БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12013 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) Министрліктің аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын лауазымға тағайындау туралы ұсынымдар енгізеді;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;";
5) тармақша алып тасталсын;
8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"8) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы мен сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;";
10) тармақша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |