"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының 2019 жылғы 16 қаңтардағы № П-3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Төрағасының 2019 жылғы 13 маусымдағы № П-64 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 16 маусымдағы № 137-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 16.06.2021 № 137-НҚ бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының 2019 жылғы 16 қаңтардағы № П-3 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-қосымшаларда:

      19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      Департамент басшысының орынбасарын қоспағанда, Департаменттің қызметкерлері мен қызметшілерін;

      Комитет төрағасының келісімі бойынша Департамент басқармаларының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;".

      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға Ә. Сқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады