"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 39 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      179) және 180) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "179) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 179-қосымшаға сәйкес;

      180) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрыққа 180-қосымшаға сәйкес;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы және уақыттылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.";

      1-тармақ және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 140600, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Құдайберген Сұрағанов көшесі, 167 А.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тереңкөл ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы және уақыттылығын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындауға уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 140700, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққу ауылы, Всеволод Иванов көшесі, 95.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аққулы ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесi.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережесінде:

      15-тармақта:

      94) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "94) Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, оның негізінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату ұсынылатын құжаттарды қарау;";

      97) және 98) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "97) Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;

      98) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғау және ақпарттық қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуды жүзеге асыру;";

      16-тармақта:

      құқықтарында:

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге кеден ісі мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ресми өкілдерін жіберу;";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазба, кино- және фотоға түсіру жүргізу;";

      міндеттерінде:

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) Қазақстан Республикасының заннамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережесінде:

      15-тармақта:

      98), 99), 100) және 101) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "98) тауарлардың кедендік құны бойынша алдын ала шешімдер қабылдау;

      99) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына талдау жүргізу;

      100) заңсыз өткізілген тауарларға қатысты кедендік құны, сыныптау және шығарылған жері бойынша қорытындылар шығару;

      101) тауарлардың кедендік құны мәселелері бойынша тәуекел бейінін әзірлеуге қатысу;";

      103) және 104) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "103) ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын анықтау әдістерін қолдану мәселелері бойынша, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер бойынша;

      104) Еуразиялық экономикалық одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден босату берілетін құжаттарды қарау;";

      16-тармақта:

      құқықтарында:

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттерге кеден ісі мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ресми өкілдерін жіберу;";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне- және аудиожазба, кино- және фотоға түсіру жүргізу;";

      міндеттерінде:

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) Қазақстан Республикасының заннамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақша және орыс тілінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Комитеттің Ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру басқармасы осы бұйрықты аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитетінің төрағасы
М. Сұлтанғазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады