"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 209 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 22 тамыздағы № 911 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 22.08.2019 № 911 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12021 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқарушы органның құзыреті шегінде республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.";

      14-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕЭО) мүше мемлекеттердің бюджеттерінің арасындағы түсімдердің бөлінуін қамтамасыз ету;

      4) республикалық бюджеттің атқарылуы, жергілікті бюджеттердің атқарылуына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қазынашылық қызмет көрсету сапасын арттыруға, қазынашылық ақпараттық жүйелерінің іркіліссіз жұмыс істеуі мен қазынашылық ақпараттық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қазынашылық ақпараттық жүйелерін жетілдіру;";

      15-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) түсімдердің әртүрлі деңгейлердегі бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге бөліну нормативтерін ҚИАЖ-да жүргізу;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, түсімдердің сомаларын бюджеттер деңгейлерінің арасында, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына және ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына бөлу;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) Үкіметтік қарыздық міндеттемелерді орындау жөнінде алдағы айға талап етілетін көлемде шетел валютасының қажетті сомасын сатып алу туралы ақпаратты келісу және болжамды төлем кестесін құрастыру және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "44-1) Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;";

      62) тармақша алып тасталсын;

      62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "63) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету саласында, сондай-ақ құзыреті шегінде ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарын орындау саласында аумақтық қазынашылық органдарының қызметін үйлестіру, бюджет заңнамасы нормаларының сақталуы мәселелері бойынша аумақтық органдарға тексерулер жүргізеді, сондай-ақ аумақтық органдардың өздеріне белгіленген тәртіппен жүктелген функцияларды тиісінше орындауына бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 63-2) және 63-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "63-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді талдау және мониторингі;

      63-2) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асыру;";

      16-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша қазынашылық департаменттерінің басшыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Вице-министр Б. Шолпанқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады