Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 221 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 19)-тармақшасына, "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына, "Мемлекеттік атаулы көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе облысының мектепке дейінгі ұйымдарында атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға тамақтану құнының 100% мөлшерінде тамақтандыру ұйымдастырылсын.

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекелеген санаттағы тәриеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 422 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 162498 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Е. Тоғжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады