Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 553 бұйрығы.

      ЗҚАИ-дың ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймағамбетов

  Қазақстан Республикасы
  Білім және ғылым министрінің
  2020 жылғы 29 желтоқсандағы
  № 553 бұйрығына қосымша

Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу (бұдан әрі – функцияларды бөлу) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46-23) тармақшасына сәйкес әзірленген, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өздеріне жүктелген функцияларды тиісті аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы білім беруді басқару органдары мен білім бөлімдері арқылы іске асырады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы тиісті аумақта білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берген, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;

      3) ауданда, облыстық маңызы бар қалада орналасқан білім бөлімі – тиісті аумақта білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыратын, облыс бюджетінен қаржыландырылатын және өз қызметінде облыстың тиісті білім басқармасына есеп беретін және бақылауында болатын мемлекеттік мекеме;

2-тарау. Облыстардың білім басқармаларының функциялары

      3. Облыстардың білім басқармалары мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) тиісті облыс аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерін әкімшілендіру және қаржыландыру функцияларын орындайды;

      5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

      6) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;

      7) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

      8) облыс аумағында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта, сондай-ақ қосымша білім беруді ұйымдастырады және оған жауапты болады;

      9) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, облыстың жергілікті атқарушы органдарына білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынуы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, мамандандырылған жалпы білім білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;

      11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімінің ұсынысы бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін, сондай ата-ананың ақы төлеу мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

      12) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

      13) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

      14) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;

      15) мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;

      16) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

      17) облыстың білім беру саласындағы кадр саясатын іске асырады, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін педагогтерді аттестаттауды, тестілеуді өткізеді және ұйымдастырады;

      18) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      19) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

      20) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жалпы білімі беретін пәндері бойынша облыстық мектеп олимпидаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ балалар мен педагогтар арасында олимпиадалар мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

      21) облыстық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      22) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      23) балалар мен жасөспірімдердің зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді үйлестіреді және қамтамасыз етеді;

      24) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

      25) жетім балалар мен ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін жетім балаларды, сондай-ақ ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      26) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      27) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;

      28) облыс мәслихатына білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы жергілікті атқарушы орган арқылы ұсыныс енгізеді;

      29) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      30) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;

      31) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      32) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

      33) облыс білім басқармасына ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

      34) облыс білім басқармасына ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      35) ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын, сондай –ақ сынып-жинақтардың, олардағы топтардың санын келіседі;

      36) облыстың мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      37) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың білім басқармасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      38) конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлеуді ұйымдастырады;

      39) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      40) облыстық әдістемелік кабинеттің (орталықтың) материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      41) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      42) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекітеді;

      43) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      44) конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлеуді ұйымдастырады;

      45) облыстың білім беру ұйымдарында ерекше білім беруіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алу үшін арнайы жағдайлар жасайды;

      46) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді және үйлестіреді;

      47) облыстың коммуналдық қазыналық білім беру кәсіпорындары өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекітеді;

      48) облыстың жергілікті атқарушы органына мемлекеттік қызметшілердің, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдерінің штат санын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;

      49) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің: басшының орынбасарының, бас бухгалтердің және әдістемелік кабинетті бастаушының жекелеген лауазымдарын (азаматтық қызметшілерін) тағайындауға келісім береді;

      50) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі басшысының ұсынуы бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімінің құрылымын келіседі;

      51) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша облыстың білім беруді басқару құрылымын бекітеді;

      52) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімдерінің бірінші басшыларын және мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тартады;

      53) неғұрлым ерекшеленген білім беру қызметкерлерін көтермелейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, жергілікті атқарушы органның ерекшелік белгілерімен марапаттауға, құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсынады;

      54) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелетін және оларға қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының функциялары

      4. Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) тиісті республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) кешкі (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары арқылы ұсынылатын орта білім беруді қоса алғанда, орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

      4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;

      5) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін, сондай-ақ ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекітуге енгізеді;

      6) республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына білім беру ұйымдарындағы орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекітуге енгізеді;

      7) республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының бекітуіне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін енгізеді;

      8) республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының бекітуіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін енгізеді;

      9) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;

      10) республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс енгізеді;

      11) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

      12) мемлекеттік білім беру ұйымдарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

      13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;

      14) облыстың білім беру саласындағы кадр саясатын іске асырады, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін педагогтерді аттестаттауды, тестілеуді өткізеді және ұйымдастырады;

      15) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;

      16) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      17) арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;

      18) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;

      19) мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

      20) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      21) жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстарын және балаларға арналған кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, балалар мен педагогтар арасында олимпиадалар мен конкурстар өткізуді үйлестіреді;

      22) балалар мен жасөспірімдерді зерттеп-қарауды және консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

      23) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;

      24) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

      25) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      27) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;

      28) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;

      29) республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы арқылы білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;

      30) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      31) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

      32) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекітеді;

      33) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

      34) білім беру мониторингін жүзеге асырады;

      35) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

      36) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      37) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;

      38) әдістемелік кабинеттердің (орталықтың) материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      39) конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлеуді ұйымдастырады;

      40) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жалпы бiлiм беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;

      41) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      42) конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдарға "Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым" грантын төлеуді ұйымдастырады

      43) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      44) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша білім беруді басқару құрылымын бекітеді;

      45) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;

      46) республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;

      47) коммуналдық қазыналық білім беру кәсіпорындары өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекітеді;

      48) республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті шағын учаскесінің қажеттілігін негізге ала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын, сондай – ақ орта білім беру ұйымдарының сынып - жиынтықтарының (мектепке дейінгі ұйымдардағы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы топтардың) санын келіседі;

      49) неғұрлым ерекшеленген білім беру қызметкерлерін көтермелейді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, жергілікті атқарушы органдардың ерекшелік белгілерімен марапаттауға, құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсынады;

      50) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

      51) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін және оларға қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4-тарау. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдерінің функциялары)

      5. Аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері мына функцияларды жүзеге асырады:

      1) тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) кешкі (ауысымды) оқу нысанын қоса алғанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;

      4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;

      6) облыстың білім басқармасы арқылы қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;

      7) облыстың білім басқармалары арқылы облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді;

      8) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

      9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;

      10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      11) аудандық, қалалық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;

      12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;

      13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

      14) мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

      15) орындаушылар конкурстары мен балаларға арналған кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық, қалалық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      16) аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

      17) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

      18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларын аттестаттауды ұйымдастырады;

      19) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауға және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының, орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      21) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

      23) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;

      24) аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      25) аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      26) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;

      27) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;

      28) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      29) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      30) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      31) білім беру ұйымдарында, оның ішінде аудандар, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан ұйымдарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;

      32) ауданның және облыстық маңызы бар қаланың білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;

      33) облыстардың білім басқармаларына ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімінің құрылымын келісуге енгізеді және бекітеді;

      34) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың тиісті шағын учаскесінің қажеттілігін негізге ала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының сынып-жиынтықтарының санын келіседі;

      35) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;

      36) осы бұйрықпен жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және облыстың білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;

      37) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады