Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 258 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 46 бірлескен бұйрығы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну қағидалары және мерзімі;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі _________ Е. Жамаубаев

Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi Ұлттық статистика
бюросының басшысы
______________ Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 258 және
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы
басшысының
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 46 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну қағидалары және мерзімі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.

2-тарау. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі мен мерзімі

      2. Уәкілетті орган Мәліметтерді жылына екі рет, есепті кезеңнің 1 қаңтардағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесінен мәліметтерді осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша автоматтандырылған тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің "Интеграцияланған деректер қоры" ақпараттық жүйесіне ұсыну жылының 1 ақпанынан кешіктірмей және 1 шілдеге 1 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде ұсынады.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 258 және
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы
басшысының
2021 жылғы 31 наурыздағы
№ 46 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректер

Жеке тұлға бойынша мәлімет

Жердің болуы және үй шаруашылықтары туралы мәлімет

Үй шаруашылықтарында ауылшаруашылық жануарлары мен құстарының болуы туралы мәлімет

жеке сәйкестендіру нөмірі

тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)

әкімшілік-аумақтық объектінің коды

жер

әкімшілік-аумақтық объектінің коды

үй құсы

фермада өсірілген өзге де жануарлар

торда өсірілетін терісі бағалы аңдар

түрі

ауданы

түрі

бас

түрі

бас

түрі

бас

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















Үй шаруашылықтарында егіс алқаптарының болуы туралы мәлімет

әкімшілік-аумақтық объектінің коды

дәнді дақылдар

майлы дақылдар

ақталмаған күріш (ауданы)

көкөністер мен бақша дақылдары, тамыржемістілер

түрі

ауданы

түрі

ауданы

түрі

ауданы

14

15

16

17

18

19

20

21











темекі (ауданы)

тұқымынан тазартылған немесе тазартылмаған мақта (ауданы)

азықтық дақылдар

гүлдер (ауданы)

көпжылдық дақылдар

түрі

ауданы

түрі

ауданы

22

23

24

25

26

27

28








  "Мемлекеттік статистика
саласындағы уәкілетті орган
ұсынатын, шаруашылық
бойынша есепке алу кітабында
есепке алынған әкімшілік
деректер" нысанына қосымша

"Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректер" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

      "Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректер" нысаны мынадай деректерді қамтиды:

      1-бағанда – реті бойынша нөмірі;

      2-бағанда –жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3-бағанда –жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      4-бағанда – әкімшілік-аумақтық объектінің коды;

      5-бағанда – жер учаскесінің түрі;

      6-бағанда – 5-бағанда көрсетілген жер учаскесінің ауданы;

      7-бағанда – әкімшілік-аумақтық объектінің коды;

      8-бағанда – үй құсының түрі;

      9-бағанда – 8- бағанда көрсетілген үй құсының саны;

      10-бағанда – фермада өсірілген өзге де жануарлар түрі;

      11-бағанда –10-бағанда көрсетілген үй шаруашылығының өзге де жануарлар саны;

      12-бағанда –торда өсірілетін терісі бағалы аңдар түрі;

      13-бағанда –12-бағанда көрсетілген торда өсірілетін терісі бағалы аңдар саны;

      14-бағанда – әкімшілік-аумақтық объектінің коды;

      15-бағанда – дәнді дақылдардың түрі;

      16-бағанда – 15-бағанда көрсетілген дәнді дақылдардың егіс алқабы;

      17-бағанда – майлы дақылдардың түрі;

      18-бағанда – 17-бағанда көрсетілген майлы дақылдардың егіс алқабы;

      19-бағанда – ақталмаған күріштің ауданы;

      20-бағанда – көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер түрі;

      21-бағанда – 20-бағанда көрсетілген көкөністер және бақша дақылдары, тамыр жемістілер алқабының ауданы;

      22-бағанда – темекінің ауданы;

      23-бағанда – тұқымынан тазартылған немесе тазартылмаған мақтаның ауданы;

      24-бағанда – азықтық дақылдардың түрі;

      25-бағанда – 24-бағанда көрсетілген азықтық дақылдар алқабының ауданы;

      26-бағанда – гүлдердің ауданы;

      27-бағанда – көпжылдық дақылдардың түрі;

      28-бағанда – 27-бағанда көрсетілген көпжылдық дақылдар алқабының ауданы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады