Жамбыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 10-57 шешімі

      "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жамбыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары А. Туматаевке жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы С. М. Жұрын

  Жамбыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 06 қыркүйектегі "Жамбыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және
  оларды пайдалану жөніндегі" № 10-57 шешіміне қосымша

      Жамбыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі- жоспар) "Жайылымдар туралы 2017 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 тіркелген), "Жайылымдардың жалпы алаңы түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республиксы Ауыл шаруашылығы министрінің № 3-3/332 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдарды тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспар мазмұны:

      1. құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдалынушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) осы жоспардың 1 қосымшасына сәйкес;

      2. жайылым айналымдарының қолайлы схемалары осы жоспардың 2 қосымшасына сәйкес;

      3. жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым обьектілері белгіленген картасы осы жоспардың 3 қосымшасына сәйкес;

      4. жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы осы жоспардың 4 қосымшасына сәйкес;

      5. жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы осы жоспардың 5 қосымшасына сәйкес;

      6. аудандық маңызы бар қала,кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы осы жоспардың 6 қосымшасына сәйкес;

      7. ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі осы жоспардың 7 қосымшасына сәйкес;

      8. тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс;

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық обьектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшіліктері, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Жамбыл ауданда 24 ауылдық округтер, 61 ауылдық елді мекендер орналасқан.

      Жамбыл ауданының жалпы көлемі 1932072 га, оның ішінде жайылымдық жерлер - 1336394 га, суармалы жерлер-26040 га

      Санаттар бойынша жерлер бөлінісі;

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер-1477484 га

      өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер- 76229 га;

      елді мекен жерлері-46056 га;

      су қорының жерлері-1077га;

      қордағы жерлер-244535 га;

      орман қорының жерлері -88725 га

      Ауданның климаттық зонасы күртконтиненталды, қысы салыстырмалы салқын, жазы ыстық және құрғақ ауданың жылдық орташа температурасы қаңтар айында -10;-15 С, шілде айында -+-20; +25 С. Жауының орташа түсімі 30мм, ал жылдық 310 мм.

      Ауданның өсімдік жамылғысы әртүрлі, шамамен қоса алғанда 223 түрлері. Олардың ішінде ең көп тараған түрі бидайлы және эфемероидты ірі шөптесін-жартылай бұталы шөптері.

      Топырағы қызылқоңыр, оңтүстікте сортаң топырақты жерлер кездеседі. Топырақтың құнарлы қабаттың қалындығы 40-50 см.

      Ауданда 23 мал дәрігерлік пункті, МІҚ-18, ҰММ-18 қашырым пункті және 12 типтік мал көмінділері және 37 қарапайым мал көмінділері бар.

      Қазіргі уақытта Жамбыл ауданында мүйізді ірі қара 105863 бас, ұсақ мал 718889 бас, жылқы 39413 бас, түйе 1491 бас, және 580980 құс саналады.

      Ауданның кейбір ауылдық округтерінде жеке шаруашылықтардағы мал басының өсуіне байланысты жайылымдық алқаптардың жетіспеушілігі байқалады, сонымен қатар, шаруа қожалықтарына да жайылымдық алқаптар қажет.

      Қазіргі уақытта, ауыл аумағындағы жайылымды пайдалану тәртібінің сақталмауынан және малды шамадан тыс көп шығаруы, күтілмеуі себепті, мал азықтық өсімдіктер қоры жылдан-жылға азая беруде. Мұның салдарынан, ондай жайылымдарды мал жемейтін шөптер есекмия, итсигек, адыраспан, шоғайна сияқты т. б. Ірі сабақты өсімдіктер басып барады. Сондықтан, қазіргі кезеңде малы көп ауылдық қауымға малдарын бағу үшін суаратын суы бар шалғай жайылымдарда бағуды және оны 2 учаскеге бөліп ұйымдастыру қажет деп жоспарлап отырмыз. Олардың кезектестіріп пайдалану, яғни ауыстырып пайдалану (1 учаске - бірінші жылдың алғашқы жаю кезеңінде, 2 учаске – жаю кезеңінің ортасынан аяғына дейін, т. б. пайдаланылады) өсімдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым ғана жайылым айналымы жекеменшік иелерінің өрістерін жаңарту қажет екендігіне көздерін жеткізіп, жерді одан әрі маусымдық пайдалануға жол ашады деген ойдамыз.

      Жалпы, ғылыми тұрғыда негізделген тәжірибеде жайылымдардың өнімділігін ұзақ жылдары сақтау үшін жайылым пайдаланушылар үш негізгі талапты ескерту:

      1.Жайылым учаскеде малдың мөлшерлі санын сақтау;

      2.Жайылымды пайдаланып болғанан кейін жалпы өнімнің 30-40 пайызы сақталу тиіс;

      Жайылымда мал жайылып болғаннан кейін, өсімдіктің биіктігі 4-5 см болуы қажет. Себебі, аласа өсімдіктің мал түгелге жуық жапырағын жеп қояды да, қысқа қарай олардың қоректік заттар қоры аз қалады. Кейде қыста үсіп кетеді,ал аман қалғандары көктемде қайта көктегенімен оттық сапасы нашар болады.

      3.Мал жаю мерзімін қатаң сақтау. Мал жаюды көктемде, шамамен, көп жылдық, шөптер бой көтеріп, олардың көбі түктену ( астықтұқымдастар), енді біреулері бұтақтану (жартылай бұталар) кезеңіне жеткен соң 10-12 күннен кейін бастау керек.

      Осы ережелерді сақтамау жайылым өнімінің келер жылы күрт төмендеуіне әкеп соғады. Дегенмен де, түрлі себептермен жайылым оты мөлшерінің жыл бойы талай өзгеріске түсетін белгілі.

      Бүгінде, жалпы жайылым мен шабындықтардағы өсімдіктердің геоботаникалық құрамы түбірімен өзгереді. Мұндай жағдай жерді мелиорациялауды басқа да агротехникалық шараларды жүргізуді қажет етеді. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіру керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін ауыспалы жайылым, тәсілін ғылыми негізде жүргізген жөн.

      Сондықтан, алдағы уақытта аудандағы жайылымдық ресурстарды ұтымды падалану, әсіресе ауыл маңында жақын орналасқан жайылымдық жерлерге малдың тығыздығын азайту және жайылымдық жерлердің бүлінуінің, тозуының, нашарлап кетуінің алдын алу мақсатында, бөлу мен тұрақты басқару жұмыстарын жаңа қабылдаған "Жайылымдар туралы" заңының талаптарына сәйкестендіріп, әр ауылдық округтердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай, тиісті жайылымдарды басқару және олардың ұқыпты пайдалану жөніндегі нақты жоспарын дайындап, іске асыруды қажет етеді.

  Жамбыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі шешіміне 1- қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайлымдардың орналасу схемасы (картасы)




  Жамбыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі шешіміне 2- қосымша

Жайылым айналымдарының қолайлы схемасы




  Жамбыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі шешіміне 3- қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы жəне ішкі шекараларымен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы




  Жамбыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі шешіміне 4- қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сəйкес жасалған су көздеріне (көлдерге,өзендерге, тоғандарға, апандарға,суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қолжеткізу схемасы




  Жамбыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі шешіміне 5- қосымша

Жайылымы жоқ жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу жəне оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы




  Жамбыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі шешіміне 6- қосымша

Ауыл,ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы айылымдарға орналастыру схемасы




  Жамбыл ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі шешіміне 7- қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

 
Жылдар

Жайылымға малдарды айдан шығару және жайлымнан
қайтару мерзімі

Көктем

Жаз

Күз

Қыс

2021

Наурыздың ІІ-ші он күндігінен
Мамырдың ІІ-ші он күндігіне дейін

Мамырдың ІІ-ші он күндігінен
Қазанның ІІ-ші он күндігіне дейін

Қазанның ІІ-ші он күндігінен
Қарашаның ІІІ-ші он күндігіне дейін

Қарашаның ІІІ-ші он күндігінен
Наурыздың ІІ-ші он күндігіне дейін

2022

Наурыздың ІІ-ші он күндігінен
Мамырдың ІІ-ші он күндігіне дейін

Мамырдың ІІ-ші он күндігінен
Қазанның ІІ-ші он күндігіне дейін

Қазанның ІІ-ші он күндігінен
Қарашаның ІІІ-ші он күндігіне дейін

Қарашаның ІІІ-ші он күндігінен
Наурыздың ІІ-ші он күндігіне дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады