"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 329 бұйрығы.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12013 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережеде:

      тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде мәтін өзгермейді;

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;";

      мынадай мазмұндағы 13-8) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-8) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      15), 31), 32), 33), 34), 35), 36) және 37) тармақшалар алып тасталсын;

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;";

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге кәсіптік стандарттарды әзірлеуді, бекітуді, ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 50), 51), 52), 53), 54), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61), 62) және 63) тармақшалармен толықтырылсын:

      "42) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

      43) республикалық заңды тұлғалардың мүлікті сақтауын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының дамыту жоспарларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      44) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дамыту жоспарларын орындауларын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды береді;

      46) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекітеді;

      47) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында олардың қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асырады;

      48) жеке және заңды тұлғаларға жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы келіседі;

      49) Қазақстан Республикасында алғашқы рет өндірілетін (дайындалатын) және оның аумағына алғашқы рет әкелінетін (импортталатын) жемшөптік қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;

      50) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген Жемшөптік қоспалардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

      51) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Заңының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар береді;

      52) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілерінің есепке алу нөмірлерін береді және олардың тізілімін жүргізеді;

      53) мыналарға:

      Қазақстан Республикасының ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын;

      тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша олардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      54) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын қауіпті тамақ өнімдерін өткізуді анықтау және оған жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілерін ветеринариялық-санитариялық бақылауды, қадағалауды және мониторингілеуді жүзеге асырады;

      55) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      56) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін береді және олардың тізілімін жүргізеді;

      57) Комитеттің, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімдерін дайындауды, оны Министрлікке ұсынуды, сондай-ақ бюджеттік процестің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

      58) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі жоспарын бекітеді;

      59) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асырады;

      60) тиісті зертханалық практика саласындағы нормативтік-әдістемелік базаны әзірлейді (әзірлеуге қатысады);

      61) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      62) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;

      63) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";

      20-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекітеді;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) Комитеттің заң, кадр және бухгалтерлік қызметтеріне жетекшілік етеді;".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеев
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады