Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 16.06.2021 № 137-НҚ бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9846 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің республикалық мемлекеттiк мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық органдары, сондай-ақ мамандандырылған мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингi комитетінің "Кинологиялық орталық" – республикалық мемлекеттік мекемесі" бар.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 1-кіреберіс, "Министрліктер үйі" ғимараты.";
14-тармақтың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"42) Қазақстан Республикасының заңнамасымен органдардың қарамағына жатқызылған қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша адамдарды, соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне сай қойылған талап арыздар бойынша жауапкерлердiң жүрген жерi белгісiз болған кезде оларды iздестіруді жүзеге асыру;";
15-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
"27-1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құру және пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, іс жүргізу барысында зерттеулер ұйымдастыру;".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақ тілінде және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ә. Смайылов |