Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 65 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 44-Ө бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2019 № 44-Ө бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 16-тармағы 44), 45), 59), 76) тармақшаларын, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 82) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 6 ақпандағы
№ 65 бұйрығына
1-қосымша

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын мемлекеттік басқару салаларындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.

      2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі - Ереже) қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшелері және оның қарамағындағы ұйымдары бар.

      3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Комитет егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

      9. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 32 үй.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2019 № 286 бұйрығымен.

      10. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: еліміздің барлық өндірістік салаларын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін арттыру.

      15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      16. Функциялары:

      1) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      3) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      5) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

      6) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;

      7) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      8) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      9) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      10) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдау;

      11) жүргізілген реттеушілік әсерді талдаудың нәтижесін Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;

      12) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;

      13) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      14) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;

      15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;

      16) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізу;

      17) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      18) бекітілген тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, ведомстволық есептіліктің жиынтық деректерін Министрліктің интернет-ресурсында орналастыру;

      19) тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi мен нысанасын көрсете отырып, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру, ішінара тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерудің өзі басталғанға дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын тексерiлетiн субъектiге жазбаша түрде хабарлау;

      20) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағының 2), 7), 9) және 10) тармақшаларында, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерудің өзі басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;

      21) тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      22) тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексерудi ұзарту туралы қосымша актіні ресiмдеу;

      23) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеу;

      24) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң немесе іс-қимылдың жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;

      26) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген топтарға жатқызу, сондай-ақ тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылғандарға және тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылмағандарға бөлу;

      27) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      28) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      29) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

      30) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      31) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар беру;

      32) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;

      33) геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын әзірлеу;

      34) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметі ашықтығының бастамалары стандартын іске асыру;

      35) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;

      36) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын әзірлеу;

      37) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпаратты және оның жеткізгіштерін сақтау және есепке алу қағидаларын әзірлеу;

      38) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      39) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау;

      40) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

      41) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу;

      42) жер қойнауының мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын, Жер қойнауының мемлекеттік сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлеу;

      43) тарихи шығындардың мөлшерiн, геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындау;

      44) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені әзірлеу;

      45) қорлар жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені әзірлеу;

      46) Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалар қызметі айқындығының бастама стандартын іске асыру бойынша есептіліктің нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      47) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      48) тау-кен жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      49) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      50) кен іздеушілік жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;

      51) кең таралған пайдалы қатты қазбаларды қоспағанда, геологиялық және тау-кен бөлiнiсiн беру;

      52) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;

      53) геологиялық есептің нысанын әзірлеу;

      54) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;

      55) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;

      56) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;

      57) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кеңістігін пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

      58) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру туралы өтінішті жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамада көзделген лицензияны беруден бас тарту үшін негіздердің болуы тұрғысынан қарау;

      59) пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын бағалау туралы есепте ресурстардың "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес бұрын бекітілген өнеркәсіптік санаттар қорларының жиырма бес пайызынан астам емес азаюы негізділігін растау;

      60) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жұмыс тобы мақұлдаған жұмыс бағдарламасының жобасын келісу;

      61) өтініш берілген жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқ екендігін немесе ресурстар перспективасының жоқ екендігін растайтын геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептің мемлекеттік сараптама қорытындысын беру;

      62) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының рұқсатын келісу;

      63) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу;

      64) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

      65) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      66) жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      67) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      68) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша есептер нысандарын әзірлеу;

      69) тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасын әзірлеу;

      70) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

      71) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу және пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу;

      72) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

      73) кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштер беру және қарау қағидаларын әзірлеу;

      74) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жоюды және консервациялауды жүзеге асыру;

      75) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;

      76) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;

      77) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;

      78) керндерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;

      79) бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу тәртiбiн келiсу;

      80) жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті органға нормаланатын ысыраптар туралы деректерді ұсыну қағидаларын әзірлеу;

      81) жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың сынамалар түріндегі табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруы және (немесе) сынамаларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;

      82) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын нормаланатын ысыраптар туралы деректер негізінде жүзеге асырылатын пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде ысырапты есепке алу;

      83) ұңғымадан көмірсутектердің ағымын құжатпен растау арқылы алу, оның ішінде қабатты сынағышпен сынамалау жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың мол болуына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу кезінде растаған жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылуын растау;

      84) келісімшарттың шарттарында барлау көзделген пайдалы қатты қазбалар кен орнының табылғанын растау (бағалауды талап ететін кен орнының табылғаны туралы қорытынды);

      85) жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстары жобаларына өзгерістерді келісу;

      86) уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жұмыс бағдарламасын келісу;

      87) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

      88) барлау учаскесінде бір мың текше метрден асатын көлемде тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақты ауыстыруға рұқсат беру;

      89) жер қойнауын пайдаланушының теңгеріміне ұңғымаларды, технологиялық бірліктерді қабылдау және беру;

      90) Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      91) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;

      92) Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2019 № 286 бұйрығымен.

      93) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт нормалары мен бағасын әзірлеу;

      94) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      95) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндіруге арналған лицензияларды беруге өтініштерді келісу;

      96) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2019 № 286 бұйрығымен.

      17. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:

      Комитет мыналарды:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығаруға;

      2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрауға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге шараларды өткізуге;

      5) қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      Комитеттің міндеттеріне мыналар:

      1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;

      4) Комитет теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      5) бухгалтерлік есепті жүргізу;

      6) бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Министрлікке беру;

      7) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      8) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу кіреді.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      18. Комитет басшылығын төраға жүзеге асырады, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

      19. Төрағаны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Төрағаның Министрліктің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

      21. Комитет төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      22. Комитет төрағасы комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

      23. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      3) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;

      4) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Министрліктің жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      24. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      25. Комитет төрағасының орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Комитет төрағасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      26. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігінің Геология және
жер қойнауын пайдалану
комитеті" республикалық
мемлекеттік мекемесінің
ережесіне
қосымша

Комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі

      1) "Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 6 ақпандағы
№ 65 бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң Өскемен қаласындағы "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңiраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң Өскемен қаласындағы "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңiраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Шығысқазжерқойнауы" ӨД) Шығыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару салаларындағы функцияларды жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД-нің құрылымында:

      1) Өскемен өңірлік инспекциясы;

      2) Семей өңірлік инспекциясы бар.

      3. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтары және осы "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң Өскемен қаласындағы "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңiраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД егер осыған уәкілеттік берілген болса, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

      8. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан – әрі Министрлік) жауапты хатшысымен бекітіледі.

      9. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070004, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 35.

      10. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД толық атауы:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң Өскемен қаласындағы "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан өңiраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі"

      11. Осы Ереже "Шығысқазжерқойнауы" ӨД құрылтай құжаттары болып табылады.

      12. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД қызметтерін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығысқазжерқойнауы" ӨД функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түспейді.

      "Шығысқазжерқойнауы" ӨД Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: елдің барлық өндірістік саласын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін арттыру.

      15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      16. Функциялары:

      1) меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;

      2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;

      3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

      4) тарихи шығындар мөлшерін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындау;

      5) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;

      6) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;

      7) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және өаңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шараларын келісу;

      8) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша геологиялық және тау-кен бөлінісін беру;

      9) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру;

      10) жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;

      11) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

      12) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      14) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      15) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      16) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

      17) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

      18) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;

      19) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;

      20) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;

      21) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;

      22) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

      23) пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;

      24) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      25) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;

      26) жер қойнауын пайдаланушының теңгеріміне ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;

      27) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;

      28) тиісті салада мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      29) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;

      30) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      31) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      32) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      33) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республкасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      34) жою жоспарларының кешенді сараптамасын жүргізу;

      35) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша осы суларды ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      36) жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларын келісу;

      37) уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жұмыс бағдарламасын келісу

      38) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      39) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жұмыс тобы мақұлдаған жұмыс бағдарламасының жобасын келісу;

      40) елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын келісу;

      41) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

      17. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД құқықтары мен міндеттері:

      "Шығысқазжерқойнауы" ӨД-нің мыналарға:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығаруға;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзгеде іс-шараларды өткізуге;

      5) "Шығысқазжерқойнауы" ӨД қызметінің басшылық ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асырады

      "Шығысқазжерқойнауы" ӨД міндеттеріне:

      1) "Шығысқазжерқойнауы" ӨД-ге жүктелген міндеттер мен қызметтерді іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) "Шығысқазжерқойнауы" ӨД теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      4) бухгалтерлік есепті жүргізу;

      5) бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Комитет пен Министрлікке беру;

      6) "Шығысқазжерқойнауы" ӨД-ге бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу кіреді.

3-тарау. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД қызметін ұйымдастыру

      18. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД басшылықты басшы жүзеге асырады, "Шығысқазжерқойнауы" ӨД жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      19. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД Министрліктің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

      20. Басшының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

      21. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД басшысы "Шығысқазжерқойнауы" ӨД қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және "Шығысқазжерқойнауы" ӨД жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

      22. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД басшысының өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының және "Шығысқазжерқойнауы" ӨД құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;

      2) "Шығысқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлерін өз орынбасарларын қоспағанда, лауазымға тағайындайды және босатады;

      3) "Шығысқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлеріне өз орынбасарларын тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

      4) "Шығысқазжерқойнауы" ӨД мүддесін басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;

      5) "Шығысқазжерқойнауы" ӨД бұйрықтарына қол қояды;

      6) "Шығысқазжерқойнауы" ӨД жұмыс жоспарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Шығысқазжерқойнауы" ӨД басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Министрліктің жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      23. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД басшысы өз орынбасарларының, құрылымдық бөлімшілердің басшылары мен "Шығысқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды.

      24. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД басшысының орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде "Шығысқазжерқойнауы" ӨД-нің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Комитет төрағасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау."Шығысқазжерқойнауы" ӨД мүлкі

      25. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД мүлкі оған мемлекетпен тапсырылған мүлік есебінен қалыптасады және "Шығысқазжерқойнауы" ӨД теңгерімінде олардың құны көрсетілетін негізгі қор мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүліктен тұрады.

      26. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, "Шығысқазжерқойнауы" ӨД өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау."Шығысқазжерқойнауы" ӨД қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Шығысқазжерқойнауы" ӨД қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 6 ақпандағы
№ 65 бұйрығына
3-қосымша

"Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Батысқазжерқойнауы" ӨД) Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының аумақтарында мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару салаларында функцияларды жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. "Батысқазжерқойнауы" ӨД-нің құрамында:

      1) Ақтөбе өңірлік инспекциясы;

      2) Атырау өңірлік инспекциясы;

      3) Батыс Қазақстан өңірлік инспекциясы;

      4) Маңғыстау өңірлік инспекциясы бар.

      3. "Батысқазжерқойнауы" ӨД өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтары және осы "Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Батысқазжерқойнауы" ӨД республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Батысқазжерқойнауы" ӨД егер осыған уәкілеттік берілген болса, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Батысқазжерқойнауы" ӨД егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Батысқазжерқойнауы" ӨД өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

      8. "Батысқазжерқойнауы" ӨД құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан – әрі министрлік) жауапты хатшысымен бекітіледі.

      9. "Батысқазжерқойнауы" ӨД орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030020, Ақтөбе қаласы, Ш. Қалдаяқов көшесі, 5 "б".

      10. "Батысқазжерқойнауы" ӨД толық атауы:

      "Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Батысқазжерқойнауы" ӨД құрылтай құжаттары болып табылады.

      12. "Батысқазжерқойнауы" ӨД қызметтерін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. "Батысқазжерқойнауы" ӨД кәсіпкерлік субъектілерімен "Батысқазжерқойнауы" ӨД функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түспейді.

      "Батысқазжерқойнауы" ӨД Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. "Батысқазжерқойнауы" ӨД негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: елдің барлық өндірістік саласын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін арттыру.

      15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      16. Функциялары:

      1) меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;

      2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;

      3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

      4) тарихи шығындар мөлшерін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындау;

      5) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;

      6) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;

      7) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және заңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шараларын келісу;

      8) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша геологиялық және тау-кен бөлінісін беру;

      9) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру;

      10) жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;

      11) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

      12) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      14) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      15) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      16) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

      17) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

      18) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;

      19) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;

      20) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;

      21) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;

      22) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

      23) пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;

      24) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      25) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;

      26) жер қойнауын пайдаланушының теңгеріміне ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;

      27) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің кодексінің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;

      28) тиісті салада мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      29) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;

      30) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      31) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      32) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      33) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      34) жою жоспарларының кешенді сараптамасын жүргізу;

      35) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша осы суларды ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      36) жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларын келісу;

      37) уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жұмыс бағдарламасын келісу

      38) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      39) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жұмыс тобы мақұлдаған жұмыс бағдарламасының жобасын келісу;

      40) елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын келісу;

      41) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

      17. "Батысқазжерқойнауы" ӨД құқықтары мен міндеттері:

      "Батысқазжерқойнауы" ӨД-нің мыналарға:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығаруға;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрауға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзгеде іс-шараларды өткізуге;

      5) "Батысқазжерқойнауы" ӨД қызметінің басшылық ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      "Батысқазжерқойнауы" ӨД міндеттеріне:

      1) "Батысқазжерқойнауы" ӨД-ге жүктелген міндеттер мен қызметтерді іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) "Батысқазжерқойнауы" ӨД теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      4) бухгалтерлік есепті жүргізу;

      5) бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Комитет пен Министрлікке беру;

      6) "Батысқазжерқойнауы" ӨД-ге бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу кіреді.

3-тарау. "Батысқазжерқойнауы" ӨД қызметін ұйымдастыру

      18. "Батысқазжерқойнауы" ӨД басшылықты басшы жүзеге асырады, "Батысқазжерқойнауы" ӨД жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      19. "Батысқазжерқойнауы" ӨД Министрліктің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

      20. Басшының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

      21. "Батысқазжерқойнауы" ӨД басшысы "Батысқазжерқойнауы" ӨД қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және "Батысқазжерқойнауы" ӨД жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

      22. "Батысқазжерқойнауы" ӨД басшысының өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының және "Батысқазжерқойнауы" ӨД құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;

      2) "Батысқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлерін өз орынбасарларын қоспағанда, лауазымға тағайындайды және босатады;

      3) "Батысқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлеріне өз орынбасарларын тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

      4) "Батысқазжерқойнауы" ӨД мүддесін басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;

      5) "Батысқазжерқойнауы" ӨД бұйрықтарына қол қояды;

      6) "Батысқазжерқойнауы" ӨД жұмыс жоспарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Батысқазжерқойнауы" ӨД басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Министрліктің жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      23. "Батысқазжерқойнауы" ӨД басшысы өз орынбасарларының, құрылымдық бөлімшілердің басшылары мен "Батысқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды.

      24. "Батысқазжерқойнауы" ӨД басшысы орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде "Батысқазжерқойнауы" ӨД-нің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Комитет төрағасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. "Батысқазжерқойнауы" ӨД мүлкі

      25. "Батысқазжерқойнауы" ӨД шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар. "Батысқазжерқойнауы" ӨД мүлкі оған мемлекетпен тапсырылған мүлік есебінен қалыптасады және "Батысқазжерқойнауы" ӨД балансында олардың құны көрсетілетін негізгі қор мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүліктен тұрады.

      26. "Батысқазжерқойнауы" ӨД бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, "Батысқазжерқойнауы" ӨД өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Батысқазжерқойнауы" ӨД қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Батысқазжерқойнауы" ӨД қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 6 ақпандағы
№ 65 бұйрығына
4-қосымша

"Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД) Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумақтарында мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару салаларында функцияларды жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД-нің құрамында:

      1) Қостанай өңірлік инспекциясы;

      2) Солтүстік Қазақстан өңірлік инспекциясы;

      3) Ақмола өңірлік инспекциясы бар.

      3. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтарына және осы "Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД егер осыған уәкілеттік берілген болса, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

      8. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан-әрі министрлік) жауапты хатшысымен бекітіледі.

      9. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1, корпус Б.

      10. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД толық атауы:

      "Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Солтүстікқазжерқойнауы" Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі".

      11. Осы Ереже "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД құрылтай құжаттары болып табылады.

      12. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметтерін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД кәсіпкерлік субъектілерімен "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түспейді.

      "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: елдің барлық өндірістік саласын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін арттыру.

      15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      16. Функциялары:

      1) меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;

      2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;

      3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

      4) тарихи шығындар мөлшерін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындау;

      5) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;

      6) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;

      7) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және өаңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шараларын келісу;

      8) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша геологиялық және тау-кен бөлінісін беру;

      9) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру;

      10) жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;

      11) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

      12) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      14) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      15) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      16) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

      17) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

      18) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;

      19) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;

      20) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;

      21) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;

      22) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

      23) пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;

      24) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      25) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;

      26) жер қойнауын пайдаланушының теңгеріміне ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;

      27) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің кодексінің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;

      28) тиісті салада мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      29) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;

      30) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      31) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      32) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      33) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республкасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      34) жою жоспарларының кешенді сараптамасын жүргізу;

      35) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша осы суларды ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      36) жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларын келісу;

      37) уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жұмыс бағдарламасын келісу

      38) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      39) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жұмыс тобы мақұлдаған жұмыс бағдарламасының жобасын келісу;

      40) елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын келісу;

      41) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

      17. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД құқықтары мен міндеттері:

      "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД-нің мыналарға:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығаруға;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзгеде іс-шараларды өткізуге;

      5) "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметінің басшылық ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД міндеттеріне:

      1) "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД-ге жүктелген міндеттер мен қызметтерді іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      4) бухгалтерлік есепті жүргізу;

      5) бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Комитет пен Министрлікке беру;

      6) "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД-ге бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу кіреді.

3-тарау. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметін ұйымдастыру

      18. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшылықты "басшылықты басшы жүзеге асырады, "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      19. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД Министрліктің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

      20. Басшының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

      21. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысы "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

      22. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысының мақсаттары:

      1) өз орынбасарларының және "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;

      2) "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлерін өз орынбасарларын қоспағанда, лауазымға тағайындайды және босатады;

      3) "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлеріне өз орынбасарларын тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

      4) "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД мүддесін басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;

      5) "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД бұйрықтарына қол қояды;

      6) "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД жұмыс жоспарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Министрліктің жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      23. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысы өз орынбасарларының, құрылымдық бөлімшілердің басшылары мен "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды.

      24. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысы орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД-нің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Комитет төрағасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД мүлкі

      25. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД мүлкі оған мемлекетпен тапсырылған мүлік есебінен қалыптасады және "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД балансында олардың құны көрсетілетін негізгі қор мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүліктен тұрады.

      26. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Солтүстікқазжерқойнауы" ӨД қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 6 ақпандағы
№ 65 бұйрығына
5-қосымша

"Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Орталыққазжерқойнауы" ӨД) Павлодар және Қарағанды облыстарының аумақтарында мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару салаларында функцияларды жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД-нің құрамында:

      1) Қарағанды өңірлік инспекциясы;

      2) Павлодар өңірлік инспекциясы бар.

      3. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтары және осы "Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД егер осыған уәкілеттік берілген болса, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

      8. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан-әрі Министрлік) жауапты хатшысымен бекітіледі.

      9. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100012, Қарағанды қаласы, Бұхар Жырау даңғылы, 47.

      10. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД толық атауы:

      "Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Орталыққазжерқойнауы" Орталық Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі".

      11. Осы Ереже "Орталыққазжерқойнауы" ӨД құрылтай құжаттары болып табылады.

      12. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД қызметтерін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД кәсіпкерлік субъектілерімен "Орталыққазжерқойнауы" ӨД функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түспейді.

      "Орталыққазжерқойнауы" ӨД Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: елдің барлық өндірістік саласын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін арттыру.

      15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      16. Функциялары:

      1) меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;

      2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;

      3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

      4) тарихи шығындар мөлшерін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындау;

      5) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;

      6) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;

      7) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және өаңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шараларын келісу;

      8) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша геологиялық және тау-кен бөлінісін беру;

      9) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру;

      10) жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;

      11) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

      12) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      14) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      15) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      16) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

      17) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

      18) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;

      19) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;

      20) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;

      21) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;

      22) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

      23) пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;

      24) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      25) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;

      26) жер қойнауын пайдаланушының теңгеріміне ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;

      27) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;

      28) тиісті салада мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      29) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;

      30) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      31) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      32) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      33) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республкасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      34) жою жоспарларының кешенді сараптамасын жүргізу;

      35) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша осы суларды ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      36) жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларын келісу;

      37) уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жұмыс бағдарламасын келісу

      38) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      39) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жұмыс тобы мақұлдаған жұмыс бағдарламасының жобасын келісу;

      40) елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын келісу;

      41) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

      17. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД құқықтары мен міндеттері:

      "Орталыққазжерқойнауы" ӨД-нің мыналарға:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығаруға;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзгеде іс-шараларды өткізуге;

      5) "Орталыққазжерқойнауы" ӨД қызметінің басшылық ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      "Орталыққазжерқойнауы" ӨД міндеттеріне кіреді:

      1) "Орталыққазжерқойнауы" ӨД-ге жүктелген міндеттер мен қызметтерді іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) "Орталыққазжерқойнауы" ӨД теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      4) бухгалтерлік есепті жүргізу;

      5) бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Комитет пен Министрлікке беру;

      6) "Орталыққазжерқойнауы" ӨД-ге бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу кіреді.

3-тарау. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД қызметін ұйымдастыру

      18. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД басшылықты "Орталыққазжерқойнауы" ӨД жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      19. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД Министрліктің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

      20. Басшының Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

      21. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД басшысы "Орталыққазжерқойнауы" ӨД қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және "Орталыққазжерқойнауы" ӨД жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

      22. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД басшысының өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының және "Орталыққазжерқойнауы" ӨД құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;

      2) "Орталыққазжерқойнауы" ӨД қызметкерлерін өз орынбасарларын қоспағанда, лауазымға тағайындайды және босатады;

      3) "Орталыққазжерқойнауы" ӨД қызметкерлеріне өз орынбасарларын тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

      4) "Орталыққазжерқойнауы" ӨД мүддесін басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;

      5) "Орталыққазжерқойнауы" ӨД бұйрықтарына қол қояды;

      6) "Орталыққазжерқойнауы" ӨД жұмыс жоспарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Орталыққазжерқойнауы" ӨД басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Министрліктің жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      23. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД басшысы өз орынбасарларының, құрылымдық бөлімшілердің басшылары мен "Орталыққазжерқойнауы" ӨД қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды.

      24. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД басшысы орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде "Орталыққазжерқойнауы" ӨД-нің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Комитет төрағасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД мүлкі

      25. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД мүлкі оған мемлекетпен тапсырылған мүлік есебінен қалыптасады және "Орталыққазжерқойнауы" ӨД балансында олардың құны көрсетілетін негізгі қор мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүліктен тұрады.

      26. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, "Орталыққазжерқойнауы" ӨД өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Орталыққазжерқойнауы" ӨД қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 6 ақпандағы
№ 65 бұйрығына
6-қосымша

"Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД) Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумақтарында мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару салаларында функцияларды жүзеге асыратын "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.          

      2. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД-нің құрамында:

      1) Жамбыл өңірлік инспекциясы

      2) Түркістан өңірлік инспекциясы;

      3) Қызылорда өңірлік инспекциясы;

      4) Талдықорған өңірлік инспекциясы бар.

      3. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Комитеттің бұйрықтары және осы "Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД егер осыған уәкілеттік берілген болса, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

      8. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан-әрі Министрлік) жауапты хатшысымен бекітіледі.

      9. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050046, Алматы қаласы, Абай даңғылы,191, 8-қабат.

      10. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД толық атауы:

      "Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің "Оңтүстікқазжерқойнауы" Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі".

      11. Осы Ереже "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД құрылтай құжаттары болып табылады.

      12. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметтерін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түспейді.

      "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: елдің барлық өндірістік саласын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін арттыру.

      15. Міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      16. Функциялары:

      1) меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;

      2) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау;

      3) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;

      4) тарихи шығындар мөлшерін, геологиялық ақпарат алудың құны мен талаптарын айқындау;

      5) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу;

      6) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;

      7) су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған жеке және збббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббббб аңды тұлғалар жүргізетін су қорғау іс-шараларын келісу;

      8) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша геологиялық және тау-кен бөлінісін беру;

      9) су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, қайта бейіндеуге), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жаратуға) қорытынды беру;

      10) жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу;

      11) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;

      12) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      14) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      15) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған, өздері берген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;

      16) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;

      17) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;

      18) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық ұңғымаларды жою мен консервациялауды жүзеге асыру;

      19) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;

      20) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;

      21) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;

      22) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;

      23) пайдалы қазбалар қорлары бойынша өңіраралық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру;

      24) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      25) жер қойнауы кеңістігін пайдаланудың салдарын жою актісіне қол қою жөніндегі комиссияны құру;

      26) жер қойнауын пайдаланушының теңгеріміне ұңғымаларды, технологиялық бірлікті қабылдау және беру;

      27) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 3) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерiлетiн субъектiге жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы тексерудің олар басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын хабарлау;

      28) тиісті салада мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      29) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізу;

      30) мемлекеттік бақылау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      31) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      32) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресімдеу және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу;

      33) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      34) жою жоспарларының кешенді сараптамасын жүргізу;

      35) жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қорлары бар аумақтарда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша осы суларды ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсаттарды келісу;

      36) жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларын келісу;

      37) уранды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жұмыс бағдарламасын келісу

      38) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      39) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жұмыс тобы мақұлдаған жұмыс бағдарламасының жобасын келісу;

      40) елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын келісу;

      41) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

      17. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД құқықтары мен міндеттері:

      "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД-нің мыналарға:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығаруға;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      4) кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзгеде іс-шараларды өткізуге;

      5) "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметінің басшылық ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД міндеттеріне:

      1) "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД-ге жүктелген міндеттер мен қызметтерді іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      3) "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      4) бухгалтерлік есепті жүргізу;

      5) бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Комитет пен Министрлікке беру;

      6) "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД-ге бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу кіреді.

3-тарау. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшылықты "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      19. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД Министрліктің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

      20. Басшының Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

      21. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысы "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.

      22. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысының өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының және "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;

      2) "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлерін өз орынбасарларын қоспағанда, лауазымға тағайындайды және босатады;

      3) "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлеріне өз орынбасарларын тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;

      4) "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД мүддесін басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіреді;

      5) "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД бұйрықтарына қол қояды;

      6) "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД жұмыс жоспарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Министрліктің жауапты хатшысының бұйрығына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      23. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысы өз орынбасарларының, құрылымдық бөлімшілердің басшылары мен "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды.

      24. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД басшысы орынбасарлары:

      1) өз өкілеттіктері шегінде "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД-нің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;

      2) Комитет төрағасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД мүлкі

      25. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД мүлкі оған мемлекетпен тапсырылған мүлік есебінен қалыптасады және "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД балансында олардың құны көрсетілетін негізгі қор мен айналым қаражатынан, сондай-ақ өзге де мүліктен тұрады.

      26. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      27. Егер заңда өзгеше көзделмесе, "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады