"Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 1464 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнің орынбасары Е.Білісбековке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2021 жылғы "23" қарашадағы
№ 1464 қаулысымен бекітілген

"Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша және тапсырыс берушілердің уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімдері бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданы, Nursultan Nazarbaev даңғылы, 10, индекс 160023.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      бірыңғай ұйымдастырушы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша және тапсырыс берушілердің уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімдері бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;

      мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалардың ұтымды және тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Шымкент қаласының аумағында дамудың негізгі бағыттары, мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстарды қала әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізу;

      Басқарманың алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша сұратады және алу;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

      қала әкіміне, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады;

      2) міндеттері:

      тапсырыс беруші Басқарманы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы деп таныған жағдайда орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының нормаларын ұстану;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

      15. функциялары:

      орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды:

      1) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша, тапсырыс берушімен бірлесіп конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы;

      2) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орнына қарамастан, бір лотқа біріктіру арқылы;

      3) тапсырыс берушілердің уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімдері бойынша, тапсырыс берушімен бірлесіп конкурстық комиссиялар (аукциондық комиссиялар) құру арқылы жүзеге асырады. Осы тармақша мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы осындай мемлекеттік сатып алуды өткізуге келіскен жағдайда қолданылады;

      4) тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырманы қарастырады;

      5) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;

      6) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      7) конкурстық немесе аукциондық комиссияның құрамын айқындайды және бекітеді;

      8) заңнамада белгіленген тәртіппен сараптау комиссиясын құрады немесе сарапшыны айқындайды;

      9) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастырады;

      10) конкурстық құжаттаманың және аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіреді;

      11) тапсырыс берушіге мәліметтері мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған, тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан ұсыныстар мен ескертулерді жібереді;

      12) конкурс және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

      13) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;

      14) бір көзден алу тәсілімен әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді;

      15) заңнамада көзделген жағдайларда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;

      16) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      16-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және әкімдікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алу жоспарларының және олардың орындалуының мониторингін жүзеге асырады;

      17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шымкент қаласы әкімдігінің 04.01.2024 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының, Басқарманың бөлім басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін белгілейді;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

      Басқарманың қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, Басқарманың барлық қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

      шарттар жасасады;

      сенімхаттар береді;

      банктік шоттар ашады;

      белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;

      Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарма қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады