"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1445 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығына ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 21 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комитеттің республикалық мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық органдары бар, оларға: Комитеттің бақылауындағы және оған есеп беретін облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттері жатады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесiндегі:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетi (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары
– Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады