Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 3291 гектарды құрайтын жер учаскелерді жер пайдаланушылардан алып қоймай "ERG Exploration" Акционерлік қоғамымен қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін 2025 жылдың 24 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары С. Жаконовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 18 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі: | А. Бекет |