Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 422 қаулысы. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 221 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 24.08.2023 № 221 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабының 2-тармағының 19)-тармақшасына, 8-бабының 4-1-тармағына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысының мектепке дейінгі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыру құнының 70% мөлшерінде азық-түлік шығындарын ішінара өтеумен жеңілдетілген тамақтандыруды облыстық бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылсын.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады