"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 195 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:

      15-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;";

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтер запасын құрады;";

      14), 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған бейімдемелерге (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімшелеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оған карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;

      15) карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған аймақтарды орындарды, өндіріс учаскелерін есепке ала отырып, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;";

      16) әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеруді, қажет болғанда – үлгілерін алу арқылы карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнімді тұрақты тексеруді, қажет болғанда үлгілерін алу арқылы оған карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;";

      23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізеді;";

      24) екі немесе одан көп облыс аумағында (облыстардың аумағында карантинді объектінің жергілікті таралу жағдайларын қоспағанда) карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды;";

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаттары негізінде карантиндік фитосанитариялық шараларды әзірлейді;";

      мынадай мазмұндағы 27-1), 27-2), және 27-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "27-1) есепке алу нөмірлерін береді, қолданылуын тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;

      27-2) карантиндік объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерді, аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін айқындайды, импорттаушы елге растауды береді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда импорттаушы елдің өкілдеріне инспекциялау жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      27-3) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізеді және олардың күшін жояды;";

      16-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      3), 4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;

      4) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;

      5) пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және пестицидтерге тіркеу куәліктерін беруді жүзеге асырады;

      6) пестицидтер тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен пестицидтердi, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу, сондай-ақ пестицидтердiң қорын жасайды;";

      13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасқан фитосанитариялық жағдайға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;

      14) пестицидтердің түрлері бойынша запас нормативтерін және оларды пайдалану тәртібін белгілейді;";

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарады және олардың орындалуын бақылайды;";

      22) және 23) тармақшалар алып тасталсын;

      17-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда астық қабылдау кәсіпорындарына және жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар береді;";

      20-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақысыз негізде ұсынуға жататын ақпараты мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;";

      7) тармақша алып тасталсын.

      26-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) белгіленген заңнамалық тәртіппен Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшылары мен басшы орынбасарларын іссапарға жіберу (тиісті облыс аумағынан тыс және шетелдерге), материалдық көмек көрсету, ынталандыру, үстемақы мен сыйақы төлеу мәселелеріне келісім береді;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) белгіленген заңнамалық тәртіпте ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу (тиісті облыс аумағынан тыс және шетелдерге) мәселесіне келісім береді;

      10-2) белгіленген заңнамалық тәртіпте ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларына материалдық көмек көрсету, үстемақы мен сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;";

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелерінің тізбесі, сондай-ақ облыстық аумақтық бөлімшелердің қарамағындағы аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшелердің тізбесі";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бейімбет Майлин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.";

      213-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады