"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 19 мамырдағы № 38/ҚЕ бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11022 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған, 2015 жылғы 19 маусымдағы № 114 (28592) "Егемен Қазақстан" және 2015 жылғы 20 маусымдағы № 115 (27991) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған):

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ережеде:

      5-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Жаңаөзен қаласы және Қарақия ауданы бойынша басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Жаңаөзен қаласы және Қарақия ауданы;".

      4) тармақша алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті:

      1) бір ай мерзім ішінде осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы бойынша Әділет департаментін хабарландырсын;

      2) екі ай мерзім ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалғаны жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментін ақпараттандырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады