"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 152-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қостанай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы бұйрығына:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 78 үй.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізілуін және ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) басшысы А.Ж. Жақанов заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын;

      2) осы бұйрықтың Департаменттің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Персоналды басқару және ұйымдастыру-қаржылық жұмысы департаменті Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ә.Ы. Қабдуақасов) осы бұйрықты Департаменттің назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
М. Сұлтанғазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады