Сарапшылық кеңес туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 489 бұйрығы

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Сарапшылық кеңес туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 489 бұйрығымен
бекітілген

Сарапшылық кеңес туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сарапшылық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) сарапшылық кеңес – Заңға сәйкес арнайы экономикалық аймақтарды құрудың, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзартудың және таратудың орындылығы, сондай-ақ республикалық маңызы бар индустриялық аймақтарды құрудың, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзартудың және таратудың орындылығы мәселелерін қарайтын, тұрақты түрде жұмыс істейтін ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган.

      3. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган сарапшылық кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      4. Сарапшылық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2-тарау. Сарапшылық кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

      5. Сарапшылық кеңестің негізгі міндеті арнайы экономикалық аймақтарды және республикалық маңызы бар индустриялық аймақтарды құрудың, олардың жұмыс істеу мерзімін ұзартудың және таратудың орындылығы мәселелерін қарау болып табылады.

      6. Осы міндеттерді орындау үшін сарапшылық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) тиісті тұжырымдамалармен ұсынылатын арнайы экономикалық және республикалық маңызы бар индустриялық аймақтарды құру туралы ұсыныстардың Қазақстанның экономикасын жаңғыртудың және индустриялық-инновациялық дамуының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігіне қарау және арнайы экономикалық және республикалық маңызы бар индустриялық аймақтарды құру туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органға арнайы экономикалық аймақтарды және республикалық маңызы бар индустриялық аймақтарды құрудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды ұсыну;

      2) жұмыс істеу мерзімін ұзарту қажеттілігінің тиісті есептерін ұсынумен, тиісті негіздемелермен ұсынылатын арнайы экономикалық және республикалық маңызы бар индустриялық аймақтардың жұмыс істеу мерзімін ұзарту туралы ұсыныстарды қарау және уәкілетті органға арнайы экономикалық және республикалық маңызы бар индустриялық аймақтардың жұмыс істеу мерзімін ұзартудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды ұсыну;

      3) нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейін айқындау мақсатында арнайы экономикалық және республикалық маңызы бар индустриялық аймақтардың жұмыс істеу тиімділігіне талдау жүргізу және уәкілетті органға арнайы экономикалық және республикалық маңызы бар индустриялық аймақтардың одан әрі жұмыс істеу орындылығы немесе орынсыздығының тиісті қорытындысын ұсыну.

      7. Сарапшылық кеңес міндеттерді орындау және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккедиттелген ұйымдарының мамандарын тартады.

3-тарау. Сарапшылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және тәртібі

      8. Сарапшылық кеңес:

      1) уәкілетті органның (төрағалық етуші);

      2) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның;

      3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының дауыс беру құқығы бар өкілдерінен құралады.

      Сарапшылық кеңестің отырысы дауыс беру құқығы бар мүшелердің барлығы қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.

      Шешімді сарапшылық кеңес дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      9. Сарапшылық кеңестің төрағасы:

      1) сарапшылық кеңестің жұмысына басшылық етеді, сарапшылық кеңеске жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады;

      2) сарапшылық кеңестің отырыстарында төрағалық етеді;

      3) отырыстың күн тәртібін бекітеді және қажет болған жағдайда, сарапшылық кеңестің отырысына шақырады;

      4) сарапшылық кеңестің қорытындысына қол қояды.

      Сарапшылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда, оны сарапшылық кеңес төрағасының орынбасары алмастырады.

      10. Жұмысты ұйымдастыруды, сарапшылық кеңестің отырысын өткізуге дайындық, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындау және рәсімдеу, сарапшылық кеңес отырысынан кейін хаттамаға қол қоюды сарапшылық кеңестің хатшысы жүзеге асырады.

      Хатшы сарапшылық кеңестің мүшесі болып табылмайды.

      11. Сарапшылық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      12. Сарапшылық кеңес отырыстарының шешiмдерi хаттамалық қорытынды түрінде ресімделеді және ұсынымды сипатта болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады