"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 991-к бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 17 тамыздағы № 864-к бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 17.08.2021 № 864-к бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тармағының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 789 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысының 2019 жылғы 21 қарашадағы № 915-к бұйрығының күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы Ережені әділет органдарында тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
жауапты хатшысы
Қ. Сәрсембаев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің
жауапты хатшысының
2019 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 991-к бұйрығымен бекітілген

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде білім және ғылым саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады, сондай-ақ ведомствоның құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеттері:

      1) ведомство өз құзыреті шегінде білім және ғылым саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;

      2) білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік бақылауды жүргізу, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау сапасын бақылау;

      14. Функциялары:

      1) заңды тұлғаларға мыналарды:

      бастауыш білім;

      негізгі орта білім;

      жалпы орта білім;

      біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім;

      біліктіліктер бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім;

      кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары білім;

      кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      діни білім беру үшін бiлiм беру қызметiмен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру;

      2) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

      мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

      арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;

      әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізу;

      3) меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін баптар бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;

      5) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын ұйғарымда белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарымдар беру;

      6) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу, сондай-ақ Комитет жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз іске асырылатын құқық нормаларын анықтау, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізу;

      8) Комитеттің аумақтық органдарының қызметін үйлестіру және бақылау, сондай-ақ оларға комитет қызметінің бағыттары бойынша әдістемелік көмек көрсету;

      9) аумақтық органдардың білім туралы құжаттарды (түпнұсқа) апостильдеу жұмысын үйлестіру;

      10) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу;

      11) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізу;

      12) диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      13) философия докторы, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін және қауымдастырылған профессор, профессор ғылыми атақтарын беру тәртібін әзірлеу;

      14) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беру;

      15) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру;

      16) мемлекеттің атынан белгіленген мемлекеттік үлгідегі ғылым кандидаты және докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор аттестаттарын беру;

      17) диссертациялық кеңестің қызметін ұйымдастыру туралы шешім қабылдау;

      18) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін және қауымдастырылған профессор (доцент) атағын беру бойынша аттестаттау істерін қарау жөніндегі сарапшылық кеңестерін құру және олардың қызметін ұйымдастыру;

      19) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;

      20) байқаушы ретінде мектептердегі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, балалар үйінің жанындағы қамқоршылық кеңестерінің отырыстарына қатысатын аумақтық органдардың қызметін үйлестіру;

      21) білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      22) білім беру ұйымдарына білім беру процесін құру бойынша әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету;

      23) Комитеттің өкілеттілігіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылауды жүзеге асыру;

      25) ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу;

      26) білім беру ұйымдарының бағалау өлшемдерін әзірлеу;

      27) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері негізінде бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеу;

      28) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      29) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

      30) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен, хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарының қызметін тоқтата тұру;

      31) білім беру ұйымдарына әдіснамалық көмек көрсету;

      32) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды, оған қоса мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті құжаттар мен ақпаратты сұрату және алу;

      2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсініктемелер беру;

      3) Комитет қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;

      4) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында қарастырылған тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жазалар қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;

      5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

      6) Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне орындалуы міндетті нұсқаулар беру;

      7) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес орындамаған немесе жазбаша нұсқамаларын тиiсiнше орындамағаны үшiн хаттама толтырып, сот органдарына жолдау;

      8) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, олар бойынша хаттамалар жасау және әкімшілік жазалар қолдану;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну,талап-арыз беру;

      10) тексерілетін субъектілерге бақылау жүргізу кезінде мемлекеттiк органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тарту;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдардың келісімі бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара қарым-қатынас жасау;

      13) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Републикасының заңнамаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      14) Комитеттің аумақтық органдар қызметтерінің нәтижелерін талдау және мониторинг жүргізу негізінде білім беру стандарттары мен мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитеттің құзыреті шегінде мәселелерді анықтау үшін үкіметтік емес ұйымдарды, ғылыми және өзге де, оның ішінде шетелдік ұйымдарды, ғылыми мамандарды жұмысқа тарту;

      16) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізу;

      17) Комитеттің құзыреті шегінде консультативтік-кеңестік және сараптау органдарын құру (кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар);

      18) Комитеттің негізгі бағыттағы қызметі бойынша Алқа отырысын өткізу;

      19) апатты және үш ауысымды мектептерге мониторинг жүргізу;

      20) мемлекеттік қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

      21) мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұтынушыларды ақпараттандыру;

      22) мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы уәкілетті органдарға тиісті ақпарат ұсыну;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетке басшылықты Төраға жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Комитеттің Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет Төрағасының өкілеттігі:

      1) Комитеттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      2) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының орынбасарларын қоспағанда, Комитет қызметкерлерін, аумақтық органдардың басшыларын және басшы орынбасарын көтермелейді, сонымен қатар тәртіптік жаза қолданады;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін, аумақтық органдардың басшылары мен басшының орынбасарын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы төлеу, сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;

      7) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша құқықтық актілер шығарады, Комитеттің және оның аумақтық органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын сұрақтар бойынша нұсқау береді;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді;

      10) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;

      11) білім саласында уәкілетті органның құзыретіне кіретін баптар бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолданады, оларды қозғайды және сот органдарына береді, сот процестеріне қатысады;

      12) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің, заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті және оның аумақтық органдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


      Комитеттің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі


      1. Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      2. Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      3. Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      4. Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      5. Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      6. Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      7. Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      8. Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      9. Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      10. Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      11. Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      12. Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      13. Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      14. Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      15. Нұр-Сұлтан қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      16. Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

      17. Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады