"Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2019 жылғы 5 шілдедегі № 132-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Төрағасының 2019 жылғы 13 қарашадағы № 285 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 90-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Төрағасының 09.08.2024 № 90-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2019 жылғы 5 шілдедегі № 132-нқ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      "Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар басқармасы" деген бөлім алып тасталсын;

      "Медициналық қызметтің тәуекелдері мен сапасын бағалау басқармасы" деген бөлімде:

      "33. Медициналық қызметтің тәуекелдері мен сапасын бағалау басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік), № 21-15-1" деген біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (тіс емдеу және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе жалпы медицина және/немесе педиатрия және/немесе дәрігерлік емдеу ісі); құқық (құқықтану); білім (химия және/немесе биология); жаратылыстану ғылымдары (химия және/немесе биология)

  ";

      "34. Медициналық қызметтің тәуекелдері мен сапасын бағалау басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (5 бірлік), №№ 21-15-2, 21-15-3, 21-15-4, 21-15-5, 21-15-6" біліктілік талаптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Медициналық қызметтің тәуекелдері мен сапасын бағалау басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (5 бірлік), №№ 21-15-2, 21-15-3, 21-15-4, 21-15-5, 21-15-6

Өлшемдер

Талаптар

Білімі

Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (стоматология және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе жалпы медицина және/немесе педиатрия және/немесе емдеу ісі)

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Құзырет

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Функционалдық міндеттері

Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіру. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізімдерін әзірлеу. Тәуелсіз сараптаманы дамыту бойынша жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, медициналық ұйымдарда құпия аудитті енгізу, Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметтерінің және Call-орталықтарының жұмысын үйлестіру. Медициналық инциденттерді (қателерді) есепке алу және талдау жүйесін енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Салалық бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі іс-шараларды, пациенттің құқықтары мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

  ";

      мынадай мазмұндағы біліктілік талаптармен толықтырылсын:

      "34.1. Медициналық қызметтің тәуекелдері мен сапасын бағалау басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (2 бірлік), № 21-15-7, 21-15-8

Өлшемдер

Талаптар

Білімі

Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (тіс емдеу және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе жалпы медицина және/немесе педиатрия және/немесе дәрігерлік емдеу ісі); құқық (құқықтану); білім (химия және/немесе биология); жаратылыстану ғылымдары (химия және/немесе биология)

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Құзырет

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару;

Функционалдық міндеттері

Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіру. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру. Медициналық қызмет көрсету сапасы саласындағы норма шығару қызметін жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және бақылау субъектісіне (объекті) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жарты жылдық тізімдерін әзірлеу. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу. Салалық бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі іс-шараларды, пациенттің құқығы мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру. Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету және үйлестіру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

  ";

      "Мемлекеттік қызмет көрсету және цифрландыру басқармасы" деген бөлімде:

      "36. Мемлекеттік қызмет көрсету және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (11 бірлік), №№ 21-16-2, 21-16-3, 21-16-4, 21-16-5, 21-16-6, 21-16-7, 21-16-8, 21-16-9, 21-16-10, 21-16-11, 21-16-12" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Мемлекеттік қызмет көрсету және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (9 бірлік), №№ 21-16-2, 21-16-3, 21-16-4, 21-16-5, 21-16-6, 21-16-7, 21-16-8, 21-16-9, 21-16-10";

      "37. Мемлекеттік қызмет көрсету және цифрландыру басқармасының сарапшысы, санаты C-5 (1 бірлік), № 21-16-13" біліктілік талаптары алып тасталсын;

      "Фармацевтикалық қызметті бақылау және интеграциялау басқармасы" деген бөлімде:

      "38. Фармацевтикалық қызметті бақылау және интеграциялау басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік), № 21-17-1" деген біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе фармация); құқық (құқықтану)

  ";

      "39. Фармацевтикалық қызметті бақылау және интеграциялау басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (3 бірлік), №№ 21-17-2, 21-17-3, 21-17-4" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Фармацевтикалық қызметті бақылау және интеграциялау басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (5 бірлік), №№ 21-17-2, 21-17-3, 21-17-4, 21-17-5, 21-17-6";

      "39. Фармацевтикалық қызметті бақылау және интеграциялау басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (5 бірлік), №№ 21-17-2, 21-17-3, 21-17-4, 21-17-5, 21-17-6" біліктілік талаптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Фармацевтикалық қызметті бақылау және интеграциялау басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (5 бірлік), №№ 21-17-2, 21-17-3, 21-17-4, 21-17-5, 21-17-6

Өлшемдер

Талаптар

Білімі

Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (фармация және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау); құқық (құқықтану)

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Құзырет

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару;

Функционалдық міндеттері

Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, фармацевтикалық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлау тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысын, құрамында этил сприті бар дәрілік заттардың айналысын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен белгіленген тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Басқарманың құзыреті шегінде Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айланысы саласындағы реттеуші нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы тексерулерді жоспарлау және жүргізу. Жалған дәрілік заттардың сатылымының жолын кесу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы еуразиялық интеграциялау процесіне қатысу. Фармацевтикалық қызметі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету және үйлестіру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

  ";

      мынадай мазмұндағы біліктілік талаптарымен толықтырылсын:

      "39.1. Фармацевтикалық қызметті бақылау және интеграциялау басқармасының сарапшысы, санаты C-4 (1 бірлік), № 21-17-7

Өлшемдер

Талаптар

Білімі

Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (фармация және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау); құқық (құқықтану)

Практикалық тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Құзырет

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару;

Функционалдық міндеттері

Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, фармацевтикалық қызметпен айналысу бойынша лицензиялау қағидаларын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлау тәртібін мемлектетік бақылауды жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысын, құрамында этил сприті бар дәрілік заттардың айналысын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен белгіленген тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, қарау. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы тексерулерді жоспарлау және жүргізу. Жалған дәрілік заттардың сатылымының жолын кесу бойынша жұмысты ұйымдастыру. Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету және үйлестіру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.

  ";

      "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу және талдау басқармасы" бөлімінде:

      "42. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу және талдау басқармасының басшысы, санаты C-3 (1 бірлік), № 21-19-1" деген біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (фармация және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе жалпы медицина); құқық (құқықтану)

  ";

      "43. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу және талдау басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4 (3 бірлік), №№ 21-19-2, 21-19-3, 21-19-4" деген біліктілік талаптарында:

      "Білімі" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Білімі

Жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (биотехнология және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (фармация және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе медициналық-профилактикалық іс және/немесе жалпы медицина); құқық (құқықтану)

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Персоналды басқару қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық қабылданған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін
бақылау комитетінің төрағасы
Л. Бюрабекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады