2022 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 235 қаулысы. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 27.08.2022 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2022 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 27.08.2022 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны оның ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданы әкімі А. Жүсібалиев

  Қарғалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 235 қаулысына қосымша

2022 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота


р/н

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Степное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

236

3

7

2

"ДиЛэнд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

85

2

2

3

"Велиховка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

35

2

1

4

"Степное Алтын Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

40

2

1

5

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қарғалы аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

242

3

7

6

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

959

4

38

7

"Қарғалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

12

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады