"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 155 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 190 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.07.2019 № 190 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 153 бұйрығына ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 25 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін.

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын комитеті:

      1) он күнтізбелік күн ішінде қол қойылған күннен бастап, осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосу және республикалық ресми жариялау;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) он күнтізбелік күн ішінде қол қойылған күннен бастап, осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді жолдау қаматамасыз естілсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 17 маусымдағы
№ 155 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 12 сәуірдегі
№ 153 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) – мынадай тиiстi тауар нарықтарында бәсекелестiктi қорғау және монополиялық қызметтi шектеу, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау және реттеу, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат ету және бақылау функцияларын, аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, ішкі рейстерде әуежайлардың мынадай қызметтерін көрсетуді: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік реттеу және бақылау, сондай-ақ энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Комитет мемлекет атынан, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілетті болса, азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

      13. Міндеттері:

      1) табиғи монополиялар салаларында және бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

      2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) аэронавигация, әуежайлар және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру салаларын қоспағанда, табиғи монополиялар салаларында, ішкі рейстерде әуежайлардың мынадай қызметтерін көрсетуді: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етуді қоспағанда, қоғамдық маңызы бар нарықтарда мемлекеттік реттеу және бақылау;

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды;

      мемлекеттік монополия субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген шектеулерді сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне табиғи монополиялар салаларының жай-күйі туралы, бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы жыл сайынғы есепті дайындау;

      3) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу;

      4) тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      5) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      6) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгі шарттарын әзірлеу;

      7) өтінімді қарауға қабылдау не оны қабылдаудан бас тарту;

      8) бұқаралық ақпарат құралдарында жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыру жариялай отырып, өткізу;

      9) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тарифті бекіту және заңда белгіленген тәртіппен бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту;

      10) қуаты аз табиғи монополия субъектісінің тарифін индекстеу деңгейін айқындау;

      11) тарифтік сметаны бекіту және өзі бекіткен тарифтік сметаға өзгерістер енгізу;

      12) реттеліп көрсетілетін аэронавигациялық қызмет ұсынатын, халықаралық және транзиттік ұшуға аэронавигациялық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерін, Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайларды, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасын өзге мемлекеттік органмен бірлесе отырып бекіту және оларға өзгерістер енгізу;

      13) жергілікті атқарушы органмен бірлесіп Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне қосылған табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасына өзгерістер енгізу және бекіту;

      14) уақытша өтемдік тарифті бекіту;

      15) табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-әрекеттер жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы хабарлама қабылдау;

      16) тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту;

      17) табиғи монополиялар субъектілері қызметі тиімділігінің көрсеткіштерін әзірлеу және бекіту;

      18) табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама енгізу;

      19) табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау туралы, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептеріне талдау жүргізу;

      20) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобасын келісу, оларға тарифті қалыптастыру бөлігінде өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу;

      21) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдардан өтеусіз пайдалануға алған кезде оны, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға қабылдаған жағдайда тарифті көтермей, бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізу;

      22) уақытша төмендету коэффициентін бекіту;

      23) табиғи монополиялар салалары бойынша бес жылдық кезеңге арналған тарифтің болжамды индексін айқындау;

      24) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы мөлшерін бекіту;

      25) магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне баға шектерін бекіту;

      26) тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне бекітілген баға шектерін жыл сайын түзету;

      27) табиғи монополия саласын тарифтік реттеу әдісін айқындау;

      28) реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру;

      29) тарифтері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін қалыптастыру;

      30) табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп айына кемінде бір рет тұтынушыларды қабылдауды жүргізу;

      31) жергілікті атқарушы органдарға есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін табиғи монополиялар салаларындағы коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларына келісу;

      32) құрылыс объектілерін қабылдау және пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін ақы алу мөлшерін табиғи монополия субъектісіне көзделген тәртіппен келісу;

      33) Тарифтік саясат жөніндегі кеңес туралы ережені әзірлеу және оның құрамын қалыптастыру;

      34) энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      35) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      36) табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      37) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер, ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асырылуын мониторингілеуді және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      38) өз құзыреті шеңберінде құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ Комитет жанындағы консультативтік-кеңесші органдар қызметін ұйымдастыру;

      39) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шеңберінде шешім қабылдау және нормативтік құқықтық актілерді ресми түсініктеме ұсыну;

      40) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келетін шарттарды бұзу, өзгерту турал сотқа талап-арыз беру және мәмілелерді заңсыз деп тану;

      41) бәсекелестiктi қорғау, монополиялық қызметтi шектеу және тауар нарықтарының жұмыс iстеуi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi келісу;

      42) қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің мониторингін жүргізу;

      43) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті шартының, оның концесссия шартының негізінде тарифті белгілеу;

      44) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімін Комитеттің интернет-ресурсында жүргізу, орналастыру және жаңартып отыру;

      45) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау;

      46) лицензиялар тізілімін жүргізу;

      47) қосалқы (шунттаушы) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалау мен салуды, электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алуды-сатуды, жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беруді келісу;

      48) Қазақстан Республикасының табиғи монополия субъектілерінің табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзудың анықталған белгілері туралы ақпаратты немесе материалды реттеуші органдарға ұсыну;

      49) жылу, электр желілік, газ таратушы жүйелерді дамыту жоспарларын, сондай-ақ қалалар, аудандар және облыстардың сумен жабдықтау және кәріз желілерін келісу;

      50) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың алдын алу және оны жою;

      51) тұтынушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектілері белгілеген техникалық талаптарды сақтауын талап ету;

      52) мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге бағаларды және тарифті реттеу;

      53) өз құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты және мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарды салааралық үйлестіру;

      54) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісіне осы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне көзделген міндеттемелерді олардың орындауы туралы орындалуға міндетті нұсқамаларды енгізу;

      55) өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекспен белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза тартқызу;

      56) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекспен белгіленген тәртіпте әкімшілік жаза тартқызу, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтар туралы істерді қарау бойынша сотқа қатысу;

      57) табиғи монополия саласындағы, бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу, зерттеулер өткізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу және халыққа консультациялық көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру, мониторингті іске асыру және бағалау;

      58) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне көзделген тәртіппен табиғи монополия саласындағы тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге бағаларды реттеу;

      59) қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) шекті бағаларды келісу;

      60) экономикалық шоғырлануға келісім алу туралы өтінішхатты қарау;

      61) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет бәсекелестікті шектеуге және жоюға бағытталған нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың актілерін, әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) кесіп өту;

      62) нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдерін және келісілген әрекеттерін, жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу және кесіп өту;

      63) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларын қолдану туралы ақпаратты тарату және адал бәсекелестікті насихаттау;

      64) тауар нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйін талдауды жүзеге асыру;

      65) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi белгiлеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды анықтау;

      66) нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру жүргізу;

      67) өз құзыреті шегінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы құқық қорғау органдарына жүгіну;

      68) жекелеген тауар нарықтарында бәсекелестіктің жай-күйі және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі қабылданған шаралар туралы жылдық есепті дайындау, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      69) мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелес ортаға беру жөніндегі ұсыныстарды және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін өзектендіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

      70) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы жүргізілетін мемлекеттік саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, өзінің қызметі туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде өзінің интернет-ресурсына орналастыру;

      71) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген тұлғалар құруды алдын ала келiсу;

      72) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жіберу;

      73) бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамада белгіленген жағдайларда құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпарат пен басқа да мониторингілер деректерін ұсыну;

      74) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру бойынша процестік әрекеттерге және іс-шараларға қатысу үшін өз қызметкерлерін сарапшы ретінде жіберу;

      75) мыналардың:

      экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың;

      мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаны және олармен үлестес тұлғаларды құру туралы өтінішхаттың нысандарын белгілеу және айқындау;

      76) монополияға қарсы органның келісімімен құрылған мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаның және олармен үлестес тұлғалардың тізбесін тіркеу органдарына ұсыну;

      77) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға алып келуі мүмкін әрекетті (әрекетсіздікті) жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алдын ала ескерту жіберу;

      78) нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны нарық субъектілеріне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға жіберу;

      79) нарық субъектілері келісімдерінің жобаларын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарау қағидаларын әзірлейді;

      80) нарық субъектілері үшін монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілерін әзірлейді;

      81) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге құпия бар ақпаратты қоспағанда, тауар нарықтарындағы бәсекелестік жай-күйінің талдауын өзінің интернет-ресурсына орналастыру;

      82) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпаратты, монополияға қарсы органның шешімін өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      83) бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқығы бұзылған жағдайда тұтынушылардың белгісіз тобын құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгіну;

      84) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрау және алу;

      85) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      86) тұтынушыларға ақпараттандыруды, кеңес беруді және ағартуды жүзеге асыру;

      87) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      88) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      89) Комитеттің құзыреті шегінде стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      90) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау;

      91) реттелетін саладағы мәселелер бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге, бюджетті, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға және орындауға қатысу;

      92) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      93) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      94) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      95) тексеру парақтарын әзірлеу;

      96) аумақтық бөлімшелердің ережелерін бекіту;

      97) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпараттарды және материалдарды сұрату және алу;

      3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізу;

      5) қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші, алқалы органдар құру;

      6) өз құзыретінің шегінде, оның ішінде бір мәселе бойынша оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайларда тұтынушылардың айқындалмаған тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгіну;

      7) өз құзыретінің шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      8) өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін аумақтық органдарға беру;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттерді орындауға және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. Төрағаның өкілеттіктері:

      1) Комитеттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) жауапты хатшыға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларының кандидатураларын тағайындауға ұсынады;

      3) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитеттің төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Төраға қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

      Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздерден сатып алған өзге де мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) есебінен қалыптасады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті.

      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

      14. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.

      15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

      16. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

      17. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады