"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 4-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 11-НҚ нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 8-НҚ нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Нормативтік қаулының күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 21.10.2020 № 8-НҚ нормативтік қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 4-НҚ нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      "ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНА АУДИТ ЖҮРГІЗУ БӨЛІМІ" деген бөлімде:

      бөлім басшысы-мемлекеттік аудитор, В-1 санаты (2-1), бөлім басшысының орынбасары – мемлекеттік аудитор, В-2 санаты (2-2, 2-3) және мемлекеттік әкімшілік қызметшілер - мемлекеттік аудиторлар (2-4), (2-5), (2-6, 2-7, 2-8, 2-9), (2-10, 2-11, 2-12), (2-13), (2-14, 2-15, 2-16, 2-17, 2-18), (2-19), (2-20), (2-21, 2-22, 2-23), (2-24), (2-25), (2-26), (2-27, 2-28, 2-29, 2-30), (2-31, 2-32) бойынша біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе әлемдік экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мемлекеттік аудит), құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе кеден ісі немесе құқық қорғау қызметі).

      ";

      "МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА АУДИТ ЖҮРГІЗУ БӨЛІМІ" деген бөлімде:

      бөлім басшысы – мемлекеттік аудитор, В-1 санаты (3-1), бөлім басшысының орынбасары – мемлекеттік аудитор, В-2 санаты (3-2, 3-3) және мемлекеттік әкімшілік қызметшілер - мемлекеттік аудиторлар (3-4), (3-5), (3-6, 3-7, 3-8, 3-9, 3-10), (3-11), (3-12), (3-13, 3-14, 3-15, 3-16, 3-17), (3-18), (3-19), (3-20, 3-21, 3-22, 3-23, 3-24), (3-25), (3-26, 3-27, 3-28) (3-29), (3-30) бойынша біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе әлемдік экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мемлекеттік аудит), құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе кеден ісі немесе құқық қорғау қызметі).

  ";

      "ЖОСПАРЛАУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК БӨЛІМІ" деген бөлімде:

      "Талдау секторы" деген бөлімде:

      "Сектор меңгерушісі – 1 бірлік, В-4 санаты (5-16)" деген кіші бөлімде "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе әлемдік экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мемлекеттік аудит), құқық (құқықтану немесе кеден ісі).

  ";

      "Бас консультант – 3 бірлік, В-4 санаты (5-17, 5-18, 5-19)" деген кіші бөлімде "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе әлемдік экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе менеджмент немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе мемлекеттік аудит), құқық (құқықтану немесе кеден ісі).

  ".

      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының көшірмелерінің қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады