"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 33/НҚ бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2019 жылғы 22 шілдедегі № 169/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 22.07.2019 № 169/НҚ бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 кодексіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 5/НҚ бұйрығының ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 қарашада жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 5/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 152/НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Заң шығару институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс жəне
аэроғарыш өнеркəсібі министрінің
міндетін атқарушы
М. Нұрғожин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс
жəне аэроғарыш өнеркəсібі
министрінің міндетін
атқарушының
2019 жылғы 10 cәуірдегі
№ 33 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) реттеушілік, іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитет егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитет құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, "Министрліктер үйі" 8-ғимарат, 1-кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттiк мекемесi.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      13. Міндеттері:

      1) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      2) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі;

      3) реттелетiн салалардағы мемлекеттiк басқару және мемлекеттік бақылау;

      4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

      5) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

      3) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында бекітілуі бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      5) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      6) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      7) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      9) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      12) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      13) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      14) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;

      15) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу;

      16) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеу;

      17) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын әзірлеу;

      18) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша акт беру;

      19) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеу;

      20) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын әзірлеу;

      21) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      22) Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде орындау үшін ұйғарымдар беру;

      23) домендік атаулардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау бойынша ұсыныстар дайындау, интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын әзірлеу;

      24) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін әзірлеу;

      25) қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін әзірлеу;

      26) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу;

      27) электрондық өнеркәсіп және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын әзірлеу;

      28) электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына беру тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;

      29) Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлеу;

      30) мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар беру;

      31) мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама беру;

      32) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу;

      33) электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесу;

      34) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;

      35) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      36) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті ведомствоаралық үйлестіруге қатысу;

      37) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалмағаны үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;

      38) электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін жүргізу;

      39) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізу;

      40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;

      6) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;

      7) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолданған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;

      8) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды мен міндеттерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитет басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттіліктері:

      1) Министрдің, Министрліктің Жауапты хатшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;

      2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу оларға, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ олардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комитет атынан өкілдік етеді;

      7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерін, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      8) мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қояды;

      9) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      10) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

      11) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлікке иелік етуге құқығы бар.

      Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті егер заңнамада өзгесі белгіленбесе, дербес иеліктен айыруға немесе оған басқадай жолмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады