Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 228 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 16649 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамымен (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері 20 % (жиырма пайыз)) және "Қазақстан Фортескью" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері 80 % (сексен пайыз)) пайдалы қазбаларды барлау үшін 2026 жылдың 21 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 11.07.2022 № 236 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады