"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 тамыздағы "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы "мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 120-1574 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына баспа және электрондық түрде жіберу және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі | А. Көлгінов |
Нұр-Сұлтан қаласының әкімнің орынбасары |
Н. Нұркенов |
"Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы |
Ж. Шәукентаев |
"Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы |
Н. Кенжебаев |