісті фармацевтикалық практика стандартына сәйкесттендіру мәселелерін үйлестіру және инспекциялауды жүргізу. "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК жұмысын фармацевтикалық инспекторат бөлігінде үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жүзеге асырудың жолын кесу шараларын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласын дамыту стратегияларын, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметшілерінің жұмысына бақылау жүргізу, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауды бақылау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру туралы ұсыныстар енгізу. Әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза тағайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Фармацевтикалық инспекторат басқармасының бас сарапшысы – мемлекеттік
фармацевтикалық инспектор (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-4 санаты
(3 бірлік) № № 18-02-2, 18-02-3, 18-02-4
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес. |
Функционалдық міндеттері | Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында, соның ішінде фармацевтикалық қызметті лицензиялау біліктілік талаптарының және қағидаларының сақталуы, тиісті фармацевтикалық практика стандартына сәйкестігіне клиникалық және зертханалық базаларды аккредиттеу мәселелерін үйлестіру және инспекциялау жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Басқарма құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелер қызметіне талдау жүргізу. Жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өткізудің алдын кесу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласын дамыту стратегияларын, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Фармацевтикалық инспекторат басқармасының сарапшысы – мемлекеттік
фармацевтикалық инспектор (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-5 санаты
(1 бірлік) № 18-02-5
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес |
Функционалдық міндеттері | Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында, соның ішінде фармацевтикалық қызметті лицензиялау біліктілік талаптарының және қағидаларының сақталуы, тиісті фармацевтикалық практика стандартына сәйкестігіне клиникалық және зертханалық базаларды аккредиттеу мәселелерін үйлестіру және инспекциялау жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Басқарма құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелер қызметіне талдау жүргізу. Жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өткізудің алдын кесу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласын дамыту стратегияларын, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы мәселелерін реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және
интеграция басқармасының басшысы – мемлекеттік фармацевтикалық инспектор
(фармацевтикалық білімі болған кезде), С-3 санаты (1 бірлік), № 18-03-1
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация). техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес |
Функционалдық міндеттері | Басқарма қызметіне, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің қызметіне фармацевтика саласындағы мемлекеттік, соның ішінде электрондық қызметтер мәселелері бойынша басшылық ету және ұйымдастыру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақытылы және сапалы жүзеге асыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Денсаулық сақтау саласында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу құжаттамасына өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Дүниежүзілік сауда ұйымының шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру. Тіркелген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың зияткерлік меншігін және тауар белгілерін қорғау, қауіпсіздік пен сапасын бағалау мәселелерін үйлестіру. Өз құзыреті шегінде фармацевтикалық саланы дамыту стратегияларын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникасын ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК қызметтерін үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Басқарма қызметкерлерінің жұмысына бақылау жүргізу, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауды бақылау, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және
интеграция басқармасының бас сарапшысы – мемлекеттік фармацевтикалық
инспектор (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-4 санаты (4 бірлік), № № 18-03-2,
18-03-3, 18-03-4, 18-03-5
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес |
Функционалдық міндеттері | Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Денсаулық сақтау саласында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Дүниежүзілік сауда ұйымының шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру. Тіркелген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың зияткерлік меншігін және тауар белгілерін қорғау, қауіпсіздік пен сапасын бағалау мәселелерін үйлестіру. Өз құзыреті шегінде фармацевтикалық саланы дамыту стратегияларын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникасын ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК қызметін үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және
интеграция басқармасының сарапшысы – мемлекеттік фармацевтикалық инспектор
(фармацевтикалық білімі болған кезде), С-5 санаты (1 бірлік), № 18-03-6
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес |
Функционалдық міндеттері | Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Денсаулық сақтау саласында дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру. Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Дүниежүзілік сауда ұйымының шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру. Тіркелген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың зияткерлік меншігін және тауар белгілерін қорғау, қауіпсіздік пен сапасын бағалау мәселелерін үйлестіру. Өз құзыреті шегінде фармацевтикалық саланы дамыту стратегияларын, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникасын ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК қызметін үйлестіру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мониторингі және талдау басқармасының басшысы–
мемлекеттік фармацевтикалық инспектор (фармацевтикалық білімі болған кезде), С-3
санаты (1 бірлік), № 18-04-1
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина, медициналық-профилактикалық ісі), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес |
Функционалдық міндеттері | Басқарма қызметіне, сондай-ақ басқарма құзыретінің мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметіне басшылық ету және ұйымдастыру. Дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Өз құзыреті шегінде Формулярлық жүйені жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларың келісу және формулярлық комиссияларының жұмыстарын үйлестіру. "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" ШЖҚ РМК Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының қызметін үйлестіру. Дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлігінде Бірыңғай дистрибьюторды үйлестіру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар бойынша анықтаманы әзірлеу (қайта қарау), соның ішінде бағаларды мониторингтеу мәселелері бойынша жетекшілік ету. Дәрі-дәрмекпен, соның ішінде амбулаториялық деңгейде қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің шеңберінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, соның ішінде есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың, акцизсіз этиль спирті айналымы саласында пайдаланылуына мониторинг жүргізу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүйесінде жергілікті атқарушы органдармен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметшілерінің жұмысына бақылауды жүзеге асыру, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауды бақылау, мамандардың жұмысында практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мониторингі және талдау басқармасының бас
сарапшысы –мемлекеттік фармацевтикалық инспектор (фармацевтикалық білімі
болған кезде), С-4 санаты (5 бірлік), № № 18-04-2, 18-04-3, 18-04-4, 18-04-5, 18-04-6
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина, медициналық-профилактикалық ісі), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес |
Функционалдық міндеттері | Дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Өз құзыреті шегінде Формулярлық жүйені жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, формулярлық комиссияларының жұмыстарын үйлестіру және дәрілік формулярларды келісу. "Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" ШЖҚ РМК Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы қызметін үйлестіру. Дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлігінде бірыңғай дистрибьюторды үйлестіру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар бойынша анықтаманы әзірлеу (қайта қарау), соның ішінде бағаларды мониторингтеу мәселелері бойынша жетекшілік ету. Дәрі-дәрмекпен, соның ішінде амбулаториялық деңгейде қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асыру. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, соның ішінде есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың, акцизсіз этиль спирті айналысы саласында пайдаланылу мониторингін жүзеге асыру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жергілікті атқарушы органдармен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мониторингі және талдау басқармасының
басшысы – мемлекеттік фармацевтикалық инспектор (фармацевтикалық білімі болған
кезде), С-3 санаты (1 бірлік), № 18-05-1
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина, медициналық-профилактикалық ісі), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес келеді. |
Функционалдық міндеттері | Басқарма қызметіне, сондай-ақ басқарма құзыретінің мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметіне басшылық ету және ұйымдастыру. Медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника ұтымды пайдалану мәселелері бойынша "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникасын ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК қызметін үйлестіру. Медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету бөлігінде бірыңғай дистрибьюторды үйлестіру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша анықтаманы әзірлеу (қайта қарау), соның ішінде бағаны талдау мәселелері бойынша жетекшілік ету. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға мониторинг жүргізу. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жергілікті атқарушы органдармен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Басқарма қызметшілерінің жұмысына бақылауды жүзеге асыру, еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауды бақылау, мамандардың жұмысында практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, сондай-ақ олардың орындарын ауыстыру туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |
Медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы –
мемлекеттік фармацевтикалық инспектор (фармацевтикалық білімі болған кезде),
С-4 санаты (3 бірлік), № № 18-05-2, 18-05-3, 18-05-4
Өлшемшарттар | Талаптар |
---|---|
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, медицина, медициналық-профилактикалық ісі), техникалық ғылымдар мен технологиялар (фармацевтикалық өндірістің технологиясы, биотехнология, органикалық заттардың химиялық технологиясы), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білімі. |
Кәсіби құзыреттілігі | Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. |
Практикалық тәжірибесі | Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес |
Функционалдық міндеттері | Медициналық мақсаттағы бұйымдар мене медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру. Медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника ұтымды пайдалану мәселелері бойынша "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техникасын ұлттық сараптау орталығы" ШЖҚ РМК қызметін үйлестіру. Медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету бөлігінде бірыңғай дистрибьюторды үйлестіру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша анықтаманы әзірлеу (қайта қарау), соның ішінде баға мониторингі мәселелері бойынша жетекшілік ету. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың пайдалану мониторингін жүзеге асыру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жергілікті атқарушы органдармен, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыретінің шегінде қарау. Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. |