"Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 32 және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 21-НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2021 жылғы 1 маусымдағы № 306 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 387-НҚ бірлескен бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 32 және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 21-НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      бұйрықтың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпаратты ұсыну қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитетінің төрағасы
_______________ Ә. Алтынбаев
      Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрі
__________________ Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер
комитеті төрағасының
2020 жылғы 22 қаңтардағы
№ 32 және
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрінің
2020 жылғы 12 ақпандағы
№ 21-НҚ
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпарат беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпарат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 19-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сыртқы сауда қызметін дамыту және реттеу, ішкі сауданы дамыту және реттеу, электрондық және биржалық сауданы дамыту және ілгерілету, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту және ілгерілету саласындағы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) функциялары мен міндеттерін іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органының Министрлікке құпия ақпарат беру тәртібін айқындайды.

2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі

      3. Мемлекеттік кірістер органы Министрлікке Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік субъектілері жүргізген экспорттық-импорттық операциялар туралы ақпаратты, салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді, сондай-ақ бастамашылық жасалған және:

      Еуразиялық экономикалық комиссияның үшінші елдерден шығарылатын тауарларға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы тергеулерін (оның ішінде қайталама) жүргізуі;

      үшінші елдің (одақтың) уәкілетті органы Қазақстан Республикасынан шығатын тауарға және (немесе) қазақстандық кәсіпорынға қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы тергеулерін (оның ішінде қайталама);

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органы (немесе Еуразиялық экономикалық комиссия) Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты өтемдік тергеп-тексеруді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган жүргізетін өтемдік тергеп-тексеру жүргізілетін жағдайда ақпаратты ұсынады.

      4. Ақпарат Excel және Xml форматында "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар ілеспе хатты ресімдей отырып, электрондық тәсілмен ұсынылады.

      5. Министрлік мемлекеттік кірістер органына осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Құпия ақпарат тізбесін ұсыну туралы сұрау салу жолдайды.

      Мемлекеттік кірістер органы Министрлік көрсеткен кезең үшін ақпаратты сұрау салуды алған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      Министрліктің уәжделген сұрау салуы бойынша ақпарат сұрау салуда белгіленген мерзімдерде, бірақ мемлекеттік кірістер органы сұрау салуды алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 10 (он) жұмыс күнінен кем емес мерзімде ұсынылады.

      6. Министрлік мемлекеттік кірістер органына осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу жолдайды.

      Мемлекеттік кірістер органы Министрлік көрсеткен кезең үшін ақпаратты сұрау салуды алған кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.

      Министрліктің уәжделген сұрау салуы бойынша ақпарат сұрау салуда белгіленген мерзімдерде, бірақ мемлекеттік кірістер органы сұрау салуды алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 10 (он) жұмыс күнінен кем емес мерзімде ұсынылады.

      7. Министрлік осы бірлескен бұйрық шеңберінде алынған құпия ақпаратты өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ғана пайдаланады.

      8. Министрлік осы бірлескен бұйрыққа сәйкес алынған құпия ақпаратты заңсыз таратудан қорғау жөніндегі барлық шараларды қабылдайды және алынған ақпаратқа қолжетімділігі бар адамдар шеңберін шектеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны қорғауды қамтамасыз етеді.

      Осы мақсатта Министрлікте осы бірлескен бұйрық шеңберінде алынған құпия ақпаратқа рұқсаты бар адамдардың тізбесі бекітіледі.

      9. Министрліктің осы бірлескен бұйрық шеңберінде алынған құпия ақпаратты жұмыста пайдаланатын лауазымды адамдары мұндай ақпаратты өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратуға құқылы емес.

      10. Мақсаттарға қол жеткізгеннен және практикалық қажеттілік жойылғаннан кейін алынған құпия ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлікте жойылуға жатады.

      11. Салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер электрондық сауда саласында алынатын кірістерге корпоративтік табыс салығын төлеуден босату жөніндегі норманың тиімділігіне талдау жүргізу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу мақсатында ғана пайдаланылады және осындай мәліметтерге қол жеткізе алатын тұлғалардың өз міндеттерін орындау кезеңінде де, оларды орындау аяқталғаннан кейін де жария етуіне жатпайды.

  Мемлекеттік кірістер органының
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрлігіне құпия
ақпарат беру қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне ұсынатын құпия ақпараттың тізбесі

Құпия ақпараттың атауы

Құпия ақпарат қамтылған ТД бағанының атауы

ТД тіркеу нөмірі

А бағаны

Кедендік рәсімдер түрлерінің сыныптауышына сәйкес мәлімделген рәсімнің өткізу бағыты (импорт және (немесе) экспорт) және екі таңбалы коды

"Декларация" деген 1-бағанның 1 және 2-кіші бөлімдері

Жөнелтушінің атауы, оның орналасқан жері; экспорттау кезінде – қосымша ТШН (БСН, ЖСН))

2-баған "Жөнелтуші/экспорттаушы"

Алушының атауы, оның орналасқан жері, ТШН (БСН, ЖСН))

8-баған "Алушы"

Шарт жасасқан (немесе оның атынан немесе тапсырмасы бойынша жасалған) тұлға немесе тауарларға билік етуге құқығы бар тұлға немесе декларацияланатын тауарлардың меншік иесі болып табылатын тұлға немесе декларацияланатын тауарларға мүліктік құқықтарды сатып алған (сатып алатын) тұлға туралы мәліметтер: ТШН (БСН, ЖСН))

9-баған "Қаржылық реттеуге жауапты тұлға"

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес сауда жасаушы елдің альфа-2 екі таңбалы әріптік коды

11-баған "Сауда жасайтын ел"

Өлшемшарттардың түрлері бойынша ақпарат

13-баған "Өлшемшарттардың түрі"

Декларанттың атауы және оның орналасқан жері, ТШН (БСН, ЖСН), сондай-ақ ұйымның атынан оның оқшауланған бөлімшесі әрекет еткен жағдайда – осындай оқшауланған бөлімшенің атауы, оның орналасқан жері, ТШН (БСН, ЖСН))

14-баған "Декларант"

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарларды жөнелтуші елдің қысқаша атауы

15-баған "Жөнелту елі"

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес жөнелтуші елдің альфа-2 екі таңбалы әріптік коды

15-баған (a,b) "Жөнелтуші елдің коды"

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарлардың шығарылған елінің қысқаша атауы

16-баған "Шығарылған елі"

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауарлардың межелі елінің қысқаша атауы

17-баған "Межелі ел"

Әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес межелі елдің альфа-2 екі таңбалы әріптік коды

17-бағаны (A,b) "Межелі елдің коды"

Жеткізілім шарттарының жіктеуішіне және географиялық орналасу атауына сәйкес жеткізу шарттарының коды

20-баған "Жеткізілім шарттары"

Валюта жіктеуішіне сәйкес валютаныңәріптік код

22-баған "Шот бойынша валюта және жалпы сома"

ТД кеден органына берілетін, ЕАЭО мүше мемлекетінің валютасына, коды ТД 22-бағанында көрсетілген шетел валютасының бағамы

23-баған "Валюта бағамы"

мәліметтер ТД 21-бағанында көрсетілген, көлік түрлері мен жүктерді тасымалдау жіктеуіштеріне сәйкес көлік құралдары түрінің коды

25-баған "Шекарадағы көлік түрі"

мәліметтер ТД 18-бағанында көрсетілген көлік түрлері мен жүктерді тасымалдау жіктеуіштеріне сәйкес көлік құралдары түрінің коды

26-баған "Ел ішіндегі көлік түрі"

Жүк орындар және тауарларды сипттау туралы ақпарат

31-бағанның "Жүк орындар және тауарларды сипаттау" 1, 2, 2.1, 3, 5- реттік нөмірлері. Таңбалау және мөлшері – контейнерлердің нөмірі – Мөлшері және айрықша белгілері" (артқы жағындағы мәліметтерді қоса), ТД негізгі және қосымша парақтарының қосымша парақтары мен артқы жағы

Тауардың реттік саны

32-баған "Тауар"

Тауардың коды туралы ақпарат

33-баған "Тауардың коды"

Әлем елдерінің жіктеуіштеріне сәйкес шығарылған елдің екі таңбалы альфа-2 әріптік коды

34-бағанының "Шығарылған елінің коды" "а" кіші бөлімі

Тауардың "брутто" салмағы

35-баған "Брутто салмағы (кг)"

1-элемент – кедендік алымдар бойынша, 2-элемент – кедендік баждар бойынша кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер жіктеуішіне сәйкес тиісті коды

36-баған "Преференция"

тауарларды өткізу ерекшеліктеріне сәйкес тауарларды өткізу ерекшеліктерінің құрамды коды және үш таңбалы коды

37-бағанның "Рәсімдер" 1 және 2 кіші бөлімдері

Тауарлардың таза салмағы. Оралған түрінде тасымалданатын тауарлар үшін, тек бастапқы орамы ескерілген тауардың салмағы

38-баған "Таза салмағы (кг)"

Қосымша өлшем бірлігіндегі тауарлардың мөлшері, өлшем бірліктерінің жіктеуішіне сәйкес қосымша өлшем бірлігінің шартты таңбасы мен коды

41-баған "Қосымша бірліктер"

Тауардың бағасы

42-баған "Тауар бағасы"

Кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын құжаттар түрлерінің жіктеуішіне сәйкес 04021, 04022, 04023, 04031, 04032, 04041, 04042 кодтар бойынша көрсетілген құжаттар туралы ақпарат

44-баған "Қосымша мәлімет/ұсынылған құжаттар"

ЕАЭО мүше мемлекетінің валютасымен декларацияланған тауардың кедендік құны

45-баған "Кедендік құн"

АҚШ долларындағы тауардың статистикалық құны

46-баған "Статистикалық құны"

Өндіріп алу кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдерді, өзге де төлемдерді есептеу туралы ақпарат (төлемнің әр түрі бойынша ТД толтыру жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған бағандар бөлігінде)

47-баған "Төлемдерді есептеу"

2 нөмірімен берілген ақпарат – тауарларды шығару күні

С-бағаны

Кедендік құн

 
47-баған Кодтар бойынша төлемдер және тауарлар бойынша әдістер

Тауарларға төленген баж

Баждан босатылған тауарлар

Баж

ҚҚС

      Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      ТД - тауарларға арналған декларация

      ТШН (БСН, ЖСН) - төлеушінің шот нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      АҚШ – Америка Құрамы Штаттары

      ҚҚС – қосылған құн салығы

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ

  Мемлекеттік кірістер органының
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрлігіне құпия ақпарат
беру қағидаларына
2-қосымша

Салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтер

Деректердің атауы

1

Деректері бар электрондық шот-фактуралар, оның ішінде:
жеткізушінің деректемелері;
алушының деректемелері;
жүк жөнелтушінің және жүк алушының деректемелері;
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер, оның ішінде:
атауы;
тауар шығарылған жердің белгісі;
тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН);
өлшем бірлігі;
мөлшері;
бағасы;
құны;
акциз;
ҚҚС;
кедендік декларацияға сілтеме (импорт кезінде).

2

Бақылау-касса машинасы чегінің құрамы:
салық төлеушінің атауы;
салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні мен уақыты;
бірлік үшін тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы;
тауардың, жұмыстың, қызметтің атауы;
сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің саны, олардың өлшем бірлігі;
тауарды, жұмысты, қызметті сатудың жалпы сомасы;
егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылған жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдардың қосылған құн салығы салынатын айналымдары бойынша мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасы;
бақылау-касса машинасын пайдалану орнының мекенжайы;
чек бойынша төлем түрі (қолма-қол ақша және (немесе) банк төлем картасы).

3

Электрондық сауда субъектілері бойынша мәліметтер:
әрбір тіркелген электрондық сауда субъектісінің жылдық жиынтық табысы, млн. теңге.

4

Салық төлемдерінің жекелеген түрлері бойынша ақпарат (салық есептілігі нысандарының жолдарына сәйкес)
1) 300-нысан – ҚҚС бойынша Декларация – барлық ашық жолдар толығымен xml форматында.
2) 328-нысан – Тауарларды әкелу туралы өтініш – барлық ашық жолдар толығымен.
3) 100-нысан – КТС бойынша Декларация:
салық төлеушінің БСН;
салық кезеңі;
резиденттік белгісі;
сатудан түсетін табыс;
жылдық жиынтық табыс;
түзетулерді ескере отырып жылдық жиынтық табыс;
көшірілген шығындар ескерілген салық салынатын табыс;
КТС мөлшерлемесі;
салық салынатын табыстан КТС;
барлығы КТС.
4) 910-нысан – Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация:
салық төлеушінің ЖСН (БСН);
салық кезеңі;
YИЖ болуы;
резиденттік белгісі;
алынған табыс, оның ішінде қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақша жолымен;
есептелген салық сомасы;
бюджетке төленуге жататын есептелген ЖТС (КТС);
бюджетке төленуге жататын ЖТС (КТС) сомасы.
5) Тауарларға ілеспе жүкқұжат.

5

Дара кәсіпкерлер туралы мәліметтер:
ДК атауы;
ЖСН (БСН);
тегі;
аты;
әкесінің аты (болған кезде);
әрекетсіз деп танылған күні;
ДК-ны әрекетсіз СТ тізбесінен алып тастаған күн.

      Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      КТС – корпоративтік табыс салығы;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН– жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҮИЖ – үш құрамдасты интеграцияланған жүйе;

      ЖТС – жеке табыс салығы;

      ДК – дара кәсіпкер;

      СТ – салық төлеуші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады