Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Үміт" шаруа қожалығына Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық, Жақсымай ауылдық округі жерлерінен электр желісі құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 25,52 га жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2024 жылдың 27 шілдеге дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Темір аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір ауданының әкімі | С. Аманбаев |
Темір ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 120 қаулысына қосымша |
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
Учаске № | Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары | Қауымдық сервитут белгілеу көлемі (гектар) | оның ішінде | |
Жайылым, га | Басқа да жерлер, га | |||
1 | Шұбарқұдық ауылдық округі (елді мекен жері) | 9,03 | 9,03 | |
2 | Жақсымай ауылдық округі (елді мекен жері) | 8,73 | 8,73 | |
3 | "Үміт" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 1,23 | 1,23 | |
4 | "Нұр" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 0,02 | 0,02 | |
5 | "Жадра" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері | 6,51 | 6,51 | |
Барлығы: | 25,52 | 25,52 |