"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 27 ақпандағы № 70 бұйрығы

      "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 225 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 30 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Міндеттері:

      1) мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыруға қатысу;

      2) Комитеттің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

      Функциялары:

      Жастар саясатын үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және азамат құқығы мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлеу;

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын ұсыну тәртібін әзірлеу;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын ұсыну жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

      мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      жастар ұйымдарымен мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асырылуын мониторингтеуді және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      жастардың волонтерлік қызметінің дамуына ықпал көрсету;

      білім және тәрбие беру ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қажетті консультативтік көмек көрсету;

      Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін заңнамаға сәйкес құру және қамтамасыз ету;

      адамгершілік-рухани дамуға бағытталған үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру және қолдау;

      мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

      жастар мәселелері бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      басқарма құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      Комитеттің құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Отбасы саясатын үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және азамат құқығы мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      отбасы саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      отбасы саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      отбасы саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      отбасы мәселелері бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      отбасы саясаты саласындағы үрдістерді жүйелі талдау;

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      отбасы саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингтеуді жүзеге асыру;

      отбасылармен жұмысты іске асыратын, үкіметтік емес ұйымдармен, дағдарыстық орталықтармен, олар жүргізетін іс-шараларға тұрақты қатысуды қоса алғандағы өзара іс-қимыл жасау;

      отбасылық мәселелер бойынша брифингтер және өзге де жарияланатын іс-шаралар дайындау;

      отбасы саясаты мәселелері бойынша орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге субъектілердің қызметін үйлестіру;

      басқарма құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      Комитеттің құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Мониторинг және талдау басқармасы:

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және азамат құқығы мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті аясында шетелдік әріптестер және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларында халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде халықаралық-құқықтық құжаттар ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында отбасы мәселелері бойынша халықаралық жобаларды іске асырылуына мониторинг жасау;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты салаларындағы қызметті ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      мемлекетік жастар және отбасы саясаты саласындағы үрдісті талдауды және болжауды жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының қызметін үйлестіру, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік және қаржылық тәртіпті бақылауды қамтамасыз ету;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;

      жастар мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-насихаттау іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      Комитет құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мақсатты индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасы:

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және азамат құқығы мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      әкімдіктердің жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің үлгілік ережесін әзірлеу;

      жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлеу;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      басқарма қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      білім және тәрбие беру ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қажетті консультативтік көмек көрсету;

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      отбасы саясаты мен жастардың адамгершілік-рухани даму саласындағы мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларын әзірлеу.

      Жобаларды үйлестіру басқармасы:

      реттеуші:

      Министрдің бұйрықтарымен бекітетін тікелей құзыреті болған жағдайда, басқарма құзыреті аясында адам және азамат құқығы мен бостандығына қатысты нормативтік құқықтық актілерден басқа ведомство құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      іске асырылатын:

      құзыреті аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті аясында заңдар мен басқа нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарма құзыреті аясында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      жастар және отбасы саясаты салаларындағы Комитеттің бюджетіне ұсыныстарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде қарастырылған шығындарды нақтылау;

      жастар және отбасы саясаты салаларында іс-шаралардың уақытылы орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      жастар және отбасы саясаты салаларында үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру аясында жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық ақпаратты, анықтамаларды, шолуларды әзірлеу;

      басқарма құзыреті аясында қызмет көрсету актілерін қарау және келісу;

      мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асырылуын мониторингтеуге және нәтижелерін бағалауға қатысу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының бюджеттік және қаржылық қызметі бойынша жұмысты үйлестіру;

      мемлекеттік жастар және отбасы саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      Комитеттің құзыреті аясында мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларына, көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.";

      Комитеттің қарамағындағы мекемелердің тізбесінде:

      ""Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі." деген жолы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы тіркеуші органға хабарлау;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму
министрдің міндетін атқарушы
М. Әзілханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады