"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 201 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12013 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-3) өңірлер бөлінісінде ветеринария саласындағы нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерін бекітеді;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды бақылауды, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу, тіркеу сынақтарын жүргізуді ұйымдастыруды және олардың мемлекеттік тізілімдерін жүргізуді жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3), 13-4), 13-5), 13-6) және 13-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөледі және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      13-2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды ұсынады;

      13-3) ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына және орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      13-4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және жануарлардың азықтан улану себептері мен жағдайларын анықтайды және белгілейді;

      13-5) тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнаманы сақтауына, сондай-ақ соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      13-6) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуына және өткізілуіне, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуіне және ондағы ақпараттың жаңартылып отырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      13-7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады;";

      мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) аумақты компартментке бөлу туралы, өңірлендіру туралы шешім шығарады;

      16-2) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізеді;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан:

      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;

      ішкі сауда объектілерінде;

      ветеринария саласындағы кәсіпкерлік, оның ішінде лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;

      мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;

      ветеринариялық бақылау бекеттерінде;

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

      жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;

      мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), күтіп-ұстауға, көбейтуге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;

      жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады";";

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелерінің тізбесі, сондай-ақ облыстық аумақтық бөлімшелер қарамағындағы аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшелер тізбесі";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Бейімбет Майлин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.";

      213-тармақтың орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады