БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 31 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
"Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы" деген бөлімде:
"іске асырылатын" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;";
"Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл басқармасы" деген бөлімде:
"іске асырылатын" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;";
"Азаматтық бастамаларды қолдау басқармасы" деген бөлімде:
"іске асыру" деген кіші бөлімде:
"Азаматттық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру" деген он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;";
"Талдау және жоспарлау басқармасы" деген бөлімде:
"іске асыру" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;";
"Қоғамдық-саясы жұмыс басқармасы" деген бөлімде:
"іске асыру" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;";
"Қайырымдылық және волонтерлік мәселелері басқармасы" деген бөлімде:
"іске асыру" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы он сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптарын және Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды орналастыру;".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тіркеуші органға хабар беруді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Балаева |