БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 129 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің" ережесінде:
"Талдау және мониторинг басқармасы" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
оператор арқылы гранттар беру бойынша, интернет-ресурста мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясат салаларындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;";
"Жиынтық жұмыс және жоспарлау басқармасы" деген бөлімде:

"Өңірлік жұмыс басқармасы" деген бөлімде:

"Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасы" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
оператор арқылы гранттар беру бойынша, интернет-ресурста мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясат салаларындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;";
"Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы" деген бөлімде:
"мемлекеттік этносаралық саясат саласында үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу" және "жетекшілік ететін саладағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, гранттардың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру" деген жолдар мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
оператор арқылы гранттар беру бойынша, интернет-ресурста мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясат салаларындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;";
"Әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
оператор арқылы гранттар беру бойынша, интернет-ресурста мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясат салаларындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;";
"Отандастармен және диаспоралармен өзара іс-қимыл басқармасы" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;
оператор арқылы гранттар беру бойынша, интернет-ресурста мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясат салаларындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбын орналастыру және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің" ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы тіркеуші органға хабарлауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |