"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 130-НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереженің 19-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 2 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-қосымшаларда:

      19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін, өзінің құзыретіне жатқызылған қызметкерлері мен жұмыскерлердің еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 18-қосымшада:

      19-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Кинологиялық орталықтың қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді;".

      2. Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет миинистрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржылық мониторинг агенттігі
      Төрағасы Ж. Элиманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады